Қосымша білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмаумен байланысты шектеу шаралары кезеңінде
оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы әдістемелік ұсынымдар 2020-2021 оқу жылында карантин шараларын сақтау жағдайында әр түрлі форматтағы оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы сапалы білім беру қызметін көрсету үшін балаларға қосымша білім беру ұйымдарының (бұдан әрі-БҚББ ұйымдары) басшылары мен педагогтеріне көмек ретінде әзірленді.
2. Оқыту форматтары әр аумақтың бас санитарлық дәрігерінің шешімін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әрбір нақты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды негізге ала отырып, әртүрлі болады.
Қосымша білім беру ұйымдары келесі форматтарда жұмыс істейді:
1) қашықтық форматындағы сабақтар;
2) штаттық режимде жеке сабақтар (балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде);
3) штаттық форматта 15 адамнан аспайтын топтардағы сабақтар.
3. Дәстүрлі оқыту (штаттық форматта 15 адамнан аспайтын топтардағы сабақтар) – әрбір нақты өңірде санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайда санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, штаттық режимде оқыту процесін ұйымдастыру.
БҚББ ұйымдарының штаттық режимдегі жұмысы әр өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады.
4. Қашықтан оқыту - педагог пен білім алушы арасындағы тікелей байланыссыз қашықтан оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген оқыту процесін ұйымдастыру.
2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудың тәртібі
5. Қашықтан оқыту түрінде жүзеге асырылатын оқу процесі білім алушының өзі орындайтын сабақтардың едәуір үлесін көздейді; әдістемелік және дидактикалық басшылық және БҚББ ұйымы тарапынан осы процесті, сондай-ақ білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі бақылау және есепке алуды қамтамасыз ету.
6. Аралас оқыту форматы қашықтан оқытуды (теория) онлайн, офлайн режимінде, сондай-ақ штаттық форматта жеке сабақтар және штаттық форматта 15 адамнан аспайтын топтарда оқытуды көздейді. Штаттық тәртіпке көшу үшін:
1) БҚББ ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар жасалуы тиіс, яғни термометрия, бетперде, ауыз су режимі, санитайзерлер, дезинфекциялау құралдары, желдету, кварцтау, 1,5 метр ара қашықтықты сақтау, ылғалды жинау қамтамасыз етілуі қажет;
2) педагогтердің штаттық режимде жұмыс істеуге жазбаша келісімі болуы керек. Егер педагог штаттық режимде жұмыс істеуден бас тартатын болса, БҚББ ұйымы да ата-аналарға топ ашудан бас тартады. Білім алушылар қашықтан режимінде оқиды;
3) қол жетімді байланыс құралдары арқылы Қосымша білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмаумен байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдардың 1-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес электронды нысанда ата-аналардың өтініштері.
Штаттық режимдегі сабақтың ұзақтығы - 40 мин. («Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары).
Балаларға БҚББ ұйымдары ата-аналармен бірге оқыту форматын келісетін болады және мектептегі сабақ кестесін, демалыс пен оқу режимінің ауысуын ескере отырып, икемді сабақ кестесін жасайды.
7. Оқытудың аралас форматында музыка, өнер, көркемөнер пәндері, тілдік курстар, робот техникасы, бағдарламалау, экология, туризм, шахмат және т.б. пәндер бойынша теориялық сабақтар қашықтан өткізіледі, ал практикалық сабақтар – штаттық форматта жеке сабақ және 15 адамнан аспайтын топтарда өткізіледі. Мысалы, фортепиано, домбыра, баян, скрипка сияқты т.б. музыка аспаптары және вокал бойынша практикалық сабақтар штаттық режимде жеке сабақтарда ұйымдастырылады.
Хор, оркестр, хореография, сольфеджио, бейнелеу, театр, цирк өнері сияқты т.б. сабақтың ұжымдық түрлері штаттық режимде 15 адамнан аспайтын топтарда ата-аналардың өтініші негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып сабақ өткізуге мүмкіндік беріледі.
Сонымен қатар, авиа, кеме, автомодельдеу, құрастыру, картинг, мотокросс бойынша жас техниктер станциялары, сондай-ақ жас экологтар мен туристер станциялары 15 адамнан аспайтын топтарда қосымша білім беру ұйымының аумағында таза ауада практикалық сабақтар өткізе алады.
8. Штаттық және қашықтық форматта оқуға арналған сабақтар тізбесі педагогикалық кеңестің шешімімен анықталады және балаларға қосымша білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
9. Қашықтан оқыту нысаны қажет болған жағдайда, қажетті құжаттарды ұсына отырып, жеке оқыту кестесіне көшкен жағдайда, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда қолайсыз ауа-райы, төтенше жағдайлар және карантин кезінде білім алудың дәстүрлі (штаттық формат) және басқа да форматтарымен кешенді түрде іске асырылады.
10. Балаларға қосымша білім беру (БҚББ) ұйымы қашықтан оқытудан штаттық оқу режиміне ауысқан кезде білім алушының ата-анасының қалауы бойынша қашықтан оқытуда қалдыруға болады. Ол үшін ата-аналарға Қосымша білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмаумен байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдардың 1-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес өтініш беру қажет.
1) БҚББ ұйымының басшысы:
- оқу форматын таңдау бойынша жұмыс берушінің тиісті нормативтік актісін қабылдайды;
- еңбекақы төлеуді сақтай отырып, штаттық және қашықтық форматтарда білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің еңбек функцияларын қайта бөледі;
- штаттық және қашықтық форматында ҚББ ұйымының тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбек функцияларын айқындайды (әкімшілік, техникалық персонал);
- БҚББ ұйымының персоналын қайта бөлінген функциялармен таныстырады.
2) БҚББ ұйымы басшысының орынбасарлары:
- оқу форматын ескере отырып, сабақ кестесін жасайды;
- бекітілген кестеге сәйкес педагогтардың қызметін және олармен кері байланысты ұйымдастырады.
3) Педагогтер:
- білім алушылар мен олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) назарына қашықтан өткізілетін сабақтар түріндегі формат және оқу процесін ұйымдастыру ережелері туралы ақпаратты жеткізеді;
- оқу процесін бекітілген форматты ескере отырып іске асырады.
Білім алушылардың контингенті, кестесі, жұмыс кестесі, балаларға қосымша білім беру ұйымының педагогикалық құрамы педагогикалық кеңестің отырысында бекітіледі.
4) Білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар
Негізгі талаптар ҚББ ұйымының жарғысында, ұжымдық шартта және ішкі тәртіптемеде белгіленеді:
- білім беру бағдарламаларына сәйкес білім беру процесін қамтамасыз ету;
- санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес алдын алу шараларын сақтау және қамтамасыз ету;
- кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- компьютерлік жабдықтар, құралдар, материалдар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |