Білім және ғылым



бет34/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   146
3.14-сурет. Әртүрлі аяқталу дәрежесіне сәйкес полимерлердің сандық (а) және массалық (б) таралуының полимерлену дәрежесіне тәуелділігі

      1. Поликонденсациялану реакциясына әртүрлі факторлардың әсері



Мономер концентрациясының әсері. Тепе-теңдік константасы мономер концентрациясына тәуелді емес. Егер реакцияны тепе-теңдік күйге жеткізсе, онда полимердің молекулалық массасы да мономердің концентрациясына тәуелді болмайды. Поликонденсациялану жылдамдығы әрекеттесуші заттар концентрациясына пропорционал. Сондықтан мономер концентрациясы артқанда тепе-теңдік күйге жететін уақыт қысқарады, яғни молекулалық массасы максимал полимер алынады.
Температураның әсері. Поликонденсациялану реакциясының жылдамдығы температура өскен сайын артады. Температура полимердің молекулалық массасына өте аз әсер етеді. Алайда, температура артқанда жүйенің тепе-теңдік күйге жетуі жылдамдайды. Сонымен қатар температура өскен сайын қосалқы заттарды жүйеден бөлу жеңілдейді. Бұл тепе-теңдікті ығыстырады, сонда түзілетін полимердің молекулалық массасы артады.
Катализатордың әсері. Егер поликонденсациялану тепе-теңдікке жеткенше аяқталса, онда катализатор реакция өнімінің молекулалық массасына әсер етпейді. Катализатор реакция жылдамдығын арттыра отырып, жүйені тепе-теңдікке жақындатады. Егер К мәні үлкен болса, катализатор реакцияның жылдымдығын арттырады. Осыдан полимердің молекулалық массасы да өседі.
Мономерлер қатынасының әсері. Поликонденсациялану кезінде мономерлер қатынасының рөлі айрықша. Оның себебі бір мономердің бір түрлі функционал топтары түгелдей реакцияға қатысып, артық қалған екінші мономердің функционал топтары реакцияға түспейді. Сондықтан тереңірек поликонденсациялану үшін мономерлер эквивалентті мөлшерде алынады. Бұл қағиданы функционал топтардың эквивалентсіздік ережесі деп атайды. Егер реакцияның аяқталу дәрежесі бірге жақындаса, мына өрнекті аламыз:

P 1 [M1 ] / [M 2 ]
1[M1] / [M 2 ]
(3.47)

мұндағы [M1] және [M2] – функционал топтардың концентрациясы.
Теңдеуден М 1 /М 2  1 болса P   байқаймыз. Егер бір
мономер екіншісінен тек қана 1%-ға артық болса, онда P= 200.

Мономерлердің эквимольдік қатынасы реакция барысында да өзгеруі мүмкін, мысалы, мономердің 1-еуі ұшқыш зат болса немесе функционал топтар химиялық өзгерістерге ұшырауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет