Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата12.03.2017
өлшемі2,03 Mb.
#8797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

   27-бап. Білім алу нысандары 
      Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру 
бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу 
жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу, экстернат және ерекше 
білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында 
жүзеге асырылады.
 
      Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 
№ 
398-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 
   28-бап. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру 
      1. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесі жұмыстық оқу жоспарлары мен 
жұмыстық оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      2. Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау мен 

есепке алу оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.
 
      Оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық 
көлемде уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
 
      Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау 
бекітілген оқу-тәрбие процесінің оқу жылына арналған графигі мен бекітілген теориялық 
және практикалық сабақтардың кестесі негізінде жүзеге асырылады.
 
      Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын есепке алу 
теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу 
сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
 
      Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау бекітілген оқу жылына арналған 
академиялық күнтізбе және бекітілген оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге 
асырылады.
 
      3. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру процесінің құрамдас 
бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, 
интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-
жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
 
      Білім беру ұйымдарында нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен 
айырықшалықты насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің 
жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тыйым 
салынады.
 
      4. Оқу-тәрбие процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог 
жұмыскерлердің адамгершілік қадір-қасиетін өзара құрметтеу және мүгедектердің 
құқықтарына білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде құрметпен қарау негізінде жүзеге 
асырылады.
 
      Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты күш көрсету, моральдық және 
психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол берілмейді.
 
      5. Азаматтарды күндізгі бөлімдерінде оқыту уақыты мерзімді әскери қызметті 
өткеруге теңестірілетін білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметін ұйымдастыру 
тәртібін олардың мемлекеттік басқару органдары айқындайды.
 
      6. Әскерге шақырылуға дейінгі және шақырылу жасындағы білім алушылардың негізгі 
орта білім беру базасындағы алғашқы әскери даярлығы - жалпы орта білімнің жалпы орта 
білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім 
беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (арнаулы білім 
беру ұйымдарынан басқа), ал жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын 
білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 
әскери кафедраларда жүзеге асырылады.
 
       7. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беру бағдарламаларын игеруін 
бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды жүзеге асырады және 
оларға аралық аттестаттау жүргізеді. 
 
      Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру 
және оларға аралық аттестаттау жүргізу нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда 
дербес болады.
 
      8. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, 
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру білім 
алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 Заңымен (01.01.2017 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      9. Жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау ұлттық 

бiрыңғай тест нысанында немесе мемлекеттiк бiтiру емтиханы нысанында жүзеге асырылады.
 
      Жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды және оқуын бiтiретiн жылы орта 
бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім 
беру ұйымдарына оқуға түсуге ниет бiлдiрушiлердi қорытынды аттестаттау ұлттық бiрыңғай 
тест нысанында жүзеге асырылады.
 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған жағдайларда ұлттық бiрыңғай тестте 
қатыспаған, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау 
мемлекеттiк бiтiру емтиханы нысанында жүзеге асырылады және оқуын бiтiретiн жылы орта 
бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм 
беру ұйымдарына кешендi тест арқылы түсуге мүмкiндiк бередi.
 
      10. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білімнің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды 
аттестаттау:
 
      1) бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауды;
 
      2) кәсiптiк даярлығының деңгейiн бағалауды және бiлiктiлiктi берудi қамтиды.
 
      Жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген бiлiм 
алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшелiктерiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган 
айқындайды.
 
      11. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмаған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің 
ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу-тәрбие процесінің барысымен және 
мазмұнымен, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
 
      Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 
№ 
398-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі); 03.12.2015 
№ 433-V
 (01.01.2016 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 
   29-бап. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру 
      1. Білім мен ғылымды интеграциялау, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету және 
жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында 
және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету 
мақсатында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады.
 
      2. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:
 
      орта білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және 
астананың әдістемелік кабинеттеріне және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің 
әдістемелік кабинеттеріне;
 
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы 
бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік 
кабинеттеріне жүктеледі.
 
      3. Білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда, оның ішінде оқу-әдістемелік 
және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарында ғылыми және оқу-әдістемелік қызметті 
үйлестіру білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
 
      Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 
№ 
398-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 
   30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 Заңымен (01.01.2019 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 

      1. Алты (жеті) жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе 
бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге 
асырылады.
 
      2. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде 
бес жастан бастап жүзеге асырылады.
 
      Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы 
бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында 
жүзеге асырылады.
 
      Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тегiн болып табылады.
 
      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
 
 
   31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 Заңымен (01.01.2019 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      1. 1-сыныпқа оқуға балалар алты (жеті) жастан қабылданады.
 
      2. Орта бiлiм беру ұйымдарының негiзгi түрлерi жалпы білім беретін мектеп, шағын 
жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейiндiк мектеп болып табылады.
 
      3. Он алты жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан 
шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және 
бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша 
ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
 
      Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы 
шешім қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келісімімен қабылданады.
 
      Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 
№ 
398-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 
   32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру 
      1. Техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім 
беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде жүзеге асырылады.
 
      Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім 
беру ұйымдарындағы оқу процесі теориялық сабақтарды және оқу-өндірістік 
шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің 
басшылығымен орындалатын, сондай-ақ тікелей өндірістегі және тиісті бейіндегі 
ұйымдардағы өндірістік оқытуды қамтиды.
 
      2. Алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
      3. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын 
білім беру ұйымдары оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу 
полигондарында шығарылатын өз өндірісі өнімдерін өткізеді.
 
      Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 
№ 
398-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 
   32-1-бап. Кәсіптік даярлық 
      1. Кәсіптік даярлық белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе 
өзгерген кәсіптік дағдыларды білім алушылардың жедел меңгеруіне бағытталған. Кәсіптік 

даярлық білім алушының білім деңгейін арттырумен байланысты емес.
 
      2. Қызметкерлердің немесе жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де 
адамдардың кәсіптік даярлығын жұмыс беруші тікелей ұйымдарда, оқу орталықтарында, 
курстарда, сондай-ақ заңды тұлғалардың әр түрлі оқу-өндірістік құрылымдарында немесе 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізеді.
 
      3. Кәсіптік даярлық оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан 
Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
 
      Кәсіптік даярлықтың нысанын, мазмұны мен көлемін жұмыс беруші тиісті кәсіп бойынша 
қолданыстағы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде айқындайды.
 
      Кәсіптік даярлық нысандарына кәсіпорындарда оқыту, басқа мамандыққа қайта оқыту, 
корпоративтік жауапкершілік және оқушылық негізінде кооперативтік оқыту жатады.
 
      4. Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау бойынша біліктілік емтиханынан табысты өткен 
адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілікті 
беру туралы белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) беріледі.
 
      Ескерту. 5-тарау 32-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
 
 
   33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру 
      Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары колледждерде және жоғары 
колледждерде іске асырылады.
 
      Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды 
даярлау, тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтар бойынша 
жүзеге асырылады.
 
      Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015 
№ 
398-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 
   34-бап. Жоғары техникалық мектептер 
      Ескерту. 34-бап алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
 
 
   35-бап. Жоғары білім беру 
      1. Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен 
кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім 
алуға құқығы бар.
 
      2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары жоғары оқу орындарында iске 
асырылады.
 
      Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу орны, зерттеу университеті, 
университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары 
мектеп, жоғары училище) жоғары оқу орындарының негiзгi түрлерi болып табылады.
 
      Жоғары оқу орындарында тиісті лицензия және материалдық-техникалық база болған 
кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан 
кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламалары, сондай-ақ мәдениет саласындағы 
білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін 
оқу бағдарламалары іске асырылуы мүмкін.
 
      Мәдениет саласындағы жоғары оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орындары 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары 
бойынша оқу процесін жоғары оқу орындарының ақылы қызметтер көрсетуден алатын кірістері 
есебінен қамтамасыз етеді.
 

      3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру бойынша қорытынды 
аттестаттаудан табысты өткен білім алушыға біліктілік және (немесе) "бакалавр" 
академиялық дәрежесі беріледі.
 
      4. Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді 
жүргізу үшін жоғары оқу орындары инновациялық-білім беру консорциумын құруға және 
(немесе) оған кіруге құқылы.
 
      Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 

461-IV
 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 
№ 398-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңдарымен.
 
 
 
   36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
      1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады.
 
      2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жоғары оқу орындарының магистратурасы мен 
докторантурасында, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасында, 
сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес 
күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары оқу орындарына оқуға жiберу 
арқылы жүзеге асырылады.
 
      3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары 
базасында:
 
      1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
 
      2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге 
асырылады.
 
      4. Кадрларды докторантурада даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары 
базасында:
 
      1) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
 
      2) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
 
      4-1. Әскери мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алған немесе жоғары оқу орнынан 
кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар философия докторы (PhD), 
бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін әскери, арнаулы оқу орындарының 
докторантурасында кемінде үш жыл даярлықтан өтеді.
 
      5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтік білім беру 
резидентураны, магистратура мен докторантураны қамтиды.
 
      Резидентурада мамандануына қарай оқыту ұзақтығы екі жылдан төрт жылға дейін 
клиникалық мамандықтар бойынша тереңдетіле даярлау жүзеге асырылады. Резидентура 
туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
 
      Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 

553-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі); 13.11.2015 
№ 398-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 
   37-бап. Қосымша білім беру 
      1. Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті 
орган айқындайтын білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады.
 
      Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім 
алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде 
ұсынады.
 

      2. Ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру қоғамда болып жатқан 
әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес бiлiм мен дағдылардың қосымша көлемiн алу 
үшiн олардың өмiр бойы бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған.
 
      Ересектерге бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша бiлiм беру 
бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
 
      2-1. Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту қосымша білім беруге 
жатады.
 
      3. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білімнің 
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, 
біліктілікті арттыру институттарында, өндірісте және "Болашақ" халықаралық стипендиясы 
бойынша тағылымдамадан өту кезінде жүзеге асырылады.
 
      4. Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң 
бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.
 
      5. Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта 
даярлау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік бағдарламаларға 
сәйкес медициналық білім және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады.
 
      6. Қазақстан Республикасының азаматтары тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" 
халықаралық стипендиясын алуға арналған конкурсқа қатысуға құқылы.
 
      Тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын алуға баллдары теңдей 
болған кезде Президенттік олимпиада жеңімпазы ғылыми жетекшісінің басым құқығы бар.
 
      "Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен 
"Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады.
 
      7. "Болашақ" халықаралық стипендиясын әкімшілендіру жөніндегі іс-шаралар кешенін 
жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым:
 
      1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды ақпараттық қолдап 
отыруды жүргізеді;
 
      2) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын 
қабылдауды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
 
      3) үміткерлерді конкурстық негізде іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар 
кешенін жүзеге асырады;
 
      4) оқыту, кепіл және (немесе) кепілдік шарттарын жасасады;
 
      5) стипендиаттардың академиялық оқытылуы мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды 
және оның мониторингін жүзеге асырады;
 
      6) оқытуды және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты шығыстарды 
қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
 
      7) шарттың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыспен өтеу бөлігіндегі 
талаптарын стипендиаттардың орындауына мониторингті жүзеге асырады;
 
      8) халықаралық әріптестермен, шетелдік оқу орындарымен стипендиаттардың оқуын 
ұйымдастыруға арналған шарттар жасасады.
 
      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.24 
№ 487-ІV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс 
енгізілді - 21.07.2015 
№ 337-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 
№ 398-V
 (алғашқы ресми жарияланған 
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет