Білім туралы Күшін жойған


басшысының жауапкершiлiгi



бет24/26
Дата07.01.2022
өлшемі94,12 Kb.
#20049
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
басшысының жауапкершiлiгi

      1. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары еңбек шартымен реттеледі. Еңбек шартының талаптары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.
      Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң (профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлердiң) лауазымдарға орналасуы конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
      2. Бiлiм беру ұйымының басшысы:
      1) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң, бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
      2) өзiнiң құзыретiне жатқызылған мiндеттердi орындамағаны;
      3) мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандартының талаптарын орындамағаны;
      4) тәрбиеленушiлердiң, бiлiм алушылардың және бiлiм беру ұйымы қызметкерлерiнiң оқу-тәрбие процесi кезiндегi өмiрi мен денсаулығы;
      5) қаржы-шаруашылық қызметінiң жай-күйі, соның iшiнде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
      6) нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген өзге де тәртiп бұзушылықтар үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
      Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 Заңымен , 2004.07.09. N 597 Заңымен , 2007.05.15. N 253 Заңдарымен.

  6-тарау. Білім беру экономикасы

43-бап. Бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:
      1) жалпы орта және кәсiптiк бастауыш бiлiм алуына - мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiн ұстауды бюджеттен қаржыландыру;
      2) кәсiптiк орта бiлiм алуына - 10-11 (12) сыныптардың жалпы бiлiм беру бағдарламасы бойынша оқу кезеңiнде бiр оқушыға шаққанда бюджеттiк қаржыландыру;
      3) кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алуына - мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы мемлекеттік кепiлдiктердiң негiзi болып табылады.
      2. Мемлекет жыл сайын бiлiм беруге, оның басымдығын ескере отырып, бюджет қаражатын бөледі.
      3. <*>
      4. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру бiлiм беру деңгейлерi бойынша жалпыға бiрдей мiндеттi мемлекеттiк стандарттармен белгiленген талаптарды сақтау арқылы және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн ақшалай және заттай нормаларды, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу нормаларын ескере отырып, бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
      Шағын жинақталған мектептердi қаржыландыру iсiнде бiлiм алушылар санына қатысы жоқ шығындар ескерiлуге тиiс.
      Өзге қаржылық және материалдық түсiмдердi, оның iшiнде валюталық түсiмдердi мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен пайдаланады.
      5. Мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру бiлiм беру қызметін сату, құрылтайшылардың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк аттестаттаудан өткен кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн мемлекеттiк емес ұйымдар конкурстық негiзде мемлекеттiк бiлiм беру кредитiн немесе гранттарын алған адамдарды оқуға қабылдау жолымен мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орындауға қатыса алады.
      Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 207 Заңымен , 2004.07.09. N 597 Заңымен , 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

  44-бап. Бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық


базасы

      1. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жасау мен дамыту бюджет қаражаты мен осы Заңда белгiленген өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
      1-1. Түзеу мекемелерiнде мiндеттi жалпы орта және бастауыш кәсiптiк бiлiм беру үшiн үй-жайларды ұстауға және жарақтандыруға байланысты шығыстарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
      2. Бiлiм беру ұйымдарының мүлiктi өз жарғыларында белгiленген тәртiппен иеленуге және пайдалануға құқығы бар.
      3. Жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн мемлекеттiк ұйымдардың құрылымын өзгерту мен оларды жекешелендiру, бiлiм беру қызметiнiң бейiнi сақталмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органымен келiсе отырып жүргiзiледi.
      4. Мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымдарын қолдау мақсатында оларға мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының босатылған үйлерi мен тиiстi материалдық базасы заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органымен келiсе отырып, жекешелендiру жолымен берiлуi мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет