«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет71/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 6-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
6. Білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар келесі деңгейдегі білім беру ұйымына 
түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады. 
6-1. 2016.09.04. № 501-V ҚР 
Заңымен
алып тасталды 
(2017 ж. 1 қаңтардан бастап 
қолданысқа енгізілді) (
бұр.ред.қара
)
6-2. 2016.09.04. № 501-V ҚР 
Заңымен
алып тасталды 
(2017 ж. 1 қаңтардан бастап 
қолданысқа енгізілді) (
бұр.ред.қара
)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 172-VI ҚР 
Заңымен
 (
бұр.ред.қара
); 2020.07.07. № 361-VI ҚР 
Заңымен
 (
бұр.ред.қара
) 7-тармақ өзгертілді
7. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру 
тапсырысы бойынша білім алушы студенттерге, интерндерге, магистранттарға
докторанттарға, резидент-дәрігерлерге, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
77 
білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік 
стипендия төленуі мүмкін. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу 
қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 
Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім беру ұйымдарының неғұрлым дарынды магистранттарына және Қазақстан 
Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымдарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушыларына жоғары және (немесе) 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi 
негiзiнде төленеді. 
Көзі көрмейтін мүгедектердің және құлағы естімейтін мүгедектердің, жетім балалар 
мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған 
балалардың, сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша «үздік» деген 
бағаға ғана оқитын студенттер мен магистранттардың мөлшерін Қазақстан 
Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқығы 
бар. 
Жеке және заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар техникалық және 
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алушыларға 
тағайындалады. 
Атаулы стипендиялардың мөлшерін және оларды төлеу тәртібін оларды тағайындаған 
органдар мен тұлғалар айқындайды. 
8. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды 
(
бұр.ред.қара
)
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 9-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 9-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз (2023 ж. 1 
қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған білім алушыларды 
білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен 
жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етеді. 
10. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді. 
11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 
білім беру ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады. 
12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңілдіктер беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет