Білім және ғылым министрлігі


  DT 1207 ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет66/190
Дата08.09.2022
өлшемі1,52 Mb.
#38651
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   190
 


76 
DT 1207 ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ
Көлемі - 2 кредит
Құрастырушылар: 
Мырзабекова Р.С. - тарих ғылымдарының кандидаты, археология, 
этнология және музеология кафедрасының доценті
Мийманбаева Ф.Н. - тарих ғылымдарының кандидаты, археология, 
этнология және музеология кафедрасының доценті
Пікір жазғандар: 
Ахметова Ж. – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ мемлекеттік 
қыздақ педагогикалық университетінің доценті 
Кокебаева Г.К. – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінің профессоры 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
«Дүние жүзі тарихы» курсы «Ежелгі дүние», «Орта ғасырлар тарихы», 
«Жаңа және қазіргі заман тарихы» бөліктерінен тұрады. Дүние жүзі тарихы 
алғашқы мемлекеттер пайда болған кезеңнен қазіргі уақытқа дейінгі адамзат 
тарихының өзекті мәселелерін қарастырады. Салыстырмалы тарихи сараптама 
негізінде әлем тарихының кезеңдері, оның маңызды сатылары, ежелгі және 
жаңа өркениеттердің ерекшеліктері, адамзат тарихындағы олардың орны мен 
маңызы көрсетіледі. Адамзат дамуындағы ғаламдық үдерістерді түсіну, 
қоршаған ортаның күрделі және көп жақты көріністерінде дұрыс бағдар 
жасауға мүмкіндік береді. 
Дүние жүзі тарихы пәні тарихи дәуірлердің жетекші елдерінің ішкі 
мәселесін, әлеуметтік қатынастарын, идеологиясы мен халықаралық 
қатынастарын қарастырады. Бұл мәселені білу студенттерге тарихи 
үдерістердің негізгі сатыларындағы оның даму тұрақтылығы мен
тиімділігінен мәлімет береді.
Курстың алдында оқылатын пәндер: дүние жүзі тарихының мектеп 
деңгейіндегі базалық курсын меңгеруі керек.
Пәнді игеру үшін қажетті біліктілігі мен дағдысы. Дүние жүзі тарихы 
логикалық тұрғыда және мазмұндық деңгейде өзге пәндермен байланысы бар. 
Атап айтар болсақ, ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, жаңа және 
қазіргі заман тарихы, Қазақстан тарихы, өнер тарихы, әлем діндерінің тарихы, 
өркениеттер тарихы, халықаралық қатынастар тарихы, философия. Бұл пәндер 
дүние жүзі тарихын оқып түсіну үшін фактологиялық және методологиялық 
база дайындайды.
Дүние жүзі тарихы пәнінің негізінде саяси және билік инситуттары
қоғамның 
әлеуметтік 
құрылымы, 
халықаралық 
қатынастар 
мен 
дипломатияның белгілері, халықтардың мәдени мұрасы сияқты маңызды 
тарихи мәселелер жатыр.


77 
Дүние жүзі тарихы курсын игеру нәтижесінде студент білуге тиіс:
- Әртүрлі өркениеттердің даму сатылары, әлем тарихының негізгі 
оқиғалары; тарихи тұлғалар; 
- Тарихи үдерістің қозғаушы күштері мен заңдылықтары, қоғамның 
саяси ұйымындағы адамның орны; 
- Дүние жүзі тарихының кезеңдерін бағалаудағы дәстүрлі және қазіргі 
ұстанымдар; 
- Қоғам мен мемлекеттің тарихи даму барысында қалыптасқан 
мәдениет пен құндылықтың маңызды жетістіктері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет