Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Ж. К. Ахметова, Н. А. Бисембаева психология пәні бойынша тест сұРАҚтар жинағы павлодар 2009


Әуестену - адамның еркімен, жан қалауымен бір затқа қызығып, онымен айналысуы, содан қанағат сезіміне бөленуі. Бағдар



бет6/73
Дата22.12.2023
өлшемі234,1 Kb.
#142846
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³ Ïàâëîäàð ìåì

Әуестену - адамның еркімен, жан қалауымен бір затқа қызығып, онымен айналысуы, содан қанағат сезіміне бөленуі.
Бағдар - субъектінің дайын, пейілді болуы; белігі бір объектінің пайда

8

болатынын күн ілгері білген кезінде пайда болады және осы объектіге қатысты іс-әрекеттің орнықты мақсаткерлік сипатта өтуін қамтамасыз етеді.
Бағдарлау - алдағы әрекеттің бағытын, мөлшерін сезім және ой жүгірту арқылы анықтау.
Бағдарлау рефлексі - ми жұмыс мүшелеріне хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады. Осындай екі жақтан хабарлаудың арқасында ғана ми айналасындағы құбылыстар туралы дұрыс мәлімет алып, нақтылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін бағыттай алады. И. П. Павлов бұл рефлексті: "Бұл не?" деп атады.
Бағыттылық - қажеттілік пен дәйектілік жиынтығы арқылы тұлғаның қызметін бағыттайтын ұғым. Ол адамның дүниетанымын білдіретін мүдделерінен, бейімділік, сенім, мұрат секілді ой нысандарымен сипатгалады.
Байқағыштық - заттың, құбылыстың егжей-тегжейін аңғаратын адам қабілеті. Ол адамның өмір сүрген ортасына, тәлім-тәрбиесіне, мамандығына, кәсібіне де байланысты.
Байсалдылық - адамға тән жағымды қасиет; синонимдері - төзімділік, шыдамдылық, табандылық.
Бақылау әдісі - белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру.
Бала психологиясы - баланың психикалық дамуының заңдылықтарын зерттейтін психологияның саласы.
Басқару психологиясы - басқару ісіндегі психологиялық заңдылықтарды зерттейтін психологияның бір саласы. Басқару психологиясының негізгі міндеті

  • басқару жүйесіндегі жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында басқару қызметінің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктеріне талдау жасайды.

Бейне - танымды объективтік болмыстың туындысы деп материалистік тұрғыдан түсінуге негіз болатын ұғым. Психологияда дүниедегі заттардың, соның ішінде жануарлар мен адамның түрлі тітіркендіргіштерге жауап қайтарып әсерленуі (із, таңба қалдыруы, өзгеруі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет