«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы


-тарау. Білім беру қызметінің субъектілері



Pdf көрінісі
бет63/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

6-тарау. Білім беру қызметінің субъектілері
 
40-бап.
Білім беру ұйымдары 
2014.16.05. № 203-V ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2015.21.07. № 337-V ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
1-тармақ 
өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1. Меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе 
бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, 
тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар
сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары, заңды 
тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады. 
2011.19.01. № 395-IV ҚР 
Заңымен
 2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
); 2011.15.07. № 461-
IV ҚР 
Заңымен
2-тармақ жаңа редакцияда (ресми 
жарияланғанынан
кейін алты ай 
өткен соң қолданысқа енгізілді) (
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
2-
тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2. Білім беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығы: 
1) лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін - егер 
Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензия алған сәттен бастап 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
66 
және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан айыру 
немесе оны жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап; 
2) лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін - заңды 
тұлғаларды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды; 
2014.16.05. № 203-V ҚР 
Заңымен
 3) тармақшамен толықтырылды
3) білім беру қызметінің хабарлама жасау тәртібі көзделген кіші түрлері үшін - 
хабарлама берілген кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгіленген тәртіппен хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымы алып 
тасталған кезден бастап тоқтатылады. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
2-1-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V 
ҚР 
Заңымен
 2-1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2-1. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде 
бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот 
тәртібімен таратылады. 
Осы мерзімнің өтуін білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру ұйымының 
бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алу туралы материалдарын қарау мерзіміне 
тоқтата тұрады. 
2011.19.01. № 395-IV ҚР 
Заңымен
 3-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, білім беру 
ұйымының мәртебесін (үлгісін, түрін) оның құрылтайшылары айқындайды және осы 
Заңның талаптары, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті 
үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері ескеріле отырып, оның 
жарғыларында көрсетіледі. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 4-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. 
№ 398-V ҚР 
Заңымен
 4-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
4. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларына қарай білім беру ұйымдарының 
мынадай үлгілері болуы мүмкін: 
1) мектепке дейінгі ұйымдар; 
2) орта (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) бiлiм беру ұйымдары
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 3) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары; 
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 4) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
4) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары; 
5) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
алып тасталды 
(
бұр.ред.қара
)
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 6) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары; 
7) мамандандырылған білім беру ұйымдары; 
8) арнайы білім беру ұйымдары; 
9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім 
беру ұйымдары; 
10) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары; 
11) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары. 
Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын білім беру саласындағы уәкілетті 
орган бекітеді. 
2020.07.07. № 361-VI ҚР 
Заңымен
 5-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара

5. Білім беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының 
заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы 
болған кезде ғана клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру 
бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыра алады. 
Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары болып 
табылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары медицина және фармацевтика 
кадрларын өтеусіз негізде даярлау үшін тиісті жағдайлар ұсынады. 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
67 
Клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске 
асыруға мыналар да міндетті шарттар болып табылады: 
1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының құрылымында 
симмуляциялық кабинеттің (орталықтың) болуы; 
2) білім беру ұйымының білім беру бағдарламасының барлық курстарын (оқу жылын) 
іске асыруы; 
3) дәрігер кадрларды даярлау кезінде - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім беру ұйымында үздіксіз интеграцияланған білім беру және жоғары оқу 
орнынан кейінгі (резидентура, докторантура) бағдарламаларды іске асыру; 
4) клиникалық базаларда білім алушыларды даярлау кезеңінде білікті медицина 
қызметкерлері арасынан тәлімгерлерді тарту
5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 
ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен жасалатын шарттар негізінде 
жұмыс істейтін университеттік ауруханаларды және (немесе) интеграцияланған 
академиялық медициналық орталықтарды қалыптастыру. 
Университеттік аурухана, интеграцияланған академиялық медициналық орталық және 
клиникалық базалар туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды денсаулық 
сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет