Адамзат өркениетінің бүкіл дамуы ғылыми техникалық прогреспен тығыз байланысты. Қазіргі қоғам өмірін ақпараттық құралсыз, тұрмыстық электрондық техникасыз елестету мүмкін емес



Дата31.12.2021
өлшемі68,37 Kb.
#22682

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті


СӨЖ

Тақырыбы: Жаңартылған бағдарлама бойынша «География» пәнін оқытудың мақсаты

Орындаған:Байғараев Мұхит

Қабылдаған: Тұрданова Малика

Тобы: С1511-10ж


Шымкент 2021ж

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында  «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралақ  ғаламдық коммуникалық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалім күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңашыл идеялар мен ғылыми еңбектер ендіру қажет. Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі бере өзгеріп отырады. Ол әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қай кезде де жалпы білімнің атқаратын қызметі – жас ұрпақтың танымдық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз ету. Заман өзгерістеріне қарай мектептерге қойылатын талап та, ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс-тәсілдері де өзгереді. Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең  басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.

Өскелең, болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып оқытып, логикалық ой тұжырымдатып, таңғажайып ғылым саласына тартуда орта мектеп мұғалімдерінің атқаратын рөлі зор. Жаңа ХХ ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап дамуна жол ашып, адамзат қоғамын ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелгені шындық.

Адамзат өркениетінің бүкіл дамуы ғылыми – техникалық прогреспен тығыз байланысты. Қазіргі қоғам өмірін ақпараттық құралсыз, тұрмыстық электрондық техникасыз елестету мүмкін емес. Енді басқаруда – жоғары ақпараттық мәдинет жолы. Өмірдің қажеттілігінен басқару туралы ерекше ғылым – кибернетика туды. Ол сонымен бірге ақпарат туралы да ғылым. Жаңа ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған тәуелсіз Қазақстан Республикасының әрбір білім беру саласы мен буындарында тың көзқарас, жаңа үлгідегі ізденіс қажет. Соның ішінде жаратылыстану саласында география пәнінің орны ерекше. Ол оқушыларға дүниетанымдық сабақ берумен қатар, олардың алған білімін есіне сақтау, ойлау қабілетін, тіл байлықтарын, ой өрісін кеңейтіп, зеректік, іскерлік және табиғат құбылыстарын жете бақылағыштық, қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарайтын сезімдерін жетілдіреді. Қазіргі ақпарат дәуіріндегі интернет  жүйесі оқушылардың таным көкжиегін тіпті де кеңейтіп, ізденгіштігін күшейте түсті. Оқушының ақпараттық қоғамда өмір сүруіне және ақпарат ағымында дұрыс бағдарланып тиімді шешімін табуда информатика пәнінің маңызы зор. Осы пәнмен басқа пәндер байланысатын болса, білім қорытындысы жаңа нәтижеге жетеді. Соның бірі география пәні. Онда оқушының білімін әртүрлі тапсырмаларды компьютерде орындату арқылы  бақылап, бағалау өте тиімді.

Жаңа технологияларды  пайдаланудың ерекшелігі:

1. Сабақ жүргізудегі көрнекілікті қамтамасыз етеді.

2.Оқу ақпараттарын қысыңқы түрде жеткізу, жылдамдық пен ақпарат тығыздығы  жоғарлай түседі.

3.Бақылауға қиын не мүлдем келмейтін құбылыстар, нысандар, процестерді жан – жақты көрсетеді.

4.Техникалық құралдарды  кешенді түрде пайдалана отырып, еш қиындықсыз бір түрінен екіншісіне ауыса алу мүмкіндігі туады.

Оқушыларды техникалық құралдармен таныстыруға болады. Интерактивті  және аудиовизуалды құралдарды географияда:

1) табиғат пен қоғам дамуындағы  заңдылықтарды көрсететін  иллюстрацияларды талап ететін материалды бекітуде;

2) компьютермен  өз бетімен жұмыс барысында  қолдануға болады.

Мұндай жүйелердің атқаратын қызметі:

Сызбаның ақпараттық база мәліметтерін жасау және жүргізу.

2.Жергілікті өңірдің жоспары мен карталарын және түрлі схемаларды сызу.

3.Өте күрделі схемаларды құрастыру.

Ғылыми бағытталған жұмыстарды  атқаратын оқушылар үшін де  бұндай бағдарламалардың атқаратын рөлі өте зор. Өйткені біздің мектепте  дарынды балалармен жұмыс жүргізу белгілі бір жүйеге келтірілген:Оқушылардың ғылыми қоғамы «Жас жігер», ғылыми жоба қорғау, ғылыми практикалық конференция.

Оқушының өз бетімен жұмысы  оқу үрдісінің құрамды бөлігі,өз бетімен ғылыми тұжырым жасап, алынған деректі жүйелеп қорытындылау, өз ойын тұжырымдау, проблемалы ситуацияларды шығармашылықпен шешу дағдысын қалыптастырады.

Оқушының жеке басының өзін-өзі басқару механизмі қалыптасады.



Включить звук

 

Оқулықта жоқ кейбір мәселелер бойынша тереңірек ізденіп, әдебиеттермен жұмыс істейді.Мұның оқушының пәнге қызығушылығын арттырады әрі белсенділігін көтереді. Географияны  оқытуда жаңа ақпараттық технологиялар  құралдарын кешенді қолдану  жүйесінде  Интернеттің  маңызы артып отыр.Интернеттің  ресурстары мен мүмкіндіктерін географ мұғалім өз жұмысында пайдалана алады.



Білім  берудің  міндеттері өзгеріп тұрған заманда , оқушыны ақпаратқа қанықтыру емес , қоғамда өз орны бар, сапалы білім мен тәрбиелі ұрпақты өсіру.

Оқыту үрдісін  ұйымдастырудың  негізгі формасы – сабақ.Сабақтың барлық құрылымы бір-бірімен  тығыз ұштасуы шарт.Мұнда мұғалім оқушылармен ынтымақтастықта , олардың өз бетінше орындайтын жұмысына , ұжымдық қарым- қатынасына ,жеке оқушылардың психологиялық  ерекшеліктері мен қасиеттерін есепке алып, олардың әрекетін  ұйымдастыруға , дара шыққан оқушылар әрекетін  дамыта түсуге берілетін түсініктер  мен ұғымдардың  дәл әрі айқын  болуына біліктілік пен дағдыны  қалыптастыруға  және уақытты  тиімді пайдалануға  айрықша мән беру керек.

Мұғалім оқушыны  ойлауға,өздігінен ізденіс жасауға  баулып, ойын ауызша жинақтап, баяндай білуге үйретеді. Оқушы лқу материалын  меңгеру үрдісінде  өз бетімен жұмыс істей алмайтын болса, оның білімі үстірт, таяз болып,көп кешікпей  ұмытылады. Өз бетінше  жұмыс оқушының  жаңа нәтижеге  жетуіне мүмкіндік береді. Практикалық тапсырмалармен  өздік жұмыс  екі түрлі  педагогикалық құбылыстарды  анықтау үшін меңгерген білімдері мен  тәжірибелерін қолданып өздеріне  белгісіз  себеп-салдарды  іздеп табатын немесе алда тұрған міндетті шешудің  жаңа әдісін анықтайтын жағдайда, яғни жаңа нәтижеге жеткенде ғана атқарылатын істі өздігінен орындалған жұмыс деуге болады.

Оқушыларға сапалы білім беру, пәнге қызықтыру менің практикамда белгілі бір жүйе бойынша атқарылады.



Қорыта келгенде, мұғалім алдыңдағы негізгі міндет – оқушының таным-білімін белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту. Ол үшін мұғалім шеберлігін құрайтын біліктіліктің критерийлерін іске асыру шарт.



Қолданылған әдебиеттер:

1.Ю.Н.Гладкий., С.Б.Лавров. «Ғаламдық география», «Кітап баспасы». Алматы 2006 жыл

2.География және табиғат ғылыми-педагогикалық журнал 2005№1 2007№1

3.ЧигаркинА.В. Геоэкология и охрана природы Казахстана.2003



4.А.Қ.Әлімов. Оқудағы интербелсенді әдіс тәсілдер. Астана «Назарбаев зияткерлік мектебі» 2014 жыл.ПШО.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет