Білім туралы Күшін жойған



бет2/26
Дата07.01.2022
өлшемі94,12 Kb.
#20049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 , 2004.07.09. N 597 , 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.04. N 150 , 2007.05.15. N 253 Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының білiм беру


саласындағы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. <*>
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 597 Заңымен .

  3-бап. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың


принциптерi

      1. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының бiлiм алу құқықтарының теңдiгi;
      2) әрбiр азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшелiктерi ескерiле отырып, халықтың барлық деңгейдегi бiлiмге қол жеткiзуi;
      3) бiлiм берудiң зайырлы сипаты;
      4) жеке адамның бiлiмдiлiгiн ынталандыру және дарындылығын дамыту;
      5) бiлiм беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететiн бiлiм беру процесiнiң үздiксiздiгi;оқу мен тәрбиенiң бiрлiгi;
      6) бiлiм беру ұйымдарының меншiк нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенiң нысандары, бiлiм беру бағыттары бойынша алуан түрлi болуы;
      7) бiлiм берудi басқарудың демократиялық сипаты және бiлiм беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкiлеттiгiн кеңейту;
      8) бiлiм берудiң iзгiлiктi және дамытушы сипаты;
      9) бiлiмнiң, ғылымның және өндiрiстiң интеграциялануы;
      10) оқушыларды кәсiптiк бағдарлау;
      11) бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру.
      2. Бiлім беру ұйымдарында саяси партиялар мен дiни ұйымдардың (бiрлестіктердiң) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметiне жол берiлмейдi.

4-бап. Азаматтардың бiлiм беру саласындағы құқықтарының




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет