Бимаканова зылыйха шахметовна


тақырып: Еркіндік философиясы



бет10/15
Дата12.04.2023
өлшемі119,85 Kb.
#81721
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Бимаканова зылыйха шахметовна

3.2 тақырып: Еркіндік философиясы
1.Философия тарихындағы еркіндік ұғымы және философтардың шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы, еркіндік пен жауапкершілік, еркіндік пен абсурд концепциялар.
2.Еркіндік деңгейлері: оң және теріс еркіндік.
3.Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік.
4.Тұлғаның, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары. Абайдың "толық адам" концепциясы.
Еркіндік пен ерік синоним ретінде қолданылады. Ерік өз тілегеніңді алдыңа қойған мақсатыңды жүзеге асыру, саналы ұмтылыс, тілек, талап, билік, мүмкіндік, ал «еркіндік дегеніміз – ерікті күй». Ар-ождан қоршаған орта алдындағы өнегелі жауапкершілік сезімі. Ар «өз қылығы үшін адамдардың қоғам алдындағы моралді жауапкершілікті сезінуі мен сезімі» – деп анықтауға келеді. Егер еркіндік шындықты адекватты түрде тануда болса, онда адам таным объектісіне тәуелдікте, оның еркін ерігі басылып қалған. Объективті қажеттілікті тани отырып, адам өзін қоршаған табиғи ортаға, әлеуметтік үрдістерге, өз табиғатына әсер етуге қабілетті. Еркіндік пен жауапкершіліктің өзара байланысын гносеологиялық тұрғыдан қарастырғанда, мәселе өте күрделенеді. Еркіндік пен жауапкершілік ұғымдарын түсіну диапозоны өте кең. Ол еркін таңдау мүмкіндігін толық терістейтін – бихевиоризм концепциясынан басталып, қазіргі өркениеттік қоғам жағдайындағы Э.Фроммның «Еркіндіктен қашуына» дейін жалғасып жатыр. Еркіндікке келсек, ол адамдардың қылыққа қабілеттілігі, «саналы қажеттілік» арқылы жауапкершілікпен байланысқан. Еркіндік еріктілік ретінде тұлға мен қоршаған орта адамдарының алдында шектеледі. Ол адам болмысының әмбебапты сипаты. Адамдардың жауапкершілігі таңдау еркіндігі арқылы өсіп, немесе төмендеп отырады. Біреулерге еркіндік – рәміз, біреулерге идеал, біреулерге мақсат емес, құрал, енді басқаларға өнегесіз, саяси ойында қалқа болып табылады. Жауапкершілік қашанда – тұлға әрекетінің өзін реттеуші, тұлғаның өнегелі кемелдігін көрсетуші феномен. Жауапкершілік адамдарға ар мен парыз сезімін, өзін басқара білуді жүзеге асыруда көмектеседі.
К. Маркс еркіндік туралы ой-көзқарастарын өзінің «Капитал» еңбегінде қалдырады. Ол адам еркіндігінің адамдық қатынастағы үш тарихи кезеңі немесе сатысын көрсетті. Бұларға жеке тәуелділік қатынас, ерікті индивидуалдылық және жеке тәуелділік жатады. Философия тарихында еркіндік мәселесінің орын алуы ерте замандардан басталады. Философиядағы еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғым адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі.
Ағылшын философы Томас Гоббстың пікірінше, еркіндік деп адамдардың өз ойымен және өз түсініктері бойынша істеуіне болатын әрекеттерді атқару барысында сырттан кедергілердің болмауы, еркіндікпен қажеттіліктің үйлесе алатындығы.
Еркіндік мәселесі Б.Спинозаның ілімінде адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебі оның табиғаты ізгілікті.
М.Хайдегердің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысын адамның шынайылығы-оның еркіндігінде. Еркіндік болмыста негізделген және болмысты негіздейді
Фихте еркіндіктің деңгейлерін:
- инстинкт арқылы сананың шексіз басшылық ету кезеңі;
-саналы инстинкт сыртқы мәжбүрлі беделге айналған кезең;
- арылу кезеңі, бұл кезеңде кез-келген ақиқатқа селқос қарау басым болды;
- саналы ғылым кезеңі- ақиқаттың мойындалған кезеңі;
- саналы өнер кезеңі - адамзат сенімді түрде сананың жеткен жетістігін пайдаланған кезең деп көрсетеді.
Философ Фромм еркіндікті оң және теріс деп: Оң еркіндік ойластырған мәселені жүзеге асыруға кедергі келтіретіндерден бас тартуды, ал теріс еркіндік адамдар алдындағы жауапкершіліктен, барлық міндеттерден бас тарту. Бұл қоғамда кері пікір қалыптастыратын еркіндік түрі.
Абайдың «Толық адам» концепциясы «Он жетінші» қара сөзінде «толық адамның» мәні мен негізіне үңілген жүйе бар. Сол жүйені мынадай күйде көруге болады:
а) толық адам: ақыл, қайрат, жүрек;
ә) ақыл, жүрек;
б) жуанмәртілік: ақыл, рақым, әділет;
в) жүрек: әділет, рақым, мейірім,сүю, т.б.
г) әділет;
д) сүю;
е) ізгілік, қайырымдылық, бақыт.
Жеке тұлғаның еркіндігі адамның қоғамдағы әлеуметтік және құқықтық жағдайының негізі болып табылады. Оның қоғамдағы формалары төмендегідей:
- адамға тән және оны басқа тірі заттардан ажырататын ішкі еркіндік;
- шектеу мен зорлық-зомбылықтан, теңсіздік пен қоғамдағы кемсітушіліктің әртүрлі түрлерінен еркіндік. Бостандық адамның қадір-қасиетіне қайшы келетін және құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді жеке тұлғаға қатысты қолдануға тыйым салуда көрінеді;
- еркіндік – тұлғаның іс-әрекет сипаттамасы ретінде. Еркіндік адамның әлемге деген түрлі қарым-қатынасының түрлі нұсқаларын таңдауды болжайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет