«биоэтика және қоршаған ортаны қОРҒАУ» Мамандығы: «5В060700-Биология» Курс- 2 Семестр 3


Ластаушы заттарды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады



бет2/7
Дата25.01.2023
өлшемі80,54 Kb.
#62746
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Ластаушы заттарды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады:
- физикалық жағдайына байланысты ерімейтін, коллойдты, еритін және газ тәрізді
- табиғатына байланысты – минералды, органикалық, бактериялық және биологиялық, минералды ластану көбіне құммен, сазбен, кенмен, шлакпен ластанудан болады.
- еритіндер – тұздар, қышқылдар, сілтілер
- органикалық ластанулар шығу тегі бойынша өсімдік тектес және жануар тектес болып бөлінеді
- өсімдік тектес ластанулар өсімдіктердің, жеміс-жидектердің қалдықтары
- жануар тектес ластанулар - адамдар мен жануарлардың физиологиялық бөлінділері, жануарлардың тіндерінің қалдықтары.
Атмосфераның қазіргі жағдайы, атмосфералық ауаның ластануының негізгі көздері. Қоршаған ортаның ластануының көздеріне табиғи заттар, әуелгіде жер қойнауында болып, (өнеркәсіп өндірісі үшін шикізат) кейін суда, топырақта, атмосферада таралатын заттар, сонымен қатар өнеркәсіптегі заттардың химиялық айналымының көптеген өнімдері, әртүрлі отын түрлерінің жану өнімдері жатады. Бұнда шынайы табиғи ортаға тән емес, денсаулық үшін өте зиянды заттардың көп мөлшері түзіледі.
Атмосфералық ауаның ластануының негізгі техногенді көздеріне жатады:
- көлік, бірінші кезекте – автокөлік
- өнеркәсіптік өндіріс
- жылу энергетика нысандары (жылу электр орталықтары, қазандықтар)
Атмосфералық ауаның ластануының табиғи көздеріне орман өрттері, жанартаудың атқылау әрекеттері, топырақ жатады.
Өнеркәсіп өндірістері, отын-энергетикалық нысандары бар және көліктің қозғалысы көп аудандарда атмосфералық ауа күшті ластанады. Атмосфераның ластануының ең күшті көзі автокөлік болып табылады. Автокөліктен шығатын ластану -адамға әсер етуі бойынша бүгінгі күнде неғұрлым жоғары болып отыр.
Әлемдегі машина қозғалтқыштары жыл сайын 2 млрд тонна отын жағылады.
Автокөлік двигательдері ауаға 30-дан астам әртүрлі заттарды бөледі, соның ішінде: көміртегі тотығы, көмірсутегі, азот тотығы мен күкірт, ауыр металдар және басқа да улылығы жоғары заттар. Заттардың кейбіреулерінің канцерогенді эффектісі жоғары болады.
Атмосфераның ластану көзінің маңыздылығы бойынша екіншісі химиялық құрамы әртүрлі, өндірістің саласы мен оның технологиялық процесіне байланысты, атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын өнеркәсіптік өндірістер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет