Білім туралы Күшін жойған


мен мiндеттерi, олардың әлеуметтік кепiлдiктерi



бет23/26
Дата07.01.2022
өлшемі94,12 Kb.
#20049
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
мен мiндеттерi, олардың әлеуметтік кепiлдiктерi

      1. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi бiлiм беру ұйымдарының жарғыларымен, iшкi тәртiп ережелерiмен және қызметтiк нұсқаулықтармен айқындалады.
      2. Педагогтiк қызмет атқаратын адамдар педагог қызметкерлер болып есептеледi.
      3. Бiлiм беру ұйымдары педагог қызметкерлерiнiң:
      1) кәсiптiк қызмет үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етiлуге;
      2) бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi стандарты сақталған жағдайда педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың тәсiлдерi мен нысандарын еркiн таңдауға;
      3) ғылыми зерттеулер тақырыбын және олардың нәтижелерiн педагогикалық практикада пайдалану нысандарын еркiн таңдауға;
      4) оқу орнын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
      5) жұмыстан қол үзе отырып, құрылтайшының қаражаты есебiнен бес жылда бiр рет ұзақтығы төрт айдан аспайтын уақытта өздерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға;
      6) санатын көтеру, қызметiнде өсу мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға;
      7) жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру мекемелерiнiң педагог қызметкерлерi мен оларға теңдестiрiлгендер үшiн ұзақтығы күнтiзбелiк 56 күнге; әдiстемелiк қызмет орындарының қызметкерлерi, мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың педагог қызметкерлерi үшiн - күнтiзбелiк 42 күнге ақы төленетiн демалыс алуға;
      8) жеке педагогикалық қызметке;
      9) өзiнiң кәсiптiк абыройы мен қадiр-қасиетiн қорғауға;
      10) бiлiм беру ұйымдары мен олардың қызметкерлерiнiң бiлiм беру және экономикалық қызметiнiң көзi болып табылатын материалдық активтер (ғылыми, әдiстемелiк еңбектер, патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету, бiлiм беру және ақпарат технологиялары және басқалар) нысанындағы интеллектуалдық меншiгiн меншiктiң басқа түрлерiмен бiрдей қорғауға;
      11) бiлiм беру ұйымы әкiмшілiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiне шағым жасауға;
      12) педагогикалық қызметтегi табыстары үшiн материалдық және моральдық жағынан көтермеленуге, ордендермен және медальдармен, құрметтi атақтармен, белгiлермен және грамоталармен марапатталуға құқығы бар.
      4. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары педагог қызметкерлерiнiң:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын үй алуға;
      2) ауылдық (селолық) жерлерде тұрып жұмыс iстейтiндер - жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейтiн мөлшерде коммуналдық қызмет көрсету мен отын шығындары бойынша жеңiлдiктер (ақшалай өтемдер) алуға;
      3) жеке меншігінде малы барлардың жемшөппен, малын жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен ауыл шаруашылық ұйымдарының қызметкерлерімен бірдей қамтамасыз етілуге құқығы бар.
      4-1. Селолық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм берудiң педагогикалық қызметкерлерiне жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша, қызметтердiң осы түрлерiмен қала жағдайында айналысатын педагогикалық қызметкерлердiң ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес процентке жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленуi мүмкiн.
      5. Педагог қызметкерлердi олардың негiзгi қызметiне тән емес қызметтердi атқаруға қызметкерлердiң өз келiсiмiнсiз тартуға жол берiлмейдi.
      6. Мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарының эксперимент режимiнде жұмыс iстейтiн педагог қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қосымша ақы төленедi.
      7. Педагог қызметкерлер:
      1) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң тиiстi мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес бiлiм, шеберлiк және дағды алуын қамтамасыз етуге;
      2) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жеке және шығармашылық қабiлеттерiн ашып, оны дамытуына жәрдемдесуге;
      3) өз бiлiктiлiгiн арттыруға;
      3-1) кемiнде бес жылда бiр рет аттестаттаудан өтуге; <*>
      4) педагогтiк әдеп нормаларын сақтауға;
      5) бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң қадiр-қасиетiн құрметтеуге;
      6) салауатты өмiр салтын жүргізiп, оны бiлiм алушылар, тәрбиеленушiлер арасында насихаттауға мiндеттi.
      Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 484 Заңымен , 2001.06.11. N 207 Заңымен , 2004.07.09. N 597 Заңымен , 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

42-бап. Еңбек қатынастары және бiлiм беру ұйымы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет