«биоэтика және қоршаған ортаны қОРҒАУ» Мамандығы: «5В060700-Биология» Курс- 2 Семестр 3


Атмосфералық ауаның жағдайын бақылау



бет6/7
Дата25.01.2023
өлшемі80,54 Kb.
#62746
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Атмосфералық ауаның жағдайын бақылау
Атмофералық ауаны жүйелі бақылау мен оның жағдайын бағалау нәтижесінде қорғауға болады. Атмосфералық ауаның жағдайын бағалауды санэпидқызмет органдары, экологиялық қызмет және бақылау постарындағы мемлекеттік автоинспекция жүргізеді.
Стационарлық, маршрутты және жылжымалы (факельасты) бақылау посттары болады.
1. Стационарлық посттар тұрғын мөлтек ауданның ішінде ауадан сынама алу мен микроклиматқа өлшемдер жүргізу үшін қажет барлық құралдармен жабдықталған шағын павильондар мен күркелер түрінде орналасады
2.Маршрутты байқау посттары көлік мигистралі бойындағы ауаны зерттеуге арналған.
Олар ауадан сынама алу мен микроклимат параметрлерін өлшеу үшін қажет барлық құралдармен жабдықталған арнайы машиналар болып табылады.
Стационарлық және маршрутты байқау посттарында атмосфералық ауаның жағдайын бақылауды жүйелі түрде жүргізіп отырады. Бақылау саны тұрғындардың санына байланысты.
Бақылау бағдарламасы келесідей болады:
толық (тәулігіне 4 рет зерттеу),
толық емес (тәулігіне 3 рет)
және қысқартылған (тәулігіне 2 рет). Әдетте бақылау толық бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Толық емес бағдарлама бойынша жүргізілуге рұқсат етіледі, егер өткен 1 жылдан кем емес уақыт ішінде ластағыштардың концентрациясы шектеліп рұқсат етілген (ШРК-тен) жоғары болмаған жағдайда. Қысқартылған бағдарламаны ауа-райының қолайсыз жағдайларында (боран, нөсер жауын, қатты аяз) қолданады.
Ауаның сынамасын зерттеу нәтижесінде зертханада берілген елді мекеннің ауасына тән химиялық заттардың максималды реттік, орташа тәуліктік, орташаайлық және орташажылдық концентрациясы белгіленеді.
3.Жылжымалы байқау посттары (факельасты) стационарлық көздерден болатын атмосфералық ластанулардың таралу ерекшеліктерін игеру қажет болған жағдайда ғана қолданылады. Олар да маршрутты сияқты автокөлік базасында ұйымдастырылады.
Атмосфералық ауа жағдайын бағалау химиялық заттардың нақты концентрациясын олардың ШРК-мен салыстыру жолымен немесе интегральды көрсеткішті есептеу жолымен жүргізіледі. Атмосфераға ластанулардың шығарысын бақылау шектеліп рұқсат етілген шығарыс (ШРШ) негізінде немесе уақытша келісілген шығарыс (УКШ) негізінде іске асырылады. ШРШ - бұл уақыт бірілігі ішінде (г/тәул, т/жыл) берілген ластаушы көзден шығатын зиянды заттар шығарыстарының салмағы немесе елді мекеннің атмосферасының ластау көздерінің жиынтығы, өнеркәсіп кәсіпорындарының даму перспективасы мен зиянды заттардың таралуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет