Келесіні Шәкәрім «Мысль» дейді, ол ой, ойлау. Ойлаушы жан азап әлемінің есігін ашушы. Ой, ойлау әлем құпиясына саяхат. Нағыз азапты жан. Себебі бәрі түсініксіз, бәрі құпия. Содан үміт, қиял, армандар өсіп-өніп шыққан.Ойшылдық «ум» – ақылды жан дегені Жанның адамға қызметі. Шәкәрім: «толық, терең ақыл адамнан шығады. Бірақ сол адам да табиғаттан шебер емес». Тамаша ой!Шәкәрім жанның мәңгілігі деген мәселені өлімге қатысты түсіндіріп көрген. Тыңдайық, ол кісі не деген екен. «Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген соң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу – ақыл ісі ме? Бір адам жанының өлген соң да жоғалмай, мұнан таза, жоғары болатынын ақылымен қабылдап нанса және бір адам жан өлген соң біржолата жоғалады деп таныса, осы екеуі өлерде есі дұрыс болып, өлерін біліп өлсе, екеуі не жаймен өледі? Әрине жанның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып, біржола жоғалдым-ау деп өлсе керек».Жан мәңгілігін қабыл алмағандар дүниеден аса бір қиналыспен өтеді. Жанның мәңгілігі деген иман мәселесіне тірелді. Осыдан әрі Шәкәрім үшінші аныққа ауысады.
Шәкәрім пайымдауынша, жанның екі өмірдегі азығы ұждан-совесть. Күрделі мәселе. Шәкәрімді тыңдалық, ол «Адамдығы нысап, әділет, мейірім үшеуін қосып айтқанда, мұсылманша ұждан, орысша совесть бар». Ұждан араб сөзі, ол мұсылмандық түсінік. Оның құрылымы ақын айтуынша нысап (қанағат деуге болады – Ғ.Е.), әділет, мейірім. Негізінде бұл жердегі басты ұғым – әділет, қалған екеуі оны айқындаушалыр.Абай да, Шәкәрімнің өздері де ар деген ұғым қолданады. Ар білімі дегенді Шәкәрім айтқан деп жүрміз. Ұждан деген мұсылмандық түсінік. Ар білімі дегенде ұждан, нысап, әділет, мейірім дегендер Ар білімі құрылымдары. Шәкәрім ілгеріде өзі айтып жүрген Ардың орнына неге Ұжданды айтты десек, сірә, ол араб тіліндегі оқыған көп кітаптарының ықпалы болса керек. Сондықтан үшінші анықты жанның екі дүниеге азығы болатын Ар білімі десек, артық емес. Мұқият оқыған адам «Үш анықта» ар білімі туралы айтылып отырғаны белгілі болмақ. Бірінші анық Алла тағаланың алғашқы білімі (Алла тағала білімі – Ғ.Е.) болса, екінші анық жанның мәңгілігі туралы пайым, үшінші анық – ар білімі.Шәкәрім «Мен сол ұждан, совесть (Ар деп түсіне беріңіз – Ғ.Е.) қайдан шығып тұр десем, оған жауап жоқ сияқты» дейді. Жауап бар. Жанды қиянатқа жұмсайтын нәпсі. Шәкәрімнің өзі айтқан нәпсі қиянатты жастанып жатыр деп. Жан қиянатқа ұшыраса, оның арашасы – Ар. Бұл екі дүниеде қатысты сөз.