Деформациярелаксациясы. Бұл релаксацияны жорғаланурелаксациядеп те атайды. Егер сызықтық аморфты полимер үлгісіне
5.13-сурет. Тұрақты кернеудегі полимер деформациясының уақытқа тәуелділігі. 1-сызықты полимер, 2-сирек тігілген полимер
тұрақты кернеумен әсер етсе, үлгінің деформациясы біртіндеп уақыт бойынша өседі (5.13- сурет).
Жалпы деформация (ε) серпімді деформациядан (εсер), жоғары эластикалық (εжэ) және қайтымсыз ағу деформациясынан (εқайт) тұрады: ε = εсер+ εжэ+ εқайт. Серпімді деформацияның мәні басқа деформациямен салыстырғанда, аз шама болғандықтан оны ескермейміз. Олай болса, жорғалану қисығын жоғары эластикалық және қайтымсыз деформациялардың қосындысы деп қараймыз.
Осындай тұжырымды қисықтың екінші бөлігі растайды. Егер үлгі- ге түсірілген жүк алынып тасталса, жоғары эластикалық деформация біртіндеп азайып, белгілі бір уақыт өткенде мүлдем жойылады, ал үлгі қайтымсыз деформация салдарынан толық жиырылмайды. Егер кернеу ұзағырақ әсер етсе, температура жоғары және молекулааралық әрекеттесу энергиясы аз болса, қайтымсыз деформацияның мәні үлкен болады. Осы айтылған тұжырымды сирек тігілген полимердің жорғалану қисығы дәлелдейді. Полимер тізбектері көлденең байланыстармен тігілген, соның әсерінен тізбек жылжи алмайды, тек жоғары эластикалық деформация ғана болады.
Созу күші сегменттердің жылжымалығын тудырады да макро- молекулалардың шумақ конформациясы біртіндеп жазылады. Бірақ жылулық қозғалыстар жазылған макромолекуланы шумақ күйге жақындатуға әрекет етеді. Осы қарама-қарсы әсер ететін факторлар- дың салдарынан макромолекуланың жылжуы, яғни қайтымсыз дефор-
мация − ағуболады. Неғұрлымсозу температурасы жоғары, жүйенің тұтқырлығыжәнемолекулааралық әрекеттесуі аз болса, соғұрлым жүйенің аққыштығы жоғары бола- ды, яғни ағу деформациясы үлкен жылдамдықпен жүреді.