5.17- сурет. Полимердің жалпы релаксациялық кернеу қисығы. Суреттің сол жағында полимердің әртүрлі температурадағы релаксациялық кернеу қисықтары (Т6> Т5> Т4> Т3> Т2> Т1)
Бастапқы қисықтың жалпы қисыққа дейінгі логарифм осіндегі кесінді ығысу факторы немесе келтіру параметрі αт деп аталады. Ығысу факторы мына өрнекпен анықталады:
lg aT
lg T
T0
Демек, келтіру параметрінің αт температураға байланыстылығы полимердің релаксациялану уақытының температураға тәуелділігін көрсетеді.
Стандартты температура ретінде шынылану температурасын Тш алып, ал αт, Тш және тәжірибе температурасының айырым функциясы деп қарастырсақ, көп жағдайда бұл функциялар бірдей өрнекпен анықталады:
T 17, 44Т Тш
lg aT lg
Tш
51, 6 Т Тш
(5.18)
Температура-уақыт суперпозиция принципінің практикалық мәні зор. Жоғарыда келтірілген өрнектерді пайдаланып, полимерлерді әртүрлі жағдайда қолдану үшін олардың механикалық сипаттамалары туралы мәлімет алуға болады.
Шыны тәріздес күй
Шыны тәріздес күй - аморфты полимерлердің қатты күйі. Полимердің жоғары эластикалық және тұтқыраққыштық күйінен шыны тәріздес күйге температураны төмендеткенде немесе қысымды жоғарылатқанда көшуін шынылану дейді. Шыныланған кезде жылу сыйымдылық, көлемдік ұлғаюдың температуралық коэффициенті, термиялық сығылу коэффициенті секірмелі түрде өзгереді, ал меншік- ті көлемнің, энтальпияның, энтропияның температураға тәуелділік қисықтарында тек сынық байқалады. Шынылану - фазалық ауысу емес, шынылану − релаксациялық үдеріс. Қазіргі кезде шынылану үдерісін түсіндіретін бірнеше теориялар бар: кинетикалық, термодинамикалық және бос көлем.
Достарыңызбен бөлісу: |