«биоэтика және қоршаған ортаны қОРҒАУ» Мамандығы: «5В060700-Биология» Курс- 2 Семестр 3


Өндірістің іс-әрекеті нәтижесінде ауа әртүрлі ондаған химиялық заттармен ластанады. Олардың неғұрлым зияндысы химиялық өнеркәсіп өнімдері мен ауыр металдар тұздары



бет3/7
Дата25.01.2023
өлшемі80,54 Kb.
#62746
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Өндірістің іс-әрекеті нәтижесінде ауа әртүрлі ондаған химиялық заттармен ластанады. Олардың неғұрлым зияндысы химиялық өнеркәсіп өнімдері мен ауыр металдар тұздары.
Жылуэнергетика нысандары басқа ластаушы көздердің арасында жоғары валдық мөлшерін береді. Жыл сайын әлемде 10 млрд тонннаға жуық шартты отын жағылады. Отын жанғанда адамзат жылына 34x1015 ккал жылу бөледі. Жылу электр орталықтары ластануларының құрамы салыстырмалы түрде тұрақты, және төрт негізгі компоненттің болуымен сипатталады: тозаңның, көміртегінің қос тотығының, азот тотығы мен күкірт тотығының. Табиғи ластаушы көздер атмосфералық ауаның ластануының жалпы санының 10% жуығын құрайды. Олардың ең жоғарысы жыл сайын 3 млн. га ормандарды жоятын өрттер болып табылады. Ауыл аймақтары үшін ауаның ластануының басым көзі - топырақ. Топырақты минералды тыңайтқыштермен және өсімдіктерді қорғайтын заттармен ластанғанда топырақтың желмен көтерілетін жоғарғы көп бөлігі тұрғындардың денсаулығын барынша нашарлатады.

Атмосфералық ластанулардың жедел әсері.
Жедел әсер белгілеріне тән болып табылады:
• қаланың немесе қандай да бір қалалық аудан тұрғындарының денсаулықтарының күрт нашарлауына байланысты жедел көмекке жүгіну денгейінің әдеттегіден тыс жоғары болуы;
• қала тұрғындарының, әсіресе анамнезінде тыныс алу мен жүрек-тамыр жүйесі мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар арасында өлімнің жоғары болуы;
• көрсетілген құбылыстардың уақыт бойынша шектелуі (3 – 10 күн).
Медициналық көмекке жүгінетін науқастардың жағдайы әдетте әртүрлі болады – сырқаттанудың жеңіл белгілерінен бастап, ауыр клиникалық түріне дейін, кейде өліммен аяқталады. Науқастар ентігуге, дем алудың қиындауына, жөтелуге, жүректің қатты соғысына, жүрек айнуға жиі шағымданады. Сұрау кезінде бұл симптомдардың кенеттен пайда болғаны анықталады.
1.Атмосфералық ластанудың жедел әсері берілген аймақтағы ауа-райы жағдайының күрт өзгеруімен (температуралық инверсия, желсіз ауа, тұман, өнеркәсіптік аймақ жағынан қатты тұрақты желдің соғуы) болады. 2.Сонымен қатар қаланың өндіріс орындарындағы немесе тазалау қондырғыларындағы апаттар нәтижесінде, тұрғын аудандардың атмосфералық ауаның ластану концентрациясы рұқсат етілген денгейден ондаған есе жоғары болады.
Әсіресе осы екі оқиға бір уақытта болса, ауыр жағдай туады.
Ауа - райының өзгеруі мен өндірістегі апаттарды жою атмосфералық ауаның сапасының жақсаруына әкеледі, және соған сәйкес тұрғындардың жедел медициналық көмекке жүгінуінің қаланың әдеттегідей көрсеткішке дейін азаюына әкеледі.
Атмосфералық ластанудың тұрғындарға жедел әсер еткен территориясында әсер етудің қысқа уақытты болуына қарамастан, ол жылдар өте келе көптеген адамдарда онкологиялық аурулар мен цитогенетикалық бұзылыстардың пайда болуының этиологиялық факторы болуы мүмкін екендігін қаладағы емдеу-профилактикалық мекемелері дәрігерлерінің есінде болуы керек. Егер бұрынғы уақытта атмосфералық ауаны ластағыштардың арасында канцерогенді немесе мутагенді әсері бар заттар болса, бұндай бұзылыстардың пайда болуы өте жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет