49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері
1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:
1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру
ұйымын таңдауға;
2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының
жұмысына қатысуға;
3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу
жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультациялардан консуль-тациялық көмек алуға;
5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.
2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:
1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға,
олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын
қамтамасыз етуге;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып,
мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара ) 3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді ( бұр.ред.қара ) 4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды 5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына
қойылатын талаптарды орындауға;
7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ( бұр.ред.қара )