Биография "Үш анық" шығармасы Шығарма мазмұны Студенттің пікірі Қорытынды



бет6/7
Дата27.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#128633
түріБиография
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Шәкірім 3 анық

Біздің пікірімізше

  • Жаман оймен жақсы әрекет жасауға болмайды. Ендеше, сау емес, дертті ақылмен адам өмірде ешуақытта да бақ таба алмайды. Бұл – өмірдегі бақытсыздықтың негізгі себептерінің бірі. Бұған дәлел келтірейік. Ой мен тағдырдың байланысын былай деп көрсетуге болады: «Ойдан әрекет туады, әрекеттен әдет туады, әдеттен мінез туады, мінезден тағдыр туады». Егер шеткі екеуінің арасындағыларды алып тастасақ: «ойдан ... тағдыр туады» болып, түбінде тағдырдың оймен тығыз байланысты екенін көреміз. Бұл «Қалай және не туралы ойлауымызға байланысты бүкіл тағдырымыз құралады» дегенді білдіреді. Ой ақылдан шығады. Ал ақыл бес сезім мүшесі арқылы хабар алады. Ендеше, жоғарыда айтылғандай, сезім мүшелерімен нені қабылдап, неден аулақ болу керек екенін жақсы білуіміз керек. Сонда өзіміздің ойымызды өзгерте аламыз. Ой өзгерсе – тағдыр өзгереді. Әркімнің бақыты өз қолында дегеніміз осы.

Біздің пікірімізше

  • Өмірдің түрлі қиын сырларын қалай түсіну керек? Мен қандай заңдылықтарды бұздым жән өзімнің көзқарасымды қалай өзгертуім керек? Ол үшін дүниетанымды өзгерту керек. Адам өзінің дүниетанымын екі жолмен өзгертеді. Бірі – саналы түрде өз еркімен өзі қолға алып, ой-өрісін жетілдіру арқылы. Екіншісі – өзінің жіберген қателіктері салдарынан келетін өмірдің бейнеті мен зардабынан сабақ алу арқылы. Осылай бақытқа ұмтылған адамдардың екі түрі болады екен. Бірі – өзін өзгерту арқылы, жан дүниесін жетілдіреді, ал екінші бірі – өзінің кемшіліктерін мойындамай, зардаптың тек қана сыртқы себебінен арылуға ұмтылады. Осылай адамның дүниетанымын өзгертудің екі жолы барын көреміз. Білім алып, сана-сезімін дамыту арқылы өзінің дүниетанымын өзгерту жолы әуіре-сарсаңсыз және тиімді жол болып табылады. Шәкәрім адам дүниетанымының негізі болып табылатын екі жолды көрсетіп отыр. Адамның қадір-қасиеті, іс-әрекеті, ой-өрісі, сана-сезімі оның осы екі жолдың қайсысын таңдауына байланысты. Сондықтан ол «осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу ақылы сау адамға қатты міндет» деп ойын кесіп айтады. Енді «олай болса бұл екеуін қалай тексереміз?» деген мәселе көтереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет