Білім және ғылым


Поливинил спирт талшықтары



бет141/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

Поливинил спирт талшықтары. Поливинил спирті суда ерігіш полимер, сондықтан пішін беру кезінде гигроскопиялығын төмендету үшін макромолекулаларды көлденең химиялық байланыстармен ті- геді. Талшық түзгіш поливинил спиртінің полимерлену дәрежесі 1200- 1600 және полидисперсті, сондықтан полимолекулярлығы алынатын жіптер мен талшықтардың физика-механикалық қасиеттеріне әсер етеді.
Ерімейтін поливинил спиртінен дайындалатын талшықтар «винол» деп аталады. Олар көптеген қажетті қасиеттерге ие: берік, иіліске, химиялық реагенттерге, деформацияға, қоршаған ортаға тұрақты. Винол эластикалы және жоғары температураға төзімді, 2200С-та ыдырай бастайды.
Поливинил спирт талшықтарының басқа синтетикалық талшық- тардан ерекшелігі макромолекулаларында гидроксил тобы болған- дықтан гидрофильдігі өте жоғары. Гигроскопиялық қасиеттері жағынан олар мақта талшықтарына жақын. Бұл талшықтар жақсы боялады. Мақта, жүн талшықтарымен араластырып мата, тоқыма, кілем өндірісінде қолданылады.
Суда еритін поливинил спирт талшықтары медицинада хирургия- лық жіп есебінде және текстиль өндірісіне қосымша талшықтар ретінде қолданылады.
Макромолекуладағы гидроксил тобына әр түрлі химиялық түрлендіру жүргізіп, қасиеттері сан-алуан (ионалмастырғыш, бактерицидті, отқа берік және т.б.) талшықтар алуға болады.
Полиолефин талшықтары. Полиолефин талшықтары ретінде

CH2 CH



полипропилен

CH3


n орта және жоғары қысымдағы

полиэтилен CH2 CH2 қолданылады. Талшықтүзгіш поли-
пропилен стереоретті (изотактикалық) құрылымда және полимерлену дәрежесі 1900-5900 аралығында. Полиэтилен сызықты, жалғанған топтары жоқ. Осындай құрылымдардағы полипропилен және полиэтиленнің тығыздығы, беріктігі, балқу температурасы жоғары, ерігіштігі нашар. Полиолефин талшықтары қышқылдарға, сілтілерге төзімді.

Талшықтардың гигроскопиялығы нөлге жақын, сондықтан қиын боялады және электрленуші қасиет көрсетеді.
Полипропилен талшығы техникалық мақсаттар және кейбір гидрофильді талшықтармен бірге спорт және аяқ киімдерін, әшекей бұйымдарын жасау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет