Білім және ғылым



бет138/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

Сілтіленген целлюлозаны үлкен ыдыста күкіртті көміртектің артық мөлшерінде 3 сағаттай ұстап, реакция біткенде күкіртті көмірсутекті айдау арқылы бөледі. Түзілген целлюлоза ксантогенатын сұйытылған күйдіргіш натрий ерітіндісінде ерітеді. Осылай алынған ерітінді өнеркәсіпте вискоза ерітіндісі деп аталады. Целлюлоза ксантогенаты тұрақсыз, гидролизденгенде қайтадан таза целлюлоза алынады.
Целлюлоза ксантогенаты минералды қышқылдар қатысында жылдам және тереңірек ыдырайды. Ол үшін негізінен аммоний сульфаты немесе натрий сульфаты қосылған сұйытылған күкірт қышқылы қолданылады. Вискоза ерітіндісін қысым арқылы диаметрі кішкене түтіктер арқылы қышқыл ерітіндісі бар үлкен ыдысқа өткізсе, талшық немесе қабыршық түзіледі. Мұнда ерігіш целлюлоза ксантогенаты ерімейтін гидратцеллюлозаға айналады:



C6H7O2(OH)2 O-C
S

SNa


H2SO4

n




C6H7O2(OH)3 n + nNaHSO4 + nCS2

Талшықты созу арқылы жіп алынады, бұл үдерісте целлюлоза макромолекуласы талшық осі бойынша бағдарланады. Химиялық құрамы жағынан гидратцеллюлозаның табиғи целлюлозадан айырмашылығы жоқ, бірақ гидратцеллюлозаның макромолекула- сында глюкоза қалдықтары бір жазықтықта жатады, ал табиғи қосылыстарда ол бір-бірімен 90° бұрышпен орналасқан.


Вискоза үдерісі көп сатылы, энергия мен қосымша модульдердің мөлшерін артық қажет етеді. Сонымен қатар, экология мәселелері де толық шешілмеген. Алайда, соңғы кезде, жаңа технология енгізудің арқасында өндірісті зиянсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, талшық алу технологиясы жетілдірілді.
Соңғы жылдары целлюлозаны N- метилморфолин-N - оксидте тікелей еріту арқылы гитратцеллюлозалық талшық − лиоцелл алынды. Бұл әдіс вискоза үдерісімен салыстырғанда химиялық заттарды 10 есе азайтуға мүмкіндік береді. Алынған талшықтардың қасиеттері вискоза талшықтарына жақын және кейбір ерекшеліктері де бар. Лиоцелл талшықтарының пайдалану мерзімін ұзарту технологиясы шешілсе, осы әдістің болашағы зор.
Целлюлозадан ацетат талшықтарын да алады. Ол үшін целлюло- заны сірке ангидридімен әрекеттестіреді. Реакцияда катализатор рөлін күкірт немесе хлор қышқылдары атқарады:
[H+]
C6H7O2(OH)3 n + 3n (CH3CO)2O C6H7(OCOCH3)3 n + 3n CH3COOH
Целлюлозаның үш гидроксил тобы түгелімен реакцияға түскен- дегі өнім «целлюлоза триацетаты» немесе «біріншілік целлюлоза ацетаты» деп аталады. Ол негізінен галогеналкилдерде және диметилформамидте ериді. Бұл өнімді жартылай гидролиздеп, екіншілік целлюлоза ацетатын алуға болады:


Ацетатты талшықтар гидрофобты, сондықтан гидратцеллюлоза талшықтарына қарағанда аз ісінеді. Эфир тобы гидролизге бейім болғандықтан, қышқылдар мен сілтілерге тұрақсыз. Талшықтары өте берік емес, электрлену және қыртыстануы жоғары. Ацетилцеллюлоза

талшықтары микроорганизмдерге, жарыққа төзімді және диэлектрлік қасиеттері бар.



    1. Синтетикалық талшықтар

Соңғы жылдары синтетикалық талшықтарды өндіру қарқынды дамуда. Мұндай талшықтардың алуан түрлі қасиеттері техникада, ғылымда, медицинада және тұрмыста кеңінен қолданылуына арқау болды. Синтетикалық талшықтардың басқа талшықтармен салыстырғанда ерекше қасиеттері бар:


өте берік;
− меншікті салмағының аздығы, олардан берік және салмағы жағынан жеңіл бұйымдар дайындауға болады;
− гигроскопиялық мәнінің төмендігі бұйымдарды тез жууға және кептіруге мүмкіндік береді;
− иіліс пен үйкеліске төзімділігі бұйымдарды ұзақ пайдалануға септігін тигізеді;
− микроорганизмдер мен химиялық реагенттерге төзімділігі оларды пайдалану ауқымын кеңейтеді.
Сонымен қатар синтетикалық талшықтарға тән кейбір кемшілік- терді айта кеткен жөн, яғни негізгі кемшілігі олардың электрленуші- лігі. Кейбір өнімдерінің боялуы нашар, температура мен жарыққа тұрақтылығы төмен.
Синтетикалық талшықтарға қысқаша сипаттама берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет