Армирлейтінталшықтытолықтырғыштар. Армирлейтін талшықты толтырғыштарды полимерлік композициялық материал- дарда қолданылуы өзінің физика-химиялық көрсеткіштерінің жоғары болуына негізделген. Армирлейтін талшықтардың таңдалуы олардың технологиялық және эксплуатациялық қасиеттеріне байланысты. Қазіргі кезде армирлейтін толтырғыштар ретінде шыныталшықтар-дыкөбірек қолдануда. Сонымен қатар, көміртекті талшықтардың жіп-
ті кристалдарын, асбест және бор талшықтарын қолдану өрістеуде.
Композициялық талшықты материалдардың негізін үш элемент құрайды: талшық, қаңқа және осы элементтер арасындағы шекара аралығы. Материалдар алу үшін қажетті физика-механикалық көрсеткіштермен бірге элементтердің жеке немесе бірге қосылып жұмыс істеген кездегі әрқайсысының тиімді бірігу қасиеті болуы керек.
Армирлейтін талшық толтырғыштардың арасында өзінің мәні бойынша шыны талшықтар бірінші орын алуда. Шыны талшықтар- дың басқа толтырғыштардан басымдылығы: жоғары механикалық беріктігі, химиялық тұрақтылығы, мата алуға мүмкіндігі және бастапқы шикі заттардың арзандығы. Шыны талшықтарды алу үшін кремний оксиді мен басқа металдардың оксидтерінің қоспасынан ар- найы дайындалған шыны массаны үлкен жылдамдықпен созу қажет. Мұндай композициялық материалдарды шыныпластиктер дейді. Олар құны арзан болғандықтан құрылыста, тұрмыста, кеме және спорттық жабдықтар жасауда қолданылады.
Органикалықталшықтар. Бұл материалдардың көміртек талшықтардан бірқатар ерекшеліктері бар. Шыныпластиктермен салыстырғанда меншікті беріктігі мен қаттылығы төмен болғанымен, алынған пластиктердің тығыздығы төмен, меншікті тұтқырлығы жоғары және химиялық тұрақты сияқты қасиеттері бастапқы олқылықтарының орнын жабады. Өте берік және жоғары модульді жаңа органикалық талшықтар (9.1-сурет) алынып, конструкциялық материалдар алуда қолданыс тапты.
Қатаң тізбекті полимерлер:
N
C C n S
Кевлар Полибензотиазол
Иілгіш тізбекті полимерлер:
H H H
H H H H C C C
C C C C H H H
H H H H
H H H
H H H H C C C
C C C C H H H
OH OH OH OH