«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы


-тарау. ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ



Pdf көрінісі
бет75/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

7-тарау. ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ 
БЕРУ ҰЙЫМЫНДА КӘСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ПЕДАГОГТІҢ 
МӘРТЕБЕСІ
2019.27.12. № 294-VІ ҚР 
Заңымен
 50-бап жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
50-бап. 
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында 
кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
81 
1. Қазақстан Республикасында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім беру ұйымы педагогінің ерекше мәртебесі танылады, бұл оның кәсіптік қызметін 
жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді. 
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік 
қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі осы тарауда айқындалады. 
3. Кәсіптік қызметін жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымымен еңбек қатынастарында болған кезеңде адам педагог мәртебесіне ие болады. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
51-бап жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2019.27.12. № 
294-VІ ҚР 
Заңымен
 51-баптың тақырыбы өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
51-бап. 
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында 
кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтары, міндеттері мен 
жауапкершілігі 
2019.27.12. № 294-VІ ҚР 
Заңымен
 1-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы педагогінің 
кәсіптік қызметіне: 
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге 
асыру құқығынан айырылған; 
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз 
немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; 
2020.07.07. № 361-VI ҚР 
Заңымен
 3) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара

3) медициналық қарсы көрсетілімдері, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық, оның 
ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары 
(аурулары) бар, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған; 
4) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар; 
5) Қазақстан Республикасының 
Еңбек кодексінде
көзделген өзге де шектеулер 
негізінде жіберілмейді. 
2019.27.12. № 294-VІ ҚР 
Заңымен
 2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік 
қызметін жүзеге асыратын педагогтің: 
1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік 
қызметпен айналысуға; 
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік 
практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге; 
3) дара педагогтік қызметке; 
4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары 
сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін 
таңдауға; 
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға; 
6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін 
арттыруға; 
7) 2019.27.12. № 294-VІ ҚР 
Заңымен
алып тасталды 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет