Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы



бет3/4
Дата18.03.2023
өлшемі146 Kb.
#75381
1   2   3   4
Лазеротерапия: жасуша деңгейінде төмен интенсивті лазерлермен сәулеленуі кезінде фотобиологиялық стимуляция, жасушалардың энергетикалық балансын жақсарту, қабынуға қарсы, трофика-регенераторлық, анальгетикалық және десенсибилизациялық әсерлерді алу мақсатында әртүрлі органдар мен тіндердің лазерді рефлексотерапевт құралы ретінде қолдану.

  • Фотосенсибилизатор көмегімен боялған зақымдалған ұлпаларды лазерлік сәулелермен сәулелендіру барысында пайда болатын қайтымсыз зақымдау принцптеріне негізделген терапия фотодинамикалық терапия деп аталады.

  • Қуатты лазерлер офтальмология, оториноларингология, урология, косметология және медицинаның басқа да салаларында хирургиялық құрал ретінде пайдаланады. Лазерлік сәуле тіндердегі: коагуляция, вапоризация немесе абляция сияқты қайтымсыз өзгерістерге әкеледі.

  • Инвазивті емес диагностиканың ауқымды бағыты: лазерлік флуоресценттік талдаудың әртүрлі әдістері; оптикалық когерентті томография - офтальмологиялық және рак ауруларын диагностикалаудың перспективті әдісі. Лазерлік спектрлік талдау: гастроэнтерологиялық ауруларды, өкпе ауруларын, эндокриндік жүйені және т.б. молекула-биомаркерлерді (мысалы, дем алатын ауада) диагностикалау үшін қажет.

    Электрондық парамагниттік резонанс
    Электрондық парамагниттік резонанс - тұрақты магниттік моментке ие болатын, құрамында бөлшектері (атомдарымолекулалары, иондары) бар жүйенің өзіне электромагниттік өріс энергиясын резонансты сіңіру кұбылысы. Мұндайда кеңістікте әр түрлі бағыттағы магниттік моментімен байланысқан энергетикалық деңгейлері арасында энергияның сіңірілуі индукцияланады. Парамагниттік атомдар мен иондардың магниттік кіші деңгейлері арасындағы кванттық өтулерге негізделген (Зееман эффекті). ЭПР спектрлері, негізінен, аса жоғары жиіліктер диапазонында (АЖЖ) байқалады. Электрондық парамагниттік резонанс әдісі жергілікті магнит өрістерінің болуына байланысты ЭПР спектрлерінде көрінетін әсерлерді бағалауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде жергілікті магнит өрістері зерттелетін жүйедегі магниттік өзара әрекеттің көрінісін көрсетеді. Осылайша, спектроскопияны ЭПР әдісі парамагниттік бөлшектердің құрылымын да, сондай-ақ парамагниттік бөлшектердің қоршаған ортамен әрекеттесуін де зерттеуге мүмкіндік береді.
    ЭПР спектрометр спектрлерді тіркеуге және сұйық, қатты немесе ұнтақ тәрізді фазадағы парамагниттік заттар үлгілері спектрлерінің параметрлерін өлшеуге арналған. Ол ғылым, техника және денсаулық сақтаудың әртүрлі салаларында ЭПР әдісімен заттарды зерттеуде: мысалы, медицинада оларға енгізілген спиндік зондтардың спектрлері бойынша биологиялық сұйықтықтардың функционалдық сипаттамаларын зерттеу үшін, радикалдарды табу және олардың концентрациясын анықтау үшін, материалдардағы молекула ішілік жылжымалылықты зерттеуде, ауыл шаруашылығында, геологияда пайдаланылады. Электрондық парамагниттік резонанс әдісі: плазманы, эритроциттерді, сілекейді, мұрын қуысын, асқазан құрамын, өт, синовиальды сұйықтықты (буын аралық сұйықтық), үстіңгі жақ сүйектің кистасы (өсінді) сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын науқастарды зерттеу үшін қолданылады темір тапшылығы анемиясы, асқазан мен ішектердегі жара ауруы, ревматоид артриті және деформациялаушы остеоартрозы, перитонитпен ауыратын жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануында қолданылады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет