Биогаз алу және қолдану биотехнологиясы



жүктеу 46.36 Kb.

Дата17.03.2017
өлшемі46.36 Kb.

БИОГАЗ АЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ 

Евразийский национальный университет им.Л.Н. Гумилева, г. Астана, Казахстан 

Студент БТ-11 Хансеит Ақерке 

                                   Жетекші Абаш Алтынгул Сембайқызы 



 

Биотехнология - (био…bios-тіршілік+thechne, (грекше) -  өнер, шеберлік және logos 

- ғылым) - тірі ағзалар (организмдер) мен биологиялық әрекеттеді өндірісте пайдалану. 

Биотехнология  терминін  алғаш  рет  1917  жылы  венгер    инженері  Карл  Эреки 

енгізді. Карл Эрекидің пікірінше, «биотехнология - бұл тірі организмдер көмегімен белгілі 

бір өнімдерді өндіру жөніндегі барлық бағыттардағы жұмыстар» болып табылады. 

Қазіргі  кезде  бұл  терминге    төмендегідей  анықтама  береді:  Биотехнология  - 

биологиялық процестер мен объектілерді пайдалануға негізделген экономикалық жағынан 

тиімді, маңызды заттарды өндіру  мен жоғарғы өнімді микроорганизмдердің штаммдарын 

алу,  өсімдіктердің  сорттары  мен  формаларын,  жануарлардың  асыл  тұқымын  шығарумен 

айналысатын ғылым мен өндірістің жаңа бағыты. 

Яғни,  адамға  қажетті  өнімдерді  биологиялық  объектілердің  көмегімен  өнімдерді 

өндіру. Бұл ретте микроорганизмдер мен өсімдіктер және жануарлар жасушалары, жасуша 

органоидтері немесе биологиялық белсенді молекулалар қолданылады.  

Органикалық өнімдерден биогаз алу - органикалық өнімдердің анаэробты жағдайда 

"метандық  ашу"  нәтижесінде  жанар  газ  бөлу  қасиетіне  негізделген.  Метандық  ашу 

нәтижесінде  бөлінетін  биогаз  құрамы  -  50-80%  метан,  20-30%  көмірқышқыл  газы, 

шамамен  1%  күкіртсутек,  сонымен  қатар  шамалы  мөлшердегі  басқа  газдардан  (азот, 

оттегі, сутегі, аммиак, т.б.) тұрады. Метантүзуші бактериялар органикалық қышқылдарды 

қажетті метанға,  көмірқышқыл газына айналдырады. 

  Бұл  күрделі  жүйелену  комплексіне  микроорнизмдердің  мыңдаған  түрлері 

қатысады.  Бірақ  олардың  негізгісі  -  метантүзуші  бактериялар.  Метантүзуші  бактериялар  

қышқылтүзуші ашытқы микроорганизмдер мен салыстырғанда көбеюге ұзақ уақыт қажет 

етеді  және  қоршаған  ортаның  өзгерістеріне  қарсы  тұру  потенциялы  төмен.  Сондықтан, 

ашу ортасында алғашында ұшқыш қышқылдар түзулуіне  байланысты, метандық ашудың 

бірінші кезеңін қышқылдық деп атайды. Ары қарай қышқылдардың түзілуі және өнделуі 

жылдамдығы тенеледі. Сондықтан субстрактының ыдырауы мен газ түзіледі бір уақытта  

қатар жүреді. Газдың түзілу өнімділігі метантүзуші   бактериялардың тіршілік жағдайына 

байланысты. 

Биометаногенездің биохимиясы және микробиологиялық   сипаттамасы. 

  Бұл  процестің  ерекшелігі  сол  таза  культура  жағдайында  басқа  өнім,  ал 

синтрофиялық бірлестік жағдайында басқа өнім алынады. Мысалы, ірі қара мал қарнында 



Selenomonas  ruminantum  глюкозалы  лактатқа  дейін  ашытады.  Ал  синтрофиялық 

ассоцияцияда Methanobrevibacter ruminantium ацетат, метан және СО2 түзеді. 

Егер 

клетканы 



термофильді 

эубактериямен 



Clostridium 

thermoccelum 

бактериясының  таза  культурасымен  ашытса  этанол,  ацетат,  Н2  және  СО2  түзіледі. 

Синтрофты  ассоцияцияда    Metronobacteruim  thermoantotrophicum    ацетат,  метан  СО

түзіледі. 

Сазды  балшық  газы  "болотный  газ"  деп  аталады.  Көк  түсті  жалынмен  жанады, 

иіссіз,  түтінсіз  жанады.  Ал  ағаштың,  тезектің    жануынан  қорашаған  ортаны  ластайтын 

түтін бөлінеді. 

  Биохимиялық  тұрғыдан  метандық  "ашыту"  анаэробтық  тыныс  болып  табылады. 

Органикалық  заттардың  (сірке  қышқылы)  электрондары  көмірқышқыл  газына 

тасымалданып,  метанға  дейін  тотықсызданады.  Метантүзуші  бактериялар  үшін 

электронның доноры қызметін сутегі атқарады.  

            4C6H5COOH + 24H2O → CH3COOH + 4HCOOH + 8H2  

 (бензоат) 

12CH3COOH → 12CH4 + 12CO2  



 (ацетат) 

4CHCOOH → 4CO2 + 4H2 

3CO2 + 12H2 → 3CH4 + 6H2O 

4C6H5COOH + 18H2O → 15CH4 + 13CO2 

   Бактерия  түрлерінен  Methanobakterium  formicicum  және    Metahanospirillum 

hungati    басым  қатысады.  Мысалы,  Methanobakterium  kadomensis  st  23-20  күн  жүретін 

метаногенезді  8  күнде  жүргізеді.  Ірі  қара  малдың,  үй  құстарының  көнінің  өнелуіне  20 

күдей,  ал  шошқаның  сұйық  көнінің  ашу  процесіне    10  күндей  қажет.      Егер  жыл  сайын 

түзілетін  сиырдың  300  млн.т  тезегін  биогазға  айналдырса,  алынған  энергия  мөлшері  33 

млн.т.  мұнайдан  алынатын  энергия  мөлшеріне  тенседі.  Яғни  ,  1т  сиыр  тезегінің  құны 

0,11т. мұнайға тен. Ірі қара мал және шошқа көндерінің тең мөлшерінен, шошқа көнінен 

50%-ға көп биогаз өндіріледі.  

 Жамбыл  облысы  Жуалы  ауданы  "Қошқар  ата"  ауылында  биогаз  алу  мен 

қолданудың биотехнологиясы. 

Зерттеу барысында дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатын  Жамбыл облысы 

Жуалы  ауданының  «Қошқар  ата»  ауылына  қажетті  биореактордың  көлемі,  биогаздың 

өнімі  мен  қажетті  мөлшері  анықталды.  Үй  жануарларының  (малдың)  санына  қарай 

шикізаттың (көңнің) тәуліктік дозасы (мөлшері) анықталды. ДШ – шикізат дозасы. 

Малдың санына қарай ДШ анықтау:  

Мүйізді ірі қара    1989 х 36 кг = 71604 кг  = 71,604 т (тонна)  

Қой-ешкі               10404 х 4 кг = 41616 кг = 41,616 т 

Жылқы                  459 х 10 кг = 4590 кг = 4,59 т 

Құс                         5355 х 0,16 кг = 856,8 кг = 0,8568 т 

Барлығы   118666,8 кг немесе  118,6668 т 

Яғни бір тәулікте түзілетін шикізаттың дозасы ДШ = 118,6668 т құрайды. 

          Зерттеу  жұмысы  жаз  айларында  жүргізілуіне  байланысты,  қажетті 

ылғалдылыққа  жеткізу  үшін  шикізатпен  су  мөлшерінің  арақатынасы  2:1  құрады.    Яғни, 

шикізатқа қосылатын су дозасы ДС = 59333,4 литр. 

           Мүйізді  ірі  қара,  жылқы,  қой-ешкінің  көңінің,  құс  саңғырығының  ашу 

процесінде  биогазды  көп  мөлшерде  10-15  күнде  бөлуіне  байланысты,  реактордағы  ашу 

процесіне  мезофилді  режим  таңдалды.  Ашытудың  мезофилді  режимінде  реактордың 

айналу  уақыты  10-20  тәулік  құрайды  және  шикізатты  қолданудың  тәуліктік  дозасы  (Д) 

реактордағы  шикізаттың  жалпы  көлемінің  (ШЖ)  1/20-ден  1/10  құрайды.  Қондырғыдағы 

шикізаттың жалпы көлемі реактордың 2/3 көлемінен (РК) аспауы қажет.  

       Яғни, реактордың көлемі РК = 1,5 х ШЖ тең болады.  

ШЖ = 10 х Д, ал Д =ДШ+ДС 

ДШ =118666,8 кг 

ДС = 59333,4 л 

Д = 118666,8 кг + 59333,4 л = 178000,2 кг = 178 т. 

ШЖ = 10 х 178 т = 1780 т. 

РК = 1,5 х  ШЖ  = 1,5 х 1780 т = 2670 м³  



Яғни, «Қошқар ата» аулында мал санына байланысты биореактордың көлемі 

2670 м³ шамасында биогаз қондырғысын орнатуға болады. 

Биогаздың өнімі малдың түріне байланысты анықталып, жалпы мөлшері есептелді: 

Мүйізді ірі қара    71,604 т >  2721 – 3688 м³ 

Қой-ешкі               41,616 т > 1894 – 3912 м³ 

Жылқы                  4,59 т   > 139 – 209 м³ 

Құс                         0,8568 т  > 40 – 81 м³ 

      Барлығы   4794 – 7890 м³ 

«Қошқар  ата»  аулында  мал  көңінің  түріне  және  оның  тәуліктік  мөлшеріне 

байланысты биогаздың тәуліктік өнімінің мөлшері 4794 – 7890 м³ құрады. 

«Қошқар  ата»  аулында  орналасқан  176  үй  тұрғындарының  санының  сараптамасы 



нәтижесінде  бір  жанұядағы  адам  саны  орта  есеппен  4  адам  құрады.  Жанұяға  және 

шаруашылыққа  қажетті  биогаздың  мөлшері  -  49,6-52,6  м³.  Бұл  көрсеткішті  176  үйге 

шаққанда -  8729,6 – 9257,6 м³. 

«Қошқар  ата»  аулындағы  176  жанұяға  бір  тәулікте  8729,6  –  9257,6  м³  биогаз 

қажет екендігі анықталды. 

Қорытынды 

 Ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  органикалық  массасының  белгілі  температурада 

нәтижесінде  биогаз  түзілетін  ашу  процесі  жүретін  герметикалық  жабық  ыдысты  биогаз 

қондырғысы  дейді.  Барлық  биогаз  қондырғыларының  жұмыс  істеу  қағидалары  бір: 

жинақталған  және  қажетті  ылғалдылыққа  жеткізілген  шикізат  реакторға  салынады,  онда 

шикізатты  өңдеуді  жетілдіруге  жағдай  жасалады.  Шикізаттан  биогазды  немесе 

биотыңайтқышты алуды ферментация немесе ашыту деп атайды.  

Биогаз  қондырғысында  органикалық  өнімдерді  өңдеуде  дайындалған  шикізаттан 

(көң) реакторда биогаз және биотыңайтқыш түзіледі. Биогаз тазаланады, сақталады және 

газ жанарғысы немесе мотор отыны ретінде қолданылады. Биотыңайтқыш сақталады және 

жем қосындысы ретінде қолданылады немесе топыраққа енгізіледі. 

Биогаз қондырғысын қолданудың экономикалық пайдасы: 

-

 



отын мен электроэнергия үнемделеді; 

-

 



тыңайтқыш пен гербицид үнемделеді; 

-

 



биогаз және биотыңайтқышты сатуға болады

-

 



ауылшарушылық өсіміктерінің өнімі жоғарылайды; 

-

 



үй жануарлары мен құстарға жем қоспалары қолданылады

-

 



биогаз қондырғылары бір жыл шамасында шығымын өтейді; 

-

 



органикалық  қалдықтар  жинақталмай,  қолданылуына  байланысты,  ауа 

тазартылып, респираторлық және көз аурулары азаяды

-

 

органикалық  қалдықтардағы  микроорганизмдердің  жойылуына  байланысты 



эпидемиялық жағдай жақсарады

-

 



экологиялық  таза  тыңайтқыш  қолданылуына  байланысты  экологиялық  таза 

ауылшаруашылық өнімдерден денсаулық жақсарады

-

 

тезек, көмір, ағаш отынды жинауға, тасымалдауға, кептіруге жіберілетін уақыт, 



қаржы үнемделеді және сақтау орны қажет болмайды

-

 



органикалық  қалдықтардағы  шөп  тұқымдарының  жойылуына  байланысты, 

арамшөпті жинауға жіберілетін уақыт үнемделеді. 

            Биогаз қондырғысын қолданудың экологиялық пайдасы: 

-

 



ашық сақталатын көңнен түзілетін метанның (парник газы) атмосфераға бөлінуі 

азаяды; 


-

 

көмір,  ағаш  отындарының  жану  өнімдері  мен  көмірқышқыл  газдың  бөлінуі 



азаяды; 

-

 



жағымсыз иісті азот қосылыстарыммен ауаның ластануы азаяды; 

-

 



көңмен су ресурстарының ластануы азаяды; 

-

 



ағаштар (орман) отын ретінде қолданудан сақталады; 

-

 



химиялық тыңайтқыштарды қолдану азаяды. 

  

Яғни,  ауыл  тұрғындарының  тұрмысына  және  шаруашылығына  қажетті 



энергия  көзімен  олардың  малдары  түзетін  шикізат  бөліп  шығаратын  биогаз  мөлшері 

толығымен  қамтамасыз  ете  алады.  Бірақ,  ауылда  анықталған  көлемде  биореакторлы 

биогаз қондырғысы орнату ұсынылады. 

              Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



 Сасон А. биотехнология: свершения и надежды.   

2.

 



М.; Мир 1987.- 410c 

3.

 



Нейфах А.А Клеточные и генетические основы биотехнологии - М.: Знание, 1987.-

64c 


4.

 

Громов Б.В., Павленко Г.В. Экология бактерии Л.:ЛГУ, 1989. -248c 



5.

 

Миллер  Т. Жизнь в окружающей среде . Том ІІ . М.:Прогресс.1994.-335c 



6.

 

Стейниер Р.,Эделберг Э., Ингрем Дж. Мир микробов. М.: Мир, 1979.T. 1-3.  



7.

 

Шлегель Г. Общая микро биология  М.:Мир 1987.563c.  



8.

 

Метаболизм микроорганизмов под.ред.Н.С.Егорова М.:МГУ.1986.-256с 



9.

 

8.Гусев М.В.: Минеева Л.А микро биология М.:МГУ. 1992.-376с 



10.

 

 Веденев  А.Г.,  Веденев  Т.А.  Биогазовые  технологии  в  Кыргыстане  Бишкек  "евро" 



2006.-90с 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал