Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «3» сентября


-тарау. Оқу процесінің қатысушылары



бет39/47
Дата11.10.2024
өлшемі239,37 Kb.
#147712
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47

8-тарау. Оқу процесінің қатысушылары


66. Білім беру процесінің негізгі қатысушылары: ЖЖОКБҰ-ның басшысы (ректоры), ЖЖОКБҰ басшысының орынбасары (проректор), оқытушы, білім алушылар, білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері).


67. Білім беру процесінің әрбір қатысушысы өз рөлі мен функцияларын орындайды. Көлеммен анықталатын оның өкілдіктері мен құзыреттері:
1) ЖЖОКБҰ-ның басшысы (ректоры): қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып оқу процесін ұйымдастыру бойынша тиісті ішкі нормативтік актілерді қабылдайды; келесі қызметкерлер тобын анықтау бойынша жұмыс берушінің тиісті нормативтік актілерін қабылдайды: жалақыны сақтап қашықтықтан режимде қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша еңбек функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлер; ЖЖОКБҰ-ның тіршілік әрекетін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер (әкімшілік, техникалық персонал); жұмыс сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдайды; оқытушылармен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) қажеттілігі бойынша кері байланысты жүзеге асырады; жеке қорғаныш құралдарын пайдалану бойынша талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді; білім алушылардың, оқытушылар мен басқа қызметкерлердің санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды; көзделмеген есептік құжаттаманы сұратуға жол бермейді;
2) ЖЖОКБҰ басшысының орынбасары (проректор): қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады; оқу материалдарын, оның ішінде электронды оқу-әдістемелік кешендерін, электронды білім беру ресурстарын құрастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурстарында (сайтында) орналасатын академиялық күнтізбелерді және сабақ кестелерін жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; оқытушылармен бірлесіп оқыту әдістері мен технологияларын, білім алушыларға тапсырмаларды алу және олардың орындалған жұмыстарын ұсыну мерзімдерін, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттарын анықтайды; білім алушылардың білім беру қызметінің ұйымдастырылуын анықтайды: білім беру процесінің барлық қатысушыларын (оқытушылар мен білім алушыларды) оқу жұмыстарын ұйымдастыру және оқу нәтижелері туралы ақпараттандырады; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып білім беру процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік қолдауды жүзеге асырады; бекітілген кестеге сәйкес оқытушының қызметін және олармен кері байланысты ұйымдастырады; оқытушылармен кері байланыс арқылы білім беру процесін өткізу барысын бақылайды; педагогтердің оқу жүктемесін орындау бойынша жұмысын үйлестіреді;
3) ЖЖОКБҰ-ның оқытушысы: бағалаудың айқын саясатымен оқу пәнінің силлабусын әзірлейді. Силлабус педагог пен білім алушылар арасындағы келісім болып табылады, осыған орай ЖЖОКБҰ-да силлабусты бекіту және оған өзгерістер енгізу процесі регламенттейді; электронды оқу материалдарын, электронды курстарды әзірлейді; білім алушылардың назарына оқу сабақтарының форматы туралы ақпаратты жеткізеді; электронды ресурстарда білім алушылардың алуан түрлі жұмыстарын, қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолданып білім алушылар арасында интерактивті өзара әрекетті қамтамасыз етеді; сабақтар кестесіне сәйкес оффлайн және онлайн-сабақтар, білім алушылардың өзіндік жұмыстарына бақылау өткізеді; білім алушылар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке кеңес берулер өткізеді; белгілі бағалау саясатына сәйкес бекітілген силлабус мерзімінде білім алушылардың бағасын қояды; тапсырмалардың орындалуын бақылайды;
4) білім алушылар: бекітілген сабақ кестелері бойынша оқытушылармен байланыста табылады; ЖЖОКБҰ-ның академиялық саясатымен, ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау, кәсіби тәжірибені ұйымдастыру бойынша ішкі ережелермен, оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттарымен, қолжетімді байланыс құралдары арқылы оқу пәндерінің силлабустарымен танысады; сабақ кестесіне сәйкес электронды немесе онлайн платформалардағы және өз бетімен оқу мақсатымен оқу материалын алу үшін басқа да байланыс жүйелеріндегі оқу сабақтарына қатысады; тапсырмаларды өз бетімен орындайды, орындалған тапсырмаларды қолжетімді байланыс құралдары (платформа, электронды пошта, мессенджерлер) арқылы оқытушыға бағыттайды; тапсырмаларды орындау кезінде академиялық адалдық қағидаларын сақтайды; тұрғылықты орнында ғаламтордың болмауы немесе жеткіліксіз жылдамдығы кезінде қажетті ғаламтор байланысымен және СЭР қамтамасыз етілетін ЖЖОКБҰ-ның жатақханасына тұруға келе (мүмкіндік болғанда) алады;
5) білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері): білім алушыларға оқу үшін жағдай жасайды; мүмкіндігінше білім алушылардың оқу пәндерінің тапсырмаларын немесе өз бетімен тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; ғаламтор болмаған немесе жеткіліксіз жылдамдық кезінде студентті қажетті интернет байланысымен және СЭР қамтамасыз етілетін ЖЖОКБҰ-ның жатақханасына немесе өзге жерге тұруға бағыттайды.
Ұсынымдар:
68. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың бақылау нәтижелері қашықтықтан білім беру технологиялары ҚР ЖЖОКБҰ-ға енгізілуі және қолданылуы мүмкін екендігін көрсетті.
69. ЖЖОКБҰ-да қашықтықтан білім беру технологияларын тиімді енгізу мақсатында мыналар ұсынылады:
1) жаңа оқыту әдістемесін енгізу мәселесін қарастыру: Blended Learning, төңкерілген сынып, онлайн-курс, аралас курс (белсенді емес), аралас (интерактивті), төңкерілген сынып, интерактивті онлайн курс;
2) теориялық оқу кезеңінде практиканың барлық түрлерін біріктіруге мүмкіндік беретін білім беру бағдарламаларын құрудың модульдік жүйесін кеңінен қолдану;
3) дәріс сабақтарын онлайн режимде немесе бейнежазбаларды дайындау арқылы, ал семинарлық және зертханалық сабақтарды - 15 адамға дейін шағын академиялық топтарда өткізу;
4) аралық және қорытынды аттестаттау рәсімін (ҚО үшін), сондай-ақ барлық жазбаша жұмыстардың бірегейлігін антиплагиат жүйесі арқылы тексеруді прокторинг жүйесімен қамтамасыз ету;
5) ЖЖОКБҰ-ның корпустарында, жатақханалары мен аумақтарында СЭР-ді қамтамасыз ету.
70. ЖЖОКБҰ келесі оқу жылында үш сценарий бойынша оқу процесін ұйымдастыруға дайын болуы тиіс.
71. ЖЖОКБҰ-ға келесі қадамдарды жүзеге асыру ұсынылады:

      • Қашықтықтан оқыту форматын қарастыратын академиялық саясатты қайта қарау.

      • ПОҚ және білім алушылар үшін қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу.

      • Инновациялық білім беру технологияларын қолдану бойынша жеке платформалар мен тренингтерде ПОҚ оқуын ұйымдастыру.

      • Курстардың 5 түрін әзірлеу: онлайн-курс, аралас курс (белсенді емес), аралас (интерактивті), төңкерілген сынып, интерактивті онлайн курс.

      • Қашықтықтан оқыту технологияларын қолданып қолданбалы сипаттағы оқу пәндерін өткізудің тәсілдемелерін жасау.

      • Сапаны ішкі қамтамасыз ету саясатына сәйкес оқу сапасының тұрақты мониторингін қамтамасыз ету.

      • Аралық және қорытынды аттестаттау (ҚО үшін) рәсімін прокторинг жүйесімен қамтамасыз ету.

      • Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, отырыстарды ұйымдастыру және өткізу регламентін енгізу (бейне-конференц байланыс құралдарын қолданып әлеуметтік қашықтандыруды сақтау).

      • Барлық оқу сабақтары қашықтықтан оқыту форматында өтеді (40-тармаққа сәйкес кампуста ішінара оқу мүмкіндігі қарастырылған даярлық бағыттары кірмейді).

  • СЭР-ді сақтай отырып кампуста белгілі даярлық бағыттары бойынша зертханалық және практикалық сабақтар ұйымдастыру.

  • Зерттеу кеңістігі шегінде төмен жұмыспен қамту және екі метрлік физикалық қашықтық талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін кестені әзірлеу және кестеге сәйкес бақылау.

  • 1 ш.м. 1 адам (1 партада 1 адамнан) – әлеуметтік қашықтандыруды ескере отырып аудиторияның толымдылығын қамтамасыз ету және 1 білім алушыға кемінде 5 ш.м. қамтамасыз етумен зертхана сабақтарын өткізу.

  • Университет аудииторияларында және корпустарында, оның ішінде спорт кешенінде және Әскери кафедрада білім алушылардың жиналуын топтарға бөліп азайту. 15 адамнан асатын топтарға жол бермеу немесе аудитория толымдылығы жобалау қуатының 40%-нан аспайтындай академиялық топтарды ұйымдастыру.

  • Студенттердің тұратын жерінде интернет жылдамдығы болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда білім алушылардың ЖОО жатақханаларында тұруына мүмкіндік беру.

Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2020 жылғы
« » № бұйрығына
4-қосымша


Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2020 жылғы
«13» тамыздағы №345 бұйрығына
5-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет