«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет73/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 17-1-тармақпен толықтырылды
17-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына 
жұмысқа бірінші кезекте бөліну құқығына мыналар ие: 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 1) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін 
немесе қызметін өткеретін адамдар; 
2015.03.12. № 433-V ҚР 
Заңымен
2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан 
бастап қолданысқа енгiзiлдi) (
бұр.ред.қара
)
2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар, сондай-ақ 
бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншылар және қамқоршылар 
болып табылатын адамдар. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 17-2-тармақпен толықтырылды
17-2. Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату 
жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы 
жас мамандарға: 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
79 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 1) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде 
бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға; 
2) І және ІІ топтағы мүгедектерге; 
3) одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдарға; 
4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа 
дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 17-3-тармақпен толықтырылды
17-3. Оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстар өтелместен, 
осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы: 
1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты; 
2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына 
байланысты; 
3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде І және ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда; 
4) осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі 
міндеттен босатылуына байланысты басталады. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 17-4-тармақпен толықтырылды
17-4. Осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 
17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас 
маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге 
міндетті. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 17-5-тармақпен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ 
ҚР 
Заңымен
 17-5-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
17-5. Жас мамандар осы баптың 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі 
міндетті орындамаған жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының 
бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі талабына талап қоюдың ескіруі 
қолданылмайды. 
18. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім 
беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік 
ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де 
шаралар қолданылуы мүмкін. 
48-бап.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің науқастануын 
болдырмау, денсаулығын нығайту, тән саулығын жетілдіру, салауатты өмір салтына 
қалыптастыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі. 
2. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен 
нормалар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының 
ұсынымдары негізінде әзірленген білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен 
айқындалады. 
3. Денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары білім алушылардың, тәрбиеленушілердің 
денсаулық жағдайына үнемі бақылау жасауды, оларға медициналық қызмет көрсетуді 
жүзеге асырады. Білім беру ұйымдары медициналық пункттер үшін үй-жайлар ұсынады. 
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету 
мақсатында білім беру ұйымдары білім алушыларға және тәрбиеленушілерге 
медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелер құруға 
құқылы. 
2016.22.12. № 29-VI ҚР 
Заңымен
3-1-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан 
бастап қолданысқа енгізілді)


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
80 
3-1. Интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарының білім 
алушыларына медициналық қызмет көрсетуді алғашқы медициналық-санитариялық көмек 
көрсету ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға 
сәйкес қамтамасыз етеді. 
4. 2019.27.12. № 294-VІ ҚР 
Заңымен
алып тасталды 
(
бұр.ред.қара
)
5. Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен 
тәрбиеленушілердің тамақтануы және белсенді тынығуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс 
жасалуы көзделуге тиіс. 
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін жағдай 
жасалады. Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі. 
6. Білім беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеудің, еңбек пен тынығудың салауатты 
және қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет