Биография "Үш анық" шығармасы Шығарма мазмұны Студенттің пікірі Қорытынды



бет5/7
Дата27.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#128633
түріБиография
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Шәкірім 3 анық

Біздің пікірімізше

  • Ойшыл бұл шығармасында көрнеу және көмескі әлемдердің құпияларына үңіліп, олардың терең сырлы мағыналарын ашады. Ол өзінің толғамын әуелі көрнеу әлемнен бастап, оның сипатын береді. «Осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жандылардан бастап адамдарға шейін бәрі өзі һәм нәсілдерінің жақсылықта болып өсіп-өнуіне қам қылады. Мұны – «барлық таласы» дейді. Бұл жаратылыстың берік жолы. Сондықтан барша адам шамасына қарай қай бірі өзі үшін, қай бірі табы үшін, қай бірі барша адам үшін жақсылық, бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады». Әлемдегі бір жан иесі екінші жан иесінің тамағы болып, ал ол тағы біреулердің қорегіне айналып, не болмаса адамдар тәрізді біреулерді пайдаланып өмір сүреді, немесе өзіне бақ іздейді. Ойшыл бұны «Барлық таласы» (орысша – борьба за существования) деп атап отыр. Фәни әлемдегі жан иелерінің өмірі мен олардың мақсатын ойшыл осылай суреттейді. Тіршілікке мән беріп, оны қозғалысқа итермелейтін барлық таласы бірінші себеп болса, адамдардың бақ іздеуі – екінші себеп. Кім болса да өмірде бақытты болғысы келіп, армандап, алдына түрлі мақсаттар қояды. Нәсіліне, немесе ұлттық айырмашылығына, не болмаса оның ой-өрісіне, діни, саяси көзқарастарына, әлеуметтік жағдайы тәрізді басқа айырмашылықтарға қарамастан бақытқа ұмтылу барлық адамдардың ең маңызды және үлкен мақсаты. Себебі, бақытты болу жан қасиеті. Сол қасиетін іздеп жан адамға тыныштық бермейді. Бақ іздеудің жолы көп. Өздерінің сана-сезімдеріне байланысты, кейбіреулер бақытты ой-өрісімен, басқалары – табиғаттың құпия күштерімен іздейді; кейбіреулері өмірден мүлде бас тартып, жалғыздыққа берілсе, ал кейбіреулері үнемі соғыс-күреспен шұғылданады; кейбіреулер әйелдер мен байлыққа қызығып, ал кейбіреулер өнермен, не болмаса ғылыммен шұғылданады.

Біздің пікірімізше

  • Ойшыл өзінің шығармаларында мұндай таза адамның ақылын «шын ақыл», «таза ақыл», «дерттен сау ақыл» деп атайды. Жан дүниесі фәни әлемнің былғанышына малынып, өзімшілдіктен шығатын өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал (біздің заманымызда – ақша) шашпаққа берілген адамның ақылы дертті, сау емес. Сау ақыл мұндайлардан аулақ болып, рухани жолға ұмтылғанда ғана болады. Фәни әлемде адамдардың барлығының ақылы сау деуге келмейді. Шәкәрім осыны ескертіп отыр. Нәпсі ықпалымен жүрген көпшілік қауым өмірдің түпкі мәні туралы ойланбайды, оған уақытын да бөлмейді. Олардың ақылы заттық әлем дертіне шалдыққан, яғни сау емес, ауру. Ақылдан ой туады. Адамның ақылы дұрыс бағытталмаса, оның ой-өрісі төмендеп, жаман қасиет, жаман әдет пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет