Кирхгоф заңын тексеру. Жұмыстың мақсаты – Кирхгоф заңының көмегімен есептеу және тексеру.
Жұмысқа дайындық. Кирхгофтың заңдарын еске аламыз. 1-Заңы: Электр тізбегіндегі түйіндеріндегі токтардың алгебралық қосындысы 0-ге тең немесе түйінге бағытталған токтарды қосындысы түйіннен шыққан тоқтардың қосындысына тең.
2-Заңы: Түйық контурдағы э.қ.к – алгебралық қосындысы, осы контурдағы кернеу түсуінің алгебралық қосындысына тең.
Кирхгофтың екі заңын да бір тізбекте тексеруге болады. (1-сур)
Сурет
Аспаптар мен жабдықтар
1- кесте
Атауы
Типі
Саны
Техникалық
сипаттамасы
Амперметр Вольтметр
Реостат
3
1
3
Өз білімдерін тексеру үшін қорытынды сұрақтар.
Зертханалық жұмыстың мақсаты қандай?
Кирхгофтың 1- ші заңы қалай түсіндіріледі?
Қандай токтар оң, ал қандай токтар теріс деп есептеледі?
Кирхгофтың 2- ші заңы қалай түсіндіріледі?
Оң және теріс кернеу түсуі мен Э.Қ.К деп нені айтады?
1-ші сурет сұлбасындағы А және В нүктелеріне Кирхгофтың 1- ші заңы бойынша теңдеу құр.
1-ші сурет сұлбасында неше контур бар.
1-ші сурет сұлбасындағы барлық контурларға Кирхгофтың 2- ші заңы бойынша теңдеу құр.
Егер контурды теріс бағытта айналып өтсе, Кирхгофтың 2- ші заңы бойынша
құрылған теңдеу қалай өзгереді? Көздің ішкі кедергісіндегі кернеу түсуінің алдындағы таңбаны қалай таңдайды?
Жұмыстың орындалуы.
1-ші сурет сұлбасына қарап отырып, белгілі мақсатқа жету үшін тәжірибе жоспарын құру және дұрыстығын мұғалімге тексерту.
Тізбек құрастырып мұғалімге көрсету.
Құралған жоспар бойынша өлшемдерді есептеу. Шыққан мәндерді 2 кестеге енгізу
Есептелген мәндер бойынша (кернеу және ток күші) резистордардың кедергісін есептеу.
Нәтижелердің тәжірибелі тексерілуі.
Кирхгофтың 1-заңы бойынша ток балансын тексеру.
Кирхгофтың 2-заңы бойынша кернеу балансын және э.қ.к тексеру (1сур).
Жасалған жұмыс бойынша қорытынды жасау: а) 1-заңды нақты дәлелдеу; ә) 2-заңы бойынша нақты дәлелдеу; б) теория мен нақты есептеудің сәйкес келмеуінің себептерін тексеру.