Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы



бет3/4
Дата23.04.2023
өлшемі0,97 Mb.
#85885
1   2   3   4
Байланысты:
Реография каз

Интегралдық реография. Бұл әдіс арқылы жүректің систолдық, яғни минуттық көлемі анықталады. Бүкіл дене үшін немес белгілі бір аймақтардағы базалық импеданс өлшенеді. Аймақтық импедансты анықтауда зертелінетін жерлерге электродтар қойылады. Хоффер әдісі (1970) кең қолданыс тапты. Оның тұжырымы бойынша интегралдық импеданс пен ағзадағы судың арасында сызықты байланыс бар, ол келесі формуламен өрнектеледі:
, мұнда В—су көлемі, (л); Н—адам бойының биіктігі, (см); Z—дене импедансы, (Ом). Интегралдық реография қанның соққылық көлемін анықтау үшін де пайдаланылады. Базалық импеданс пен пульстық өзгеруі және қан көлемі арасында байланыс бар. Осы байланысқа негізделіп Кедров дененің интегралдық реограммасы арқылы қанның соққылық көлемін есептеу формуласын ұсынды: , мұндағы —қанның соққылық шашырауы, (мл); —систола кезіндегі электр кедергісінің өзгерісі, (Ом); R—реограф генераторы тудыратын жоғарғы жиілікті тоққа дененің базалық кедергісі, (Ом); Р — дене массасы, (г). Электрод қойылған жердің реограммасында белгілі бір аймақтың немесе органдардың (бауырдың, өкпенің) қанға толуы сипатталады. Тетраполярлы кеуде реография орталық гемодинамиканың жанама инвазивті емес негізгі көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылады: көлемдік және минуттық көлемді, жалпы перифериялық кедергі. Кеуде реограммасы тетраполярлы реографтың (РПГ-2-02) көмегімен тіркеледі. Олар кедергіні дәлірек өлшейді және жасушадағы қан көлемінің сандық мәнін көрсетеді. Бұл әдісте екі электрод электр тоғын жіберу үшін қолданылса, тағы да екі электрод электр кедергісін тіркеу үшін қолданылады. Жоғары жиілікті электр тоғы өтетін екі таспа тоқты электродты мойын мен төс сүйегіне орналастырылады (8-сурет). Соққылық көлем мына формуламен анықталады:
,
мұндағы ρ – қанның меншікті кедергісі (150 Ом/с), Lөлшегіш электродтар арасындағы қашықтық, Zбазалық кедергі (Ом), ΔZкеуде жасушасының кедергісінің өзгерісі.
Реоэнцефалография - бас миы тамырларының жағдайын сипаттайды. Реоэнцелография (РЭГ) мидың ішкі қан айналым жүйесінде қолданылады (бас тамырларының жағдайын сипаттайды). РЭГ атреосклероздан пайда болған өзгерістерді, гипертониялық ауруларды, бас сүйегінің көк тамырлардағы қан айналым өзгерістерін анықтайды (9-сурет).
8-сурет. Тетраполярлы кеуде реограммасының тіркеу сызбасы. Қызыл стрелкалар — тоқты электродтар арасындағы электр тоғының таралуы, L —өлшегіш электродтар арасындағы қашықтық
Реовазаграфия (РВГ) көк тамыр жүйесін, тамырлардың тонус жағдайын бағалауға, шеткі қан айналымының интенсивтілігін зерттеу үшін қолданылады. Аяқ бөліктері (балтыр, табан, бақайлар, т.б.), иық, алақан, қол саусақтары , т.б. дене бөліктеріндегі қан айналудағы ауытқуларды көрсетеді. РЭГ зерттеуін жүргізгенде токтың оптималды жиілігі 80-150 кГц-болып табылады.

9-сурет 10-сурет
Жиіліктің осы мәндерінде биологиялық объектіні терең түрде сканерлеуге (түсіруге) мүмкіндік береді. Реопульмонографиялық зерттеулер өкпедегі қан алмасуды бағалайды: өкпе артериясының реографиясы, қосымша әдістер арқылы өкпенің артериялды қысымын анықтау. Реогепатография - бауырдың оң және сол бөліктерінің қанға толуын бағалау.
Плетизмография – қанмен қамтамасыз ету динамикасымен байланысты дененің немесе оның бір бөлігінің көлемінің өзгерістерін тіркеу әдісі. Жалпы плетизмография сыртқы тыныс алу функцияларын, қан айналымының минуттық көлемін зерттеу, перифериялық тамырлардың тонусын, систолалық қан көлемінің өзгеруін бағалау және импульстік толқынның таралу жылдамдығын анықтау үшін қолданылады. Жалпы реография медицинаның көптеген салаларында үлкен қолданыс табуда. Мысалы, хирургияда қан тамырларының қан өткізу қабылетін; терапияда систолдық көлемді, қанның минуттық көлемін және басқа да көрсеткіштерді анықтауда пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет