Кіші диаметрлі тесіктерді алу әдістері. Қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі
болат материалынан алынған жазық бөлшектерде және қалыңдығы 5 мм-ге
дейінгі түсті металлдардан жасалған бөлшектердегі диаметрі 3,5 мм-ге дейін
болатын тесіктерді алу үшін келесі тәсілдер қолданылады:
- кондуктор бойынша бұрғылау;
- керндеу, сосын бұрғылау;
- штамптарда тесу.
Бұрғылауға арналған саймандар. Трещотка келесідей жұмыс істейді: тұтқаны штрихпен көрсетілген
бағытта бұраған кезде, «собачка» доңғалақ тістерімен сырғиды; тұтқаны
қалың сызықпен көрсетілгенбағытта айналдырған кезде, собачка храповиктің
ойығына кіреді, оны және онымен байланысқан шпиндельді айналдырады.
Бұрғыны кесуге беру үшін тұтқаның әрбір жүрісінен кейін гайканы
қысыңқырайды. Трещетка үлкен диаметрлі тесіктерді бұрғылау үшін
қолданылады.
Коловоротпен жұмыс істеу кезінде беру күші тірек жастығын қолмен
басу арқылы жүзеге асырылады.
Қол бұрғылаушы (дрель) диаметрі 8 мм-ге дейінгі тесіктерді бұрғылау
үшін қолданылады. Бұрғылау кезінде сол қолм қозғалмайтын тұтқаны, ал
кеудемен кеудемен басқышты басады және оң қолмен арнайы тұтқаның
көмегімен үлкен конустық шестерняны айналдырып, бұрғыны айналдырады.
Тіректі центрі бар пневматикалық бұрғылаушы диаметрі 75 мм-ге
дейінгі тесіктерді бұрғылау және ұңғылау үшін қолданылады.
Электрлік бұрғылаушылар диаметрі 50 мм дейінгі тесіктерді бұрғылау
үшін қолданылады. Олардың көмегімен винттерді, гайкаларды және т. б.
ажарлау,
үңғылағау
операциялары
орындалады.
Пневматикалық
бұрғылаушымен салыстырғанда электрлік бұрғылаушылардың бірқатар
артықшылықтары бар: олар үнемді, кері айналымға оңай ауысады.
76
Жекеленген және кіші сериялы өндіріс цехтарында тік-бұрғылау
станоктары кеңінен қолданылады.