Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
65
4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру
ұйымдары береді.
Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды
толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды.
2018.04.07. № 172-VI ҚР
Заңымен
4-1-тармақпен толықтырылды
4-1.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың бір біліктілік
шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындысы және аралық аттестаттау
нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді.
39-баптың 5-тармағы 2015 ж. 29 қарашадан бастап 2021 ж. 1 қаңтарға дейін
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңның
2-бабының 4-тармағының
редакциясында қолданылады
(
2021 ж. 1 қаңтардан
бастап қолданылатын редакцияны қараңыз)
5. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты:
1) ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы;
2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымы беруге
құқылы.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын
талаптарды білім беру ұйымы айқындайды.
6. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан
өтпеген білім алушыларға
белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
7. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан
Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады.
Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде Қазақстан Республикасы
азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын
нострификациялау және оларға тиісті куәліктер беру білім беру саласындағы уәкілетті
орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
8. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші
Қазақстан Республикасының
азаматтарына шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар тану
немесе нострификациялау рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.
Достарыңызбен бөлісу: