«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет72/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 13-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары 
оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 
білім алушылардың қысқы және жазғы каникул кезінде қалааралық теміржол және 
автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар. 
14. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен 
біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында 
және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды 
орындауға міндетті. 
15. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге
рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 15-1-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V 
ҚР 
Заңымен
 15-1-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
15-1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті 
орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті. 
Өзге білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім 
формасын сақтауға міндетті. 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
78 
16. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін, 
өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 17-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. 
№ 398-V ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2015.24.11. № 421-V ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
) 17-тармақ өзгертілді
17. Осы Заңның 
26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында
белгіленген квота шегінде 
педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары 
бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар жоғары және (немесе) 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін тиісінше ауылдық 
жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина 
ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар 
бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына 
қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті. 
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық 
мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және 
(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш 
жыл мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау 
ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 17-тармақ үшінші бөлікпен толықтырылды (2017 ж. 1 
қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған 
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі 
айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті. 
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) 
бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен азаматтар оқуын бітіргенннен кейін 
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе 
ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті. 
Осы тармақта аталған адамдардың жұмысты өтеу жөніндегі өз міндеттерін 
орындауына немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын 
өтеуіне мониторингті және олардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету білім беру 
саласындағы уәкілетті органның операторына жүктеледі. 
Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде 
педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға 
түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары 
және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін оқытқан 
жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет