Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
72
15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы
бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың
біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
17) қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның
ішінде жабдықтармен жарақтандыру;
18) кадрларды кәсіптік даярлаудың заманауи нысандарын ендіру;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық
есептілікті ұсыну жатады.
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының
эндаумент-қорын құруға;
2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен ғылыми-білім беру қызметі
жөніндегі заңды тұлғаларды құруға;
3) стартап-компаниялар ашуға;
4) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы қаражаты мен материалдық
құралдардың қосымша көздерін тартуға;
5) шет мемлекеттерде филиалдар құруға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: