|
Білімнің жағып шырағын Әдеби ассорти
|
бет | 1/2 | Дата | 13.03.2023 | өлшемі | 0,91 Mb. | | #73713 |
| Байланысты: әдеби ассорти - 1.1841 -1889 жыл бұл нені білдіретін сандар?
- 2.Ы.Алтынсарин әңгімесінің атындағы санды атаңыздар “... уыс мақта”
- 3. “Әке мен бала”әңгімесіндегі әке жолда жатқан тағаны алып,ұсталарға неше тиынға сатқан?
- 4. “Сәтемір хан” әңгімесіндегі кейіпкері Сәтемір деген бала неше жасында атасынан жетім қалады ?
- 5.Қыпшақ Ізбасты би көш үстінде көп адаммен бір түлкі қуысып, бәрінен бұрын жетіп,түлкіні соғып алады.Сол кезде Ізбасты би неше жаста еді?
- “Жан-жануарлардың дауласуы” әңгімесіндегі мына сөздер кімге тиесілі
- “ ... Адам үстіме мінсе,алысын жақын етемін,күшімді болса көреді,сүтімді
- болса ішеді,қылыма дейін арқан істейді,адамға менен пайдалы жоқ”
- 2. “Асыл шөп” әңгімесіндегі Бәтима деген қыз айтқан асыл шөптің аты не?
- 3. “Асыл шөп” әңгімесіндегі Бәтима мен Зылиха деген қыздар төбесінде нені
- қалаға әкеле жатты?
- 4. “Әке мен бала ” әңгімесінде әке сатқан тағаның ақшасына не сатып алды?
- 5. “Айуанның естісі көп,бірақ адамдай толық ақылы жоқ” әңгімесінде қандай
- жануар туралы айтылған? “Біреуі қора,біреуі үй кзетеді,біреуі малшы орнына
- мал бағады,біреуі аң,құс алыпбереді,біреулерітіпті ат орнына жегіліп те жүреді”
- 1.Ы.Алтынсариннің шын атын атаңыз?
- 2.Мына сипаттама бойынша Ы.Алтынсарин әңгімесінің кейіпкерін атаңыз
- Сен тұрымтай ұл едің ,Түркістанда жүр едің;Әбілмәмбет ағаңа қызметкер
- болған ұл едің;Үйсін Төле билердің түйесін баққан құл едің.Сен жиырмаға
- келгенде ,ақ сұңқардай түледің.Алыстан тоят тіледің
- 3. “Бай мен жарлы әңгімесіндегі екі баланың аттары кім?
- 4.Ы.Алтынсарин әңгімесіндегі кейіпкердің мына сипаттмасы бойынша
- мінездеме беріңіз
- Кәрім деген мешер өзі жұмысқа тәуір жігіт те болса,жуынып,кірсіз көйлек
- киіп,таза жүрумен ісі жоқ еді .Әркім айтушы еді:
- -Саған не болды,Кәрім,бойыңнан кіріңді ағызып жүргеніңше,жуынсаң
- болмай ма ?-деп
- -Қолым тимейді ,-деуші еді ол
- 5. “Петр патшаның тергелгені ” әңгімесінде Петр патша қазылардың
- (соттардың) несіне разы болды?
- 1.Ы.Алтынсариннің қай өлеңін барлық балалар жатқа біледі?
- 2.Алтынсариннің бір өлеңінің мына жолдарынан қай жыл мезгілі
- Сипатталған,ын анықтаңыз?
- Нөсердің қуатымен жер шөбі өсер
- Көкорай дүние жүзі шалғын болып..
- Жан,айуан,адамзат бауырын төсер
- Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша
- Жайқалып шыға келер жердің гүлі
- 3.Мына үзінді Ыбырай атамыздың қай өлеңінен алынған
- ...Адамды құстай ұшырды,
- Мал істейтін жұмысты
- От пен суға түсірді
- Отынсыз тамақ пісірді,
- Сусыздан сусын ішірді
- 4. “Бұл кім” өлеңі кімге арналған?
- 5.Ы.Алтынсариинің су қоймасының қайсысына арналған өлеңі бар?
- “Алтын шеттеуік” әңгімесінің мазмұнына сай келетін
- мақал –мәтелді табыңыз?
- А)Алтын алма,білім ал
- Ә)Жер-қазына ,су-алтын
- Б)Адам көркі-шүберек,ағаш көркі-жапырақ
- В)Әр нәрсенің сыртына қызықпа,асылы ішінде
- 2. “Жамандыққа жақсылық” әңгімесінің атындағы сөздер өзара
- мағынасы бойынша Не болып табылады?
- 3.Берілген әңгіменің аты ретіндегі сөйлемнің түрін анықтаңыз
- “Айуанның естісі көп бірақ адамдай толық ақылы жоқ
- 4. “Әділдік”, “надандық”, “салақтық”, “зеректік” деген әңгімелерінің
- аттарындағы сөздерге не тән?
- А)Зат есімдер дара,негізгі
- Ә)Сын есім дара, туынды
- Б)Зат есім күрделі ,туынды
- В)Зат есім дара ,туынды
- 5.Ы.Алтынсарин әңгімелері аттарының арасынан біріккен күрделі сөз
- болып табылатындарын белгілеңіз?
- А) “Жомарт” “Қанағат”
- Ә) “Сәтемір хан”, “Силинші ханым”
- Б) “Жаман жолдас”, “Мейірімді бала”
- В) “Ізбасты”, “Байұлы”
|
|
|