Білім сапасын басқару пәнінің мәні мен мазмұнына тоқталыңыз


XXI ғасырдағы әлемдік және қазақстандық білім беру жүйесі дамуының негізгі басымдылықтарын көрсетіңіз



бет4/5
Дата10.12.2023
өлшемі239 Kb.
#136049
1   2   3   4   5
XXI ғасырдағы әлемдік және қазақстандық білім беру жүйесі дамуының негізгі басымдылықтарын көрсетіңіз.

Үздіксіз білім беру мазмұнын жаңарту қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына байланысты өзгеріске ұшырап отырады, ал мемлекеттік тілді оқытуды ақпараттандыру оқыту мақсаттарына терең деңгейде әсер етеді. Соған сәйкес қазақ тілін жеделдете оқытудың міндеті - адами қарым-қатынасқа дайын, әлеуметтік-лингвистикалық ахуалды дұрыс бағалайтын, мемлекеттік тілді білудің қажеттілігі мен әлеуметтік маңызын терең сезінетін, қазақ тілінде сөйлесім әрекетін жағдаятқа сәйкес үйлесімді қолдана білетін, жоғары азаматтық жауапкершілік пен әлемдік көзқарасының, сана-сезімінің дамуы күнделікті өмір қажеттілігі болып табылатын болашақ ақпараттық қоғам мүшелерінің сапалы жаңа моделін жасақтау болып табылады.
ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген. Қазіргі заман талабына сай, Елбасының халыққа Жолдауы білім беру ісінде де жыл сайын өзгерістер енгізіп отыр. «Жаңа технологиялық құзірет» бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу», -деп атап көрсеткен. Осыны жүзеге асыруда жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы, білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей, біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс.
Бұл-уақыттың талабы. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол - балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды. Жаңа тұлға оқушыны дамыту жолдары: өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Демек, мектеп оқушыларының ғылым, білімнің қоғамдық қажетті деңгейі мен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемнің мәдениет арналарына сусындату қажет.
Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтқанда мектептің жұмыскер жүрегі – ұстаз. Яғни, негізгі білім қазығы –бастауыш сынып мұғалімдерінен үлкен үміт күтері сөзсіз. Осы міндеттерді жүзеге асыруда әр сыныптың ерекшелігі білім деңгейіне сай болуы қажет. Қазіргі заман талабына бейімделген шәкіртті тәрбиелеп, білім беруде өз тәжірибемде басты өзекті тақырыбымызды: «Жеке тұлғаға бағытталған оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру», - деп атадық.
Осы тақырыпты меңгеру барысында мынадай міндеттер шешімін табуға тиіс:
Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау;
Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;
Оқушылардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға икемдеу, соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;
Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, оқушының танымдық белсенділігін арттыру.
Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың көмегімен мынадай зерттеу жұмыстары жүргізілді:

Сауалнама


Тест: психологиялық, пәндік
Кесім алу
Бақылау жұмысы
Бұл күнделікті бағдарламаны меңгеруде қиындықтар туғызатынын байқай бастадық. Сол себепті жаңашыл-ұстаздардың озық іс-тәжірибелермен қатар, СТО стратегияларын сабақта және сабақтан тыс уақыттарда пайдалануға бет бұрдық. Мәселен, кітапханашымен байланыс жасай отырып, оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттырдық, әр сабақта тіл дамыту жұмыстары жасалды, яғни 4 шумақты өлеңдерді жаттауға ұсындық. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда әр сабақ мазмұнына сәйкес суреттер салу, диафильмдер жасау, ребус, сөзжұмбақ құрастыруды дағдыға айналдырып отырдық.

Есте сақтау қабілеттерін арттыруда берілген мәтіндерді, өлең-шумақтарды, аңыз-әңгімелерді оқушы есінде көбірек сақтап қалу мақсатында түрлі кестелер толтырылды.


Бұл ретте басты ұстаным - бастауыш сынып оқушыларына сабақты жоғарғы қызығушылықпен өткізу екендігін баса айту қажет. Әр тақырыпты өткенде, таңдау кезінде алдымен ой қозғалады.


Сабақтың кейбір кезеңдерінде оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда өз ойын жазбаша жазуын, логикалық ойлауын үнемі қарастырылады. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өзін-өзі ұстауын, өз ойын еркін жеткізуі, оқушы бойында инабаттылық тәрбиесінің қалыптасуына үнемі көңіл бөлініп отырады.


Осындай атқарылған істер барысында тәжірибелік істердің ілгері басқанын байқадық және мына нәтижелерге қол жеткіздік:


білім деңгейі мен білім сапасының артуына;


логикалық ойлау деңгейі мен тілдік қарым-қатынас деңгейлерінің өсуіне;
кез-келген ортада өзін-өзі ұстау мәдениетінің жоғарлауына;
қазіргі ортаға бейім, саналық та, тәрбиелік дәрежесінің оң өзгерістерінің сипат алғанына көз жеткіздік.
Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.

Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекөор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.



  1. XXI ғасырдағы білім саласы бойынша дүниежүзілік деңгейдегі білім құндылығының негізін құрайтын төрт түрлі мәселеге тоқталыңыз.

  1. Мемлекеттік білім стандартын жалпы білім беру жүйесіне енгізу мәселесін қарастырыңыз.

  1. Ұжым басшысының жоғары деңгейдегі қажеттілікті қанағаттандыру әдістерін көрсетіңіз.

  1. ТМД елдерінің білім стандарттарының негізгі объектісін нақтылаудағы ұстанымдарды талдаңыз.

  1. Менеджмент жүйесінде маманға қажетті сапаларға жеке-жеке тоқталыңыз.

  1. Басшының жеке ерекшелігі мен ұйымдастыра алу қабілетіне сипаттама беріңіз.

  1. Педагогикалық қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сипаттама беріңіз.

  1. «Басшы және бағынушы» арасындағы қарым-қатынасқа мысал келтіріңіз.

  1. Басқарудың «мекемеішілік менеджменті» тәсіліне анықтама беріңіз.

  1. Білімгер мен оқытушының арасындағы қарым-қатынасқа (өктемдік, демократиялық, либеральдық) шолу жасаңыз.

  1. Ю.А.Конаржевскийдің басқарудың авторлық тұжырымдамасына тоқталыңыз.

  1. Білім берудің ресми құжаттарының субъектілеріне: талапкер, студент, магистрант және т.б. байланыс орнатыңыз.

  1. ҚР білім беру тұжырымдамасы және білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы мәлімет жинақтаңыз.

  1. «Сапа» ұғымының мәнін ашыңыз және XXI ғасырда адамзат тарихына «сапа ғасырының» енуін айтыңыз.

  1. Қазақстан Республикасындағы тұтас білім беру қызметінің жүйесін (қызмет түpi, мақсат, принциптері, құрылымы, жоспар құру, қызметті ұйымдастыру) түсіндіріңіз.

  1. Білім беру қызметін көрсетуде қолданылатын технологияны ұйымдастыру және жүзеге асыру сапасын (субъектілердің өзара әрекеті, құрылымы, білім беру процесінің формасы, мазмұны, мативациялық факторлар) көрсетіңіз.

  1. Білім беру жүйесінің сапасы білім беру қызметін ұйымдастырушылардың өзара қарым-қатынастарына тікелей байланыстылығын көрсетіңіз.

  1. Білім беру жүйесінде елеулі нәтижелерге жету үшін білім беру қызметін ұйымдастырушылардың адами құндылықтарын көрсетіңіз.

  1. АҚШ-тағы «ғылыми басқару» мектебінің даму тарихын жазыңыз.

  1. «Білім сапасы» мен «оқыту сапасы» ұғымдарының мәнін ашып қарастыңыз.

  1. Білім беру қызметін бағалау корсеткіштерін сипаттап жазыңыз.

  1. Білім беру мекемелерінде білім сапасын жақсартуда мекеме басшысының білімі мен басқару стилін жазыңыз.

  1. Д.Колб, С.Любмен, Д.Спос, Р.Бейкер және т.б. ғалымдардың түжырымы бойынша мекеме басшысының кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейлерін атап көрсетіңіз.

  1. Э. Демингтың білім сапасын басқарудағы 14 принципін ашып жазыңыз.

  1. «Басқару» және «менеджмент» ұғымдарының мағынасын ашып жазыңыз.

  1. Менеджменттік жүйеде іс-әрекеттің сапалы нәтижесіне қол жеткізу үшін дидактикалық талаптардың орындалуын көрсетіңіз.

  1. Білім сапасын бағдарлаудың екі тәсілін ашып жазыңыз.

  1. 1930 жылдарға дейін ең басты орында болған «Басқарудың классикалық теориясы» негіздерін айқындаңыз.

  1. Мектептің басқару мәселесіне арналған зерттеулерді талдаңыз.

  1. Білім беру мекемелеріндегі басшылардың басшылық әрекетін сыни бағалаңыз.

  1. Педагогикалық үдерісті басқаруда білім алушылардың жеке, дербес қабілеттерін, білім дәрежелерін ескеруде ғалым Ю.А. Конаржевскийдің ұсынған менеджменттік басқарудың 6 бағытын талқылаңыз.

Педагогикалық менеджмент тұрғысынан Ю.А. Конаржевский «Менеджмент жəне мектепішілік басқару» (2000) еңбегінде басқарудың мынадай ұстанымдарды бөліп қарастырады, осы ұстанымдарға қойылатын талаптарға сипаттама беріп өтсек,
Қазіргі этикалық құндылықтарға деген терең сенім ұстанымы – құндылық бағдарды қалыптастыру, басқарушының жəне педагогикалық ұжымның негізге алатын ұстанымы, оның негізінде əр педагогтың, жалпы ұжымның іс əрекетін, мінез-құлқын ынталандыру жатыр.
Талаптары: əр адамның жеке басына деген құрмет, құқықтарын қорғау, мүмкіндіктерін мойындау;адамдарға адам ретінде құрмет көрсету;
адамдарға деген сенім; жеке тұлғалардың таңдау жасауына мүмкіндік беру;
Мықты ішкі корпоративтік мəдениет-ұйым ішіндегі этика мен ұйым мəдениетін қарастырады.Талаптары:басқару этикасы талаптарын сақтау;
ұйым ішінде ішкі мəдениетті сақтау;педагогикалық ұжымды қалыптастыру, жүйе құру; өзара құрмет, сенімді туғызу;
Адамға деген біртұтас көзқарас ұстанымы – басшы педагогикалық ұжымдағы əрбір қызметкерді кəсіби қызмет түрін атқаратын жұмысшы ретінде емес, педагогикалық үрдіс барысында өзіндік қажеттілігі, өзіндік мақсаттары, мотивтері бар жеке тұлға ретінде қарастырады. Талаптары: педагогтармен қызмет саласында ғана емес, жеке өмірі, ішкі жан дүниесіне ене отырып қарым-қатынасқа түсу (қызмет барысында ғана емес жеке басы, жеке өмірі жайлы сөйлесу); педагог өмірінің көп бөлігін оның жұмысы құрайды, сондықтан оның жұмыстағы орны оған қуаныш сыйлайтындай болуы керек;
Педагог жұмысын байыту жəне мансаптық өсу ұстанымы – басшылықтың педагогтың кəсіби қызметін əртүрлі етіп ұйымдастыруға тырысуы, сол арқылы кəсіби қызығушылығын ояту жəне оның кəсіби сенімділігіне қолдау жасау. Талаптары: педагогтарды жаңашылдық іс əрекет түрлеріне тартуға барынша жағдай жасау; педагогтардың біліктілік деңгейін көтеруін қадағалап отыру т.б.
Жеке тұлғаларды еңбекке ынталандыру ұстанымы – педагогтың жұмысқа деген жеке қызығушылығы, оның білім беру мекемесі мен педагогикалық ұжым алдындағы белгілі бір міндеткерліктерді қабылдап атқаруға ықпал етеді. Талаптары: əр басшының ынталандыру жүйесі болуы тиіс: моралдық жəне материалдық;басшы адамдарға деген ілтипат, ерекше назар аудару, зейін қою, жағымды қарым-қатынас техникаларын меңгеруі тиіс; өзара келісімде болу, өзара қолдау т.б.; Консенсус (ортақ, біріккен келісімге келу) ұстанымы – басшының педагогтардың жеке көзқарастарын ескере отырып, ұжымды өзара келісімге, ынтымақтастыққа əкелу. Талаптары:ұжым мүшелерінің мəселені талқылауда немесе шешім қабылдауда шынайы баға беруі;ұжым алдында өз көзқарасы мен пікірін нақты, дəлелдермен айта білуі тиіс т.б.;
Барлық қызметкерлер үшін ортақ статус ұстанымы – қызметкерлермен тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.Талаптары:қызметкерлердің құқықтарын сақтау;барлығын тең көру;«педагог» мəртебесіне лайықты қарым-қатынасқа түсу; педагогикалық этика нормаларын сақтау; педагогтардың қоғамдағы беделін көтеру. Барлық қызметкерлерді дайындау мен қайта даярлауды кеңейту ұстанымы – кəсіби білімді үздікссіз жетілдіру, арнайы білім беру бағдарламаларынан өту, қызмет түрлерін орындауға бағыттауға негізделеді.
Талаптары:кəсіби мамандарды дұрыс іріктеу; «педагогикалық өнімнің» сапалығын қамтамасыз ету;басқару билігін төмендегілерге (мұғалім) беру; жұмысты толықтыру, жұмысқа қажетті жағдайды жасау; жаңа білім беру мазмұны талаптарына сай мұғалімдердің білімдерін көтеру: курстардан өту т.б.желілік қауымдастықтардың жұмысын жетілдіру;
педагогтардың кəсіби өсуіне қолдау көрсету, бағыттау.
Толық жұмыспен қамту саясаты ұстанымы.Талаптары: қазіргі нарықтық қоғам заңдылықтарына сай сапалы кəсіби білімді мамандармен қамтамасыз ету; негізгі моралдық міндеткерліктерді орындауы; жақсы даярлықтан өткен мамандармен 5 жылда бір рет мамандардың құзыреттілігін жаңартып отыруға жағдай жасау.
Сапаға бағыттылық ұстанымы – сапа менеджменті талаптарына сай нəтижеге бағытталған білім беруді ұйымдастыруды, басшылық етуді анықтайды. Талаптары:нəтижеге бағытталған білім беру ортасын ұйымдастыру; білім алушылардың құзыреттілік сапаларын қалыптастыру ортасын құру; мектеп-оқушы-ата-ана байланыстарын жетілдіру; басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету; білім сапасын арттыру; жоғары сапалы «педагогикалық өнімдерді» шығару; басқаруға ұжым мүшелерін қатыстыру.
Жанама бақылау ұстанымы-ашықтық, шынайылық, дəлдік негізінде бақылауды жүйелі, бірізді, жүргізу, тиімді бақылау.
Талаптары:қызметкерлерге деген құрмет пен сенімнің болуы;барлық қызметкерлерге тең қарау;қызметкерлердің шығармашылық еңбегі мен идеяларын қолдау;бақылау арқылы дер кезінде түзетулер енгізуді жүзеге асыру.
Ұжым боп шешім қабылдау ұстанымы - демократиялық басшылық етудің негізгі құралының бірі, ортақ шешім қабылдау. Ол басқару ақпаратының ашықтық жағдайында ғана мүмкін болады.
Талаптары: ұжым болып шешім қабылданатын ақпаратпен сол ұжымның əрбір мүшесі таныс болуы тиіс; педагогтардың қабылданатын шешімнің жасалуына белсенді қатысуы, ұжымның белсенді қолдануына ие болады;т.б.
Міндетерліктерді жолдау ұстанымы-басқаруға педагог қызметкерлерді қатыстыру, бұл ұстаным «төменнен жоғарыға» қағидасына сай əрекет етеді.
Талаптары: педагог жұмысын байыту жəне мансаптық өсуді тəжірибеде жүзеге асыру;басқаруды автоматтандыру т.б.
Көлденең байланыс ұстанымы – барлық педагогикалық ұжым мүшелерімен өзара байланысты туғызу, ақпарат, іс тəжірибе алмасуды қамтамасыз етеді. Талаптары: ұйымның нақты мақсатына жетуі үшін басшы өзінің кейбір міндеткерліктерін беру (делегирлеу), ұжым болып шешім қабылдау арқылы жүзеге асырылады; ұзақ уақытқа арналған бағдарламалар негізінде көлденеңінен байланыстар мақсатты түрде қалыптастырылады; педагогтар арасындағы формальды емес байланыстар ескеріледі.

  1. А. Файоль бойынша басқару принциптерін тұжырымдаңыз.

А. Файоль басқарудың бірқатар əмбебап ұстанымдарын əзірлеп шығарды.


1. Қызметкерлердің өз міндеттерін атқаруға мамандандырылуына негізделген еңбекті бөлу, бұл жұмысты сол мерзімде мөлшерін артығырақ етіп, тиімдірек орындауға мүмкіндік береді.
2. Билік (өкілеттік) пен жауапкершілік. Билік шешім қабылдау жəне өкім беру мүмкіндігі ретінде олар үшін жауапкершілік артуды меңзейді, сондай-ақ, керісінше – жауапкершілік артпайтын қызметкердің шешім қабылдауға құқы жоқ. Осылайша, бұл құрамдас бөліктер диалектикалық түрде өзара байланыста болады.
3. Ұйымда бекітілген еңбек қатынастарын құрметтеуді жəне оларды сақтауды меңзейтін тəртіп. Бірақ қызметкерлердің саналы тəртібіне себепші болу үшін бұл нормалар фирма мен оның қызметкерлері арасындағы қол жеткізілген келісімдерге деген əділдік ұстанымдарына негізделуі қажет. Бұл нормаларды қолдау, оларды қалыптасқан жағдайға
қарай қисынды түзету – басшының ең маңызды міндеттерінің бірі.
4. Дара басшылық. Қызметкер тек бір ғана тікелей бастықтан бұйрық алуға тиіс.
5. Басшылықтың бірлігі. Бір мақсат шеңберінде əрекет ететін əр топ бірыңғай жоспармен біріктіріліп, бір басшысы болуға тиіс.
6. Жеке мүдделердің жалпы мүдделерге бағыныштылығы. Бір жұмысшының немесе жұмысшылар тобының мүдделері ұйым мүдделерінен асып түспеуге тиіс.
7. Қызметкерлерді мадақтау. Қызметкерлер еңбегі əділ бағаланып, материалдық жəне материалдық емес тəсілдермен мадақталатынына сенулері қажет.
8. Орталықтандыру жəне орталықсыздандыру. Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың арақатынасы ұйым қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететіндей болуы қажет.
9. Басшылық иерархиясы (скалярлы тізбек). Ұйымда басқарушы лауазымдағы тұлғалардың нақты иерархиясы болуға тиіс. Бірақ бұл иерархия қатып қалған құрылым емес, қажет болған жағдайда өзгеріп отыруы қажет.
10. Тəртіп. Орын – барлығы үшін, əрқайсысы өз орнында.
11. Əділдік. Əділдік – мейірбандық пен төреліктің үйлесуі.
12. Қызмектерлер құрамының тұрақтылығы. Кадрлардың жоғары ағымы ұйым нəтижелілігін кемітеді. А. Файоль компанияға берілген орта қолбасшы өз орнын бағаламайтын үздік талантты менеджерден артық деп санаған.
13. Ынтагерлік. Қызметкердің өз жұмысын жақсартуға байланысты ынтасы ол жұмысты тиімді орындап қана қоймай, сондай-ақ сол қызметкердің жанында жұмыс атқаратын адамдарды ынталандырады, ұйымға күш пен қуат береді.
14. Қызмектерлерді біріктіру (корпоративтік рух). Қызметкерлерді біріктіру оларға үлкен қауым мүшелері ретінде сезіну мүмкіндігін беріп, сол арқылы адамның ең маңызды, негіз қалаушы қажеттіліктерінің бірі – қатыстылықты қажетсінуді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Осылайша, А. Файоль қағидаттары оның басқарушылық тұжырымдамасының мəнін ашады. Олар ХХ ғасырдың бірінші жартысында əзірленгеніне қарамастан, олардың өзектілігі қазіргі уақытқа дейін сақталған.



  1. Гуманистік психологияның негізін қалаушы Абрахам Маслоудың тұтыну-қажеттілік иерархиясының теориясын талдап қорытыңыз.

Американдық психолог А.Маслоу концепциясында адам қажеттіліктерін алдымен төменгі қажеттілікті өтеуден сосын біртіндеп жоғары қажеттіліктерді өтеу сатысына


көтеріліп, сол арқылы тұлғалық даму сатысына көтерілетінін айтады. Маслоу пікірі бойынша қанағаттандырылмаған қажеттіліктер адамдардың белсенді əрекеттерін оятады, ал қанағаттандырылғандар ынталандыруын тоқтататынын, оның орнын басқа қанағаттандырылмаған қажеттіліктер басатынын жəне еңбек барысында адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беріп, оған басшылық тарапынан қолдау
көрсетілуі керектігін айтады. Маслоу ұсынған адам қажеттіліктерінің пирамидасы (сатысы) мынадай деңгейлерден тұрады:
1) Физиологиялық қажеттіліктер (тағамға, суға, оттегіне, ыңғайлы температураға, жыныстық қажеттілік, денсаулық т.б.).
2) Қауіпсіздік қажеттіліктері (қоршаған ортаға деген сенімділік, тəртіп болуды қажетсіну, қорғаныш қажеттілігі, жайлылық, қайғыдан ада болу, ауру-сырқаудан аулақ болу т.б.).
3) Əлеуметтік топқа кіру қажеттіліктері (достық, махаббат, ұжымдық байланыс, туыстық қарым-қатынас т.б.).
4) Басқаларды құрметтеу мен өзін-өзі құрметтеуге байланысты қажеттіліктер (табысқа, жетістікке жету, мəртебенің өсуі, атақ, даңқ, өзін басқалардың мойындауы т.б.)
5) Өзін-өзі өзектендіру, танытуға байланысты қажеттіліктер, адамның барлық сала бойынша қол жеткізуге тырысатын ішкі потенциалды мүмкіндігі, өзін əр сала бойынша дамыту, жетілдіру сатысы, адамның өзіне рухани деңгейде жоғары талап қоюы.
Адам қажеттіліктерінің күрделілігі және олардың ынталандыруға ықпалы жайлы іргелі
зерттеу жүргізген бихевиористердің бірі А. Маслоу болып табылады. Ол құрастырған
қажеттіліктер иерархиясының тұжырымдамасы негізгі идеялары мен алғышарттары мыналар: адамдар үнемі қандай да бір қажеттіліктерді сезінеді; адамдардың қандай да бір қажеттіліктері басқаларына қарағанда айқынырақ болады қажеттіліктер тобы бір-біріне қатысты иерархиялық түрде орналасады; қажеттлік қанғаттандырылмаса, ол адамды іс-әрекет етуге итермелейді. Қанағаттандырылған қажеттіліктер адамды қайта қызықтырмайды; егер қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнын басқа қанағаттанбаған қажеттілік басады; көп жағдайда адам бір-бірімен кешенді қатынаста болатын бірнеше әртүрлі қажеттліктерді сезінеді; «пирамиданың» табанына жақын тұрған қажеттіліктер ең бірінші болып қанағаттандыруды талап етеді; жоғары деңгейдегі қажеттіліктер мен төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттанған соң адамға белсенді түрде ықпал етуді бастайды; төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда жоғарғы деңгейден қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері көбірек болады. Бұл идеялар мен алғышарттарға орай қажеттіліктер былай бөлінеді: физиологиялық қажеттілік; қауіпсіздік қажеттілік; әлеуметтік топқа жату қажеттілігі; сыйластық қажеттілігі; өзін таныту қажеттілігі. Адам ынталарына қажеттіліктердің ықпалын біле отырып, оған өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға мұрша беру арқылы адамға әсер етуге болады.

  1. И.А.Селезнева ұсынған ЖОО-да білім сапасын анықтаудың басым бағыттарын көрсетіңіз.

Техникалық ғалымдар докторы Н.А.Селезнева және физико-математикалық ғылымдар кандидаты И.Н.Медведевтің ғылыми басшылығымен Мамандарды салалы даярлау мәселесін зерттеу орталығында Псков мемлекеттік педагогикалық
мектепімен шығармашылық бірлестікте орындалған іс-тәжірибеге назар аударатын
болсақ, мамандардың негізгі, жалпы кәсіптік және арнаулы құзыреттілігі бөлінген. Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде:
ақпараттық;
коммуникативтік (қатысымдық);
әлеуметті – құқықтық құзыреттілік көрсетілген.
Ақпараттық құзырет – мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет)
мүмкіндігі.
Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.
Әлеуметті-құқықтық құзірет - өз елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.
Осы жоғарыда аталған үш құзіреттілік барлық азаматтар үшін, олардың мамандығына, білім деңгейіне, тұратын жеріне қарамастан негізгі қажетті қасиеттер болып саналады.



  1. Қызмет ету және даму арналарын басқарудың арасындағы байланысты талдап, сыни пікір беріңіз.

Кез келген ұйымда басқару жүйесі бар, ол ұйымды басқарылатын жүйе ретінді анықтайды.


Ұйымды басқару – бұл қойылған мақсатқа жетуде аса жақсы нәтижелерге жету үшін қызметкердің, топтың немесе жалпы ұйымның өнімділігіне ықпал етудің үздіксіз процесі.Ұйымды басқару жүйесі ұйымның барлық қызметтерінің, барлық кіші жүйелердің және олар арасында коммуникациялар, сонымен қатар берілген қызмет етуді қамтамасыз ететін процестер жиынтығынан тұрады. Ұйымды басқару жүйесінде басқаратын және басқарылатын бөліктерді бөліп көрсетеді.Басқаратын бөлігі басқару буынының жұмысын қамтамасыз ететін ақпараттық бөлімшелерден, менеджерлерден, дирекциядан тұрады. Ол әкімшілік-басқарушылық аппарат деп аталады. Басқаратын бөліктің соңғы өнімі ақпарат болып табылады. Бұл деңгейде басқарушылық шешімдер қабылданады.Басқарылатын бөлік – бұл өндірістік процесті қамтамасыз етумен айналысатын әртүрлі өндірістік және функционалдық бөлімшелер.
Басқарудың негізгі міндеттері болып табылады:
- әрекеттің жалпы бағытын жоспарлау және соңғы нәтижені алдын ала болжау;
- «ұйымдвстыру», яғни материалдық және адам ресурстарын қолдануды басқару және бөлу;
- жұмысшылар әрекеттерін оңтайлы режимде ұстау үшін бұйрықтар беру;
- жалпы мақсаттарға жету үшін әртүрлі әрекеттерді үйлестіру;
- ұйым мүшелерінің әрекет нормаларын әзірлеу және бұл нормаларды сақтау бойынша шаралады өткізу;
- ұйым мүшелерінің әрекеттерін бақылау.
Басқару процесінің бұл белгілері ХХ ғасырдың басында Г. Файольмен тұжырымдалған болатын. қызметке ықпал ететін ақпараттарды бағдарламаның барлық мүдделі тұлғаларын тарту арқылы талдау; ішкі жəне сыртқы ортаны талдау, ақпарат жинау;
педагогикалық ұжымның жəне білім алушылар жайлы ақпараттарды талдау;
қызметкерлердің қанағаттанушылығын талдау; қолжетімді ресурстарды талдау;
талдау нəтижелері стратегиялық жоспарлау мақсатында қолданылуы тиіс;
даму жоспары мен мақсаттар барлық мүдделі тұлғалар үшін ашық, қолжетімдік қағидаларына сай болуы тиіс; жоспарлау кезінде қызмет түрлеріне қажетті тұлғаларды қамтуы тиіс; даму жоспарын құрастыру үшін негіз болатын тетіктер анықталуы тиіс; барлық қызмет түрлері ҚР заңнамаларына толық сəйкес болуы тиіс;
даму жоспарын дайындауда педагогикалық ұжыммен, білім алушылармен, атааналармен сұхбат жүргізіледі, сауалнама алынады; даму жоспары қолда бар ресурстарға (қаржылық, кадрлар құрамы, ақпараттық, материалдық-техникалық база), білім беру саясатына сүйенуі, сəйкестендірілуі тиіс; даму жоспары барлық мүдделі тұлғалардың ашық қатысуымен талқылаудан өтіп, берілген ұсыныстар мен түзетулер негізінде білім беру ұйымының өкілетті алқа органы жобаға өзгертулер енгізуі тиіс; жоспарды бекіту кезінде барлық мүдделі тұлғалар дауыс беруі тиіс;барлық мүдделі тұлғалар даму жоспары мазмұнымен танысып, негізгі ережелерін білуі тиіс;даму жоспарын жүзеге асыру туралы ақпараттар білім беру ұйымының арнайы ақпараттық ресурстарында (стенд, веб сайт т.б.) таратылуы тиіс;
даму жоспарын жүзеге асыруда мониторинг тетіктерін анықтау қажет;білім беру
ұйымындағы барлық жоспарлау үдерістері (стратегиялық, тактикалық, оперативтік жоспарлау, ресурстарды бөлу) мен шешімдері даму жоспарына сай келуі тиіс

  1. Соңғы жылдардағы білім сапасын басқару критерилерінің тиімділігін толықтырып көрсетіңіз.

Білім беру сапасын басқару - қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай, келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы
Білім беру сапасын басқару мектеп басшысының басқару қызметіндегі басым бағыты болып табылады. Білім беру сапасын басқару мына бағыттарды қамтиды:
1.Жалпы білім беру сапасы.
2.Білім беру процесін басқару сапасы.
3.Білім процесін іске асыру сапасы.
4.Білім беру процесі нәтижесінің сапасы.
5.Жалпы білім берудің функционалды сапасы.
Жалпы білім беру сапасы: 1)білім процесінің негізгі шарттарының сапасы; 2)ғылыми - әдістемелік жұмыстарының сапасы; 3)материалдық – қаржылық қамтылу сапасы және 4)мектепке дейінгі білім сапасы деген бірнеше бөліктен тұрады.
Білім беру процесін басқару сапасына кадрлық қамтылу сапасы, оқушылардың психосоматикалық денсаулығының сапасы және педагогикалық еңбекті ынталандыру сапасы жатады.
Білім процесін іске асыру сапасына мыналар енеді: 1.Білім мазмұны сапасы; 2.Оқыту сапасы; 3.Оқу сапасы.
Білім беру процесі нәтижесінің сапасы төмендегі бағыттарда анықталады: 1)Оқыту деңгейі; 2)Денсаулық сапасы; 3)Креативтілік сапасы; 4)Тәрбиелілік деңгейі; 5)Тұлғаның дамуы деңгейі; 6)Басты құзырлылықтың қалыптасу сапасы.
Жалпы білім берудің функционалды сапасы:
1.Білім берудің оқушының білім қажетіне сай келуі;
2.Білім берудің қоғамдық институттар қажетіне сай келуі;
3.Білім берудің ата-аналарының сұранысына сай келуі;
4.Білім берудің аймақтық еңбек нарығына сәйкес келуі;
5.Білім берудің кәсіптік білім беру талабына сай келуі.
Білім беру сапасын нәтижелік тұрғыдан басқару
Қазіргі білім беру жүйесінің дамуы оның әр түрлі буындарын басқарудың тиімділігімен анықталады. Жаңарған мектеп алдындағы негізгі міндет басқару жүйесін түсіну мен оны нәтижелік тұрғысынан басқарудан тұрады.
Мектепішілік басқару жүйесінің түпкі нәтижеге бағытталуы оны ақпараттық қамтамасыз етуге, педагогикалық талдауға, жоспарлау мен бақылауға жаңаша көзқарасты қажет етеді.
Қазіргі мектепішілік менеджментте бірінші орында күн санап күрделеніп бара жатқан мәселелердің шешімін табуға және оған жауапты болуға тиісті адам факторы тұр.
Бұл жағдайда тәжірибе иен интуиция қабылданған шешімнің оңтайлылығын қамтамасыз ете алмайды.
Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде процеске бағытталған дәстүрлі басқарудан нәтижеге бағытталған басқаруға көшу жүріп жатыр. Өйткені, мектептегі білім беру сапасының негізгі көрсеткіштеріне ҰБТ қорытындылары алынуда.
Дәстүрлі басқарудан нәтижелік басқарудың айырмасы неде?
Дәстүрлі басқаруда шаруашылық басшы іс-шаралардың маңызын көрсете отырып, қызметтік міндет бөлінісін жасайды, ұзақ мерзімді жоспар жасай отырып, жоспардың орындалу барысы туралы кезеңдік есеп береді.
Нәтижелік басқаруда менеджер басшы нәтиженің алатын орнын көрсете отырып, нәтижелік міндет бөлінісін жасайды, стратегиялық жоспар жасай отырып, нәтиженің анықталу барысы бойынша нәтижелік есеп береді.
Дәстүрлі басқаруда даму қалыпты емес және біржақты жүреді, іске атүсті қарау басым, шаралар науқандық сипатта кемшіліктерді жоюға бағытталған болады.
Нәтижелік басқаруда даму жүйелі және кешенді бағытта жүреді, мақсатты іс-әрекеттер қиындықтың алдын алуға бағытталады.
Дәстүрлі басқаруда нәтиже нақты көрсетілмейді, мектепішілік бақылау жұмысы соңғы нәтижеге ғана бағытталған, іс-шараны талдау жалпылама және жауаптыны жазалау үшін жүргізіледі.
Нәтижелік басқаруда нәтиже деңгейлеп көрсетіледі, педагогикалық мониторинг негізінде аралық нәтижелермен де жұмыс жасалады, үрдіс себеп-салдарлық тұрғыдан талданып, олқылық пен қателіктен сабақ алуға бағытталады.
Нәтижелік басқару екі өзара байланысты процестен тұрады: жүзеге асыру және талдау. Нәтижелік басқаруды жүзеге асыру жағдай жасаудан басталып, білім беру процесін ұйымдастыру арқылы нәтижеге алып келсе, нәтижелік талдау керісінше алынған нәтижені талдаудан басталып, білім беру процесін талдау арқылы жасалған жағдайларды талдауға барып тіреледі: Жағдай – Процесс – Нәтиже.
Нәтижеге бағдарланған талдау кезеңдері төмендегіше болады:
1-кезең - күтілетін нәтижені анықтау
Үлгерім, ҰБТ, жарыстар мен сайыстар, денсаулық пен тәрбие бойынша жету керек нәтижелерды кесте түрінде сандық негізде жазу;
2-кезең - осы көрсеткіштер бойынша мектеп жұмысының нәтижесін бақылау
Осы салалар бойынша мектептің қазіргі көрсеткіштерінің нақты деңгейін айқындап ашып көрсетуге болатын деңгейде анықтау;
3-кезең - екі нәтижені салыстыру, ауытқуды анықтау
Мектептің қазіргі көрсеткіштерінің бұл нәтижелерге қаншалықты жетпей жатқандығын салыстырмалы кесте түрінде беру;
4-кезең – осы ауытқуға әсер еткен оқу-тәрбие үрдісінің кемшіліктерін анықтау
Пәндерді тереңдетіп оқыту, жаңа пәндер енгізу және оқыту әдістемесін (технологиясын) жетілдіру, сыныптан тыс шаралардың ықпалы арттыру, жаңа тәрбиелік салаларды іске қосу бойынша іс-әрекетте кетіп жатқан кемшіліктерді анықтау;
5-кезең - оқу-тәрбие үрдісі кемшіліктері мен нәтижесіне еткен жағдайлар
Кадрмен қамтамасыз ету, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қаржыландыру, ынталандыруды жүзеге асыру бойынша өз күшімен түзетуге болатын және арнайы көмек керек болатын кемшіліктерді бөліп жазу;
6-кезең - осыдан нақты себептері көрсетілген маңызды проблемаларды белгілеу
Дарынды немесе жай баламен жұмысқа қажетті кадрлар іздеу, мектептегі бар мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, қажетті бағдарламалар мен оқулықтар (жай немесе электронды) алу не жасау, оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету, технологияландыру мен ақпараттандыру бойынша мәселелерді ашып көрсету, оларды топтау, реттеу.
Жағдайды талдау мына мәселелерді қамтиды: 1.Сапалы кадрдың болуы, 2.Оқушыларға психологиялық диагностика жасалуы. 3.Мектептің қазіргі талапқа сай болуы.
Ал процесске мыналар жатады: 1.Ата-ана, балабақша арасындағы байланыс. 2.Әдістемелік жұмыстардың, жүзеге асуы, озық тәжрибенің таратылуы. 3.Мектеп ұжымындағы психологиялық ахуал.
Нәтиже де үш бағыттан тұрады: 1.Тәрбие деңгейі. 2.Оқу денгейі. 3.Бәсекеге қабілетті, толерантты тұлға



  1. Оқу үдерісін ұйымдастыруға нормативтік негіз боларлық жаңа формалардын бipi - стандарттар. «Стандарт» ұғымын түсіндіріңіз.

Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына өойылатын талаптар белгіленген.
Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі - басқару. Ол "Білім туралы" Заңға сәйкес жасалады.
Отандық стандарттардың өз ерекшеліктері бар. Республикадағы ерекше пәндер, атап айтсақ, қазақ тілі, орыс тілі, араб тілі, ұйғыр тілі және әдебиеті стандартталады.
Білім мазмұнын анықтау кезінде ұлттық және аймаңтық ерекшеліктер ескерілді.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандартын 1998/99 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне сатылап енгізу ұсынылған болатын. Әрине стандарт оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу-әдістемелік жинаңтар түрінде мектеп тәжірибесіне енді ғана еніп жатыр.
Стандарттың бірінші бөлімінде бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері, білім мазмұнының құрамы, екінші бөлімінде білім беру салалары, базалық білімнің мазмұны, бастауыш сыныпты бітіретін оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар жазылған.
Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі, оқу және тіл дамыту, екінші тіл — орыс тілі, матема-тика, дүниетіну, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шыныңтыру, музыка пәндері бар.
Жалпы орта білім беру стандартына қойылатын талаптар:
Қажеттілігіне мүмкіндігіне сәйкес қызығушы жақтың әлеуметтік-мәдени жағдайын ескеру;
*Соңғы нәтиженің нормаға сәйкес бағдарлы болуы;
*Білім саласы бойынша стандарттың құзырлық келісімін сақтау;
*Мектептің әрбір сатысында тұлғаның даму міндетін ескере отырып білім *мазмұнының толықтығын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
*Білім мазмұнының бірлігін тиімді формада жазып көрсету;
*Оқушылардың қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігн ескере отырып мектептің, аймақтың, мемлекеттің жетіп көзқарасымен сәйкестендіре көрсету;
*Оқушылардың оқу жүктемесін шамадан тыс асып кетпеуін қарастыру;
*Тексеру кезінде технолгиялық жағынан дайын болу.
• Оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу төртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат.
Оқу жоспары– оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, – әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемелекеттік құжат.
Типтік оқу жоспары Оқу министрлігінде жасалынып барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектті, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.
Оқу жоспары қоғамның мектеп алдында қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділік және жүйелілік принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне, санитарлық – гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке пәндердің белгілі бір реттілікпен оқу жоспарында берілуі олардың өзара логикалық байланыстылығына тәуелді. Оқу пәндері міндетті және таңдаулы деп бөлінеді.
• Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Оқу бағдарламасының құрамы:

  • аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, біліктер мен дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат;

  • пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;

  • негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;

  • әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері;

  • пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;

  • әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;

  • ұсынылған әдебиет.

Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады. Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік аппаратынан тұрады.
Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. 1999 жылы қабылданған “Білім туралы” заңға байланысты білім беру саласын демократияландыру, гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай білім беру саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді.
Бағдарлама жасауда кейбір кемшіліктерді атап өткен жөн болар:

  • оқушылардың түсінігіне қиын оқу материалын енгізу;

  • курсаралық байланысты ұмыту;

Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады. Солардың ішінде басты назар оқулыққа арналады. Жақсы оқулық оқушыны нәтижелі оқуға жетелейді.
• Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.
Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:

  • оқу бағдарламасына сәйкес болу;

  • оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болу;

  • көрнекіліктермен жақсы жабдықталу;

  • тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;

  • тексеру, өзін–өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған сұрақтар мен жаттығулардың болуы.

Оқулық оқушылардыњ оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамассыз етуі керек.
Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандықтан соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары жарыққа шығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио – видеокассеталар және компактдисктерге жазылған оқулықтар пайдаланып жүр.Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің негізгі оқу жоспары 1-4 сыныптарга арналған оқу жоспары (1998)
Осы жоспар мектептегі оқу-тәрбие процесін реттеп отырады.
***Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі неде?
1. Ең бірінші пән мазмұнының спиральді берілуі керек. Өйткені спиральді білім арқылы пәнді оқушы терең меңгереді.
2. Оқу мақсатарына жету.
3. Ортақ тақырыптардың берілуі.
4. Оқу мазмұнының қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болуы жоспарлармен ұйымдастырылуы.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және критериалды бағалау жүйесін енгізу. Негізгі міндеттеріның бірі оқу мақсатына жету үшін критериалды бағалау жүйесін енгізу. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшелінеді.
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады.
1. Қалыртастырушы бағалау.
2. Жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі және үздіксіз жүре отырып мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік беріледі. Сондықтан оқушылардың оқу жетістігін бағалауда жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылып жатыр.
Қалыптастырушы бағалаудың шарттары:
1. Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуі;
2. Оқушылармен тиімді кері байланыстың болуы;
3. Оқушылардың өзіндік тану үдерісіне белсенді қатысуы;
4. Оқушылардың бағалау критерийлерін білуі және түсінуі;
5. Оқушылардың өз жұмысын талдай алу білігі мен мүмкіндігі;
Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуіне қалай жетуге болады:
1. Бастапқы кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын айқындап, оларды оқушыларға түсіндіріп, бірге талқылайды;
2. Күнделікті талқылаулар келешекте оқу мақсаттарын бірге айқындау дәстүріне айналуы мүмкін.
Бағалау критерийлері оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі. Дескриптор – жетістік деңгейінің сипаттамасы. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
- Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
- Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге бағалауға мүмкіндік береді;
- Ата-аналармен оқушының оқу жетістіктері бойынша обьективті дәлелдемелерлмен қамтамасыз етіледі;
Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлау, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, комуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар.

  1. Психолог К.Левиннің басқару үлгісінің концепсиясын өз бетіңізше түсіндіріңіз.

Белгілі тұлға теориясымен айналысушы неміс – америка психологы К. Левин басқару үлгісінің концепциясын құрастырып сипаттады. Ол тәжірибе жүзіндегі ақпарлары бойынша 3 негізгі үлгіні бөліп көрсетті:Авторитарлық ( директивті);Демократиялық ( әріптестік);Нейтралды (босәурелік).Басқарудың бір үлгісін екіншісінен айыратын критерий ол басшының шешім қабылдауы болып саналады. Шешім қабылдаудың әмірлі және демократиялық жолдары бар, бірақ ғалымдар екеуінің де тиімді жағынан қарастырғысы келеді. Біреулері демократиялық жол дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі деп шешсе,біреулері кері пікірде. К. Левинның теориясы осыған орай өзінің қарапайымдылығы мен нақтылығына қарамастан бірнеше кемшіліктерге ие:Демократиялық басқару үлгісі әрдайым әмірлі басқару үлісіне қарағанда тиімді бола бермейді. К. Левинның өзі екі үлгінің де өнімділік көрсеткіші бір деңгейде деп пайымдаған.Кейбір жағдайда авторитарлық үлгі демократиялыққа қарағанда тиімді. Ол мынадай жағдайда боладыА) тез арада шешім қабылдауда; Б) жұмысшылардың кәсіптік дәрежесі мен мәдениет деңгейі төмен болғанда;В) тұлғаның ерекшеліктері осыны талап еткен жағдайда.Екі үлгінің де шын мәнінде басқару үрдісінде қолданылмайтыны бекітілген. Әрбір басшы өзінің жеке қасиеттеріне байланысты демократта, әміршіде болады. Кейде басшының қандай бағытта басқаратынын түсіну қиын.Басқару үлгісі формасы мен мазмұны сәйкес келмейтін жағдайлар болады: әмірлі жүйеде басшы өзін демократша ұстайды, немесе керісінше. Көп жағдайда көп нәрсе жағдайға тәуелді: бір жағдайда басшы әмірші болса, бір жағдайда демократ болуға тырысады.



  1. Басқару жүйесіндегі жеке тұлға түсінігіне анықтама беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет