Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А



Pdf көрінісі
бет111/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   240
Практикалық жұмыс 2.
Бұрғылау жұмыстарын орындау кезінде майлау-салқындату 
сұйықтығын қолдану.
Жұмыстың мақсаты: нақты бір станок пен операция үшін МСС
дұрыс таңдауды үйрену. 
Жұмысты орындау тəртібі 
1. Бұрғылау станогының бір моделін таңдаңыз. 
2. Өңделетін дайындаманы бұрғылау станогының үстеліне машиналық 
қысқыш көмегімен орнатыңыз.
3. Бұрғылау операциясын орындау кезінде қолданылатын МСС 
таңдаңыз. 
4. МСС қолданбай бір тесікті бұрғылаңыз.
5. Осы технологиялық операцияны МСС қолданып орындаңыз. 
6. Екі әдіспен алынған тесіктің өңделген ішкі бетінің сапасын 
салыстырыңыз.
7. МСС қолдана отырып тесік бұрғылаудың артықшылықтары туралы 
қорытынды жасаңыз. 
Практикалық жұмыс 3.
Пьезоэлектрлік датчикті бұйымның сыртқы бетіне бекіту.
Жұмыстың мақсаты: пьезоэлектрлік датчикті дұрыс орната білу. 
Жұмысты орындау тəртібі 
1. Металл кескіш станоктың бір моделін таңдаңыз. 
2. Өңделетін дайындаманы сәйкес сайманның көмегімен машина 
үстеліне орнатыңыз. 
3. Бұйымның сыртқы бетіне пьезоэлектриктік датчик бекітіңіз. 
4. Бір технологиялық операцияны орындау кезіндегі кесу күшін 
пьезоэлектрлік датчиктің көмегімен анықтаңыз.
5. Осы кесу күшін теориялық тұрғыда есептеңіз.
6. Алынған кесу күшінің теориялық және нақты мәндерін 
салыстырыңыз.
7. Пайдаланылған металл кесетін станоктың жай-күйі туралы 
қорытынды беріңіз. 
Практикалық жұмыс 4. 
«Штифт» типті пьезоэлектрлік датчикті өңделетін бөлшектен тыс 
бекіту.
Жұмыстың мақсаты: пьезоэлектрлік датчикті дұрыс орната білу. 
Жұмысты орындау тəртібі 
1. Металл кескіш станоктың бір моделін таңдаңыз. 
2. Өңделетін дайындаманы сәйкес сайманның көмегімен машина 
үстеліне орнатыңыз. 
3. «Штифт» типті пьезоэлектрлік датчикті өңделетін бөлшектен тыс 
бекітіңіз.


152
4. Бір технологиялық операцияны орындау кезіндегі кесу күші мен 
деформацияны орнатылған пьезоэлектрлік датчиктің көмегімен анықтаңыз.
5. Осы кесу күшін теориялық тұрғыда есептеңіз. 
6. Алынған кесу күшінің теориялық және нақты мәндерін 
салыстырыңыз.
7. Пайдаланылған металл кесетін станоктың жай-күйі туралы 
қорытынды беріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет