«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет60/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

37-бап. 
Қосымша білім беру 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1. Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті 
орган айқындайтын білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге 
асырылады. 
Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім 
алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде 
ұсынады. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
) 2-тармақ өзгертілді
2. Ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру қоғамда болып жатқан 
әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес бiлiм мен дағдылардың қосымша көлемiн 
алу үшiн олардың өмiр бойы бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған. 
Ересектердің білім мен дағдылардың қосымша көлемін алуы қосымша және 
формальды емес білім беру арқылы жүзеге асырылады. 
Ересектерге қосымша бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша білім 
беру бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар 
жүзеге асырады. 
Ересектерге формальды емес білім беруді оқудың орны, мерзімдері және нысаны 
есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жүзеге асырады 
және ол оқыту нәтижелерін растайтын құжат берумен бірге жүргізіледі. 
Ересектердің формальды емес білім беру арқылы өмір бойы алған оқу нәтижелері осы 
Заңда көзделген тәртіпке сәйкес танылады және одан әрі жұмысқа орналасуға 
жәрдемдеседі. 
2015.21.07. № 337-V ҚР 
Заңымен
 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 
дайындық бөлімдерінде оқыту қосымша білім беруге жатады. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
3-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. 
№ 171-VІ ҚР 
Заңымен
 (
бұр.ред.қара
); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР 
Заңымен
 (
бұр.ред.қара
) 3-
тармақ өзгертілді
3. Кадрлардың біліктілігін арттыру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті арттыру 
институттарында, өндірісте және «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша 
тағылымдамадан өту кезінде жүзеге асырылады. 
Докторлықтан кейінгі бағдарламаларды іске асыру ғылыми мектептері бар және 
кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары және 
(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда жеке 
және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 
2019.27.12. № 294-VІ ҚР 
Заңымен
 4-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
4. Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагогтерінің және ғылыми 
қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады. 
5. 2020.07.07. № 361-VI ҚР 
Заңымен
алып тасталды 
(
бұр.ред.қара
)
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 6-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
6. 
Қазақстан 
Республикасының 
азаматтары 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында белгіленген жас шектеулері ескеріле отырып, тағылымдамадан өту үшін 
«Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға арналған конкурсқа қатысуға құқылы. 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
63 
Конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарымен 
тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 7-тармақпен толықтырылды
7. «Болашақ» халықаралық стипендиясын әкімшілендіру жөніндегі іс-шаралар 
кешенін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым: 
1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды ақпараттық қолдап 
отыруды жүргізеді; 
2) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын 
қабылдауды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады; 
3) үміткерлерді конкурстық негізде іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар 
кешенін жүзеге асырады; 
4) оқыту, кепіл және (немесе) кепілдік шарттарын жасасады; 
5) стипендиаттардың академиялық оқытылуы мен тағылымдамадан өтуін 
ұйымдастыруды және оның мониторингін жүзеге асырады; 
6) оқытуды және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты шығыстарды 
қаржыландыруды қамтамасыз етеді; 
7) шарттың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыспен өтеу бөлігіндегі 
талаптарын стипендиаттардың орындауына мониторингті жүзеге асырады; 
8) халықаралық әріптестермен, шетелдік оқу орындарымен стипендиаттардың оқуын 
ұйымдастыруға арналған шарттар жасасады. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 37-1-баппен толықтырылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет