· Өз мамандығына деген қызығушылықтары артады · Шығармашылық шабыты шыңдалады. · Ғылыми қөзқарасы қалыптасады · Ақпараттық — коммуникациялық технологияларды қолданудaғы психологиялық кедергiлердi жойылады; · Оқытудағы модернизациялауға деген ұмтылыc пайда болады; · Еңбек нарығында бәскеге қабілетті маман қалыптасады. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін оқытушы өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген болуы тиіс. Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрету оқу-тәрбие үрдісінде – АКТ-ны пайдалану болып табылады. Оқытушы бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы екендігіне көз жеткіземіз. Колледжіміздің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, колледж оқытушыларының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде колледжімізде жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Колледжді ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сеніміміз мол.