Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет69/190
Дата08.09.2022
өлшемі1,52 Mb.
#38651
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   190
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Ежелгі дүние тарихы 
Ежелгі Шығыс тарихы. Шығыстағы мемлекеттік бірлестіктердің пайда 
болуы. Шумер, Вавилон, Египет, Үндістан, Қытай тарихының өркениеттік 
дамуға қосқан үлесі.
Ежелгі Греция тарихы. Тарихтағы Ежелгі Греция орны. Жерорта теңізі 
аймағында ерте таптық қоғамдар мен мемлекеттердің пайда болуы. Грек 
өркениетінің қалыптасуындағы архаикалық кезең. Азамат соғысы қоғамдық 
қарама-қайшылықтың нәтижесі ретінде. Ерте грек тираниясы демократияға 
жол ретінде. Греция өміріндегі полистің орны. Афина. Спарта, Рулық 
ақсүйектер мен жаңа ақсүйектер арасындағы күрес. Солн реформасының 
сипаты. Классикалық кезең: афина құлиеленушілік демократиясының 
қалыптасуы және гүлденуі. Перикл. Қоғам мен мемлекеттің дағдарысы. 
Александр Македонскийдің жаулап алушылық соғыстары, әлемдік ірі 
империяның қалыптасуы және оның тағдыры. Шығыс Жерорта теңізі 
аймағының елдері. Алдыңғы Азия, Қара теңіз жағалаулары елдері эллиндік 
монархия кезінде. Римдіктердің гректерді жеңуі. 
Ежелгі Рим тарихы. Ежелгі Рим тарихының ерте кезеңіндегі 
құлиеленушілік қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуының 
ерекшеліктері мен заңдылықтары. Республиканың қалыптасуы, оның гүлденуі. 
Спартак көтерілісі. Пуний соғыстары. Рим мемлекетінің территориялық 
ұлғаюы кезеңіндегі билік түрлері. Сулланың әскери диктатурасы. Цезарь 
реформасы, оның нәтижелері. Гай Октавиан Август. Ерте Рим империясы – 
принципат кезеңі. Империядағы дағдарыс. Азамат соғыстары. Шектеусіз 
монархия – доминаттың пайда болуы. Шығыс және Батыс Рим империясының 
пайда болуы. Батыс Рим империясының жойылуы. 
Орта ғасырлар тарихы 
Ерте орта ғасырлар кезеңіндегі Еуропа. Батыс Рим империясының 
құлауы. Еуропадағы варварлық патшалықтар. Каролингтік өркендеу. Ұлы 
Карл империясы. Еуропаның христиандануы және католик шіркеуінің күшеюі. 
Византияның құлдырай бастауы. Осман империясының қалыптасуы. Батыс 
Еуропа қалаларындағы коммуналдық қозғалыс. Бюргерлердің экономикалық 
және саяси жағдайының күшеюі. Англияның, Францияның, Германияның ХІ-
ХІІІ ғғ. феодалдық экономикасының ерекшелігі. ХІV ғ. Еуропадағы дағдарыс. 


80 
Англия мен Франция арасындағы жүз жылдық соғыс. Франциядағы Жакерия. 
Англиядағы Уот Тайлер көтерілісі.
Кейінгі орта ғасырлар. Ұлттық мемлекеттердің пайда болуы мен 
күшеюі. Қасиетті Рим империясы. Испан империясының қуатының кетуі. 
Реформация: Англия мен Франциядағы діни соғыстар. Германиядағы Ұлы 
Шаруалар соғысы. Еуропадағы ірі мемлекеттердің экономикалық және саяси 
жетекшілік үшін күресі. Капитализм генезисі. Нидерланды – капитализм 
жеңіске жеткен алғашқы мемлекет. Англиядағы капиталдың алғашқы қорлану 
процесінің ерекшеліктері, әлемдік шаруашылық пен саудадағы жетекшілігі. 
Ұлы державалар арасындағы әлемді бөлісу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет