Биография "Үш анық" шығармасы Шығарма мазмұны Студенттің пікірі Қорытынды



бет3/7
Дата27.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#128633
түріБиография
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Шәкірім 3 анық

Шын мәнінде, үш анықтың не екені...

  • Шын мәнінде, үш анықтың не екенін Шәкәрімнің өзі шығармасының басында-ақ былай деп ескертіп, аяғында тағы қайталайды. «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан –дегеніміз, ынсап, әділет, мейірім». Бұл сөздерден болмыс көріністерін адам бас көзімен көретінін білеміз. Бірақ бас көзімен көрген нәрсе ақиқат емес. «Бас көзі» деп бұл арада адамның екі көзі ғана емес, адамның сыртқы бес сезім мүшелері де айтылып отыр. Бес сезім мүшелерін біріктіріп Шәкәрім «бас көзі» деп атайды. Бұл оның өлеңдерінен де байқалады. Сонымен, бірінші анық – сезім мүшелері қабылдайтын болмыстың заттық көрінісі. Бірақ болмыстың бұл көрінісі ақиқат емес, яғни толық болмысты білдірмейді. Толық болмысты, яғни ақиқатты ақыл көзімен ғана көруге болады. Ақыл көзі дегеніміз, жоғарыда айтылғандай, адамның логикасы, немесе ақыл-ойының жұмысы. Шәкәрім «ақыл» деген сөзді оның кең мағынасында пайдаланады. Ақыл адамның ақыл-есін, ой-өрісін, сана-сезімін анықтайды. Сондықтан осы бір сөзбен адамның адами қасиеті белгіленіп отыр.

Екінші анық. Жан туралы.

  • Адамзат тарихында жан мәселесімен айналыспаған, пікір айтпаған ғұлама жоқ. Жан туралы айтылған, жазылғандарда есеп жоқ.Шәкәрім жанды былайша түсіндірген. Әуелі бар болған жан ешқайда жоғалып кетпек емес, ол барлықтың ішінде жүре бермек. Жан әр түрге түсуі мүмкін, бірақ жоғалмайды. Мысалы, дейді ол: «Инстинкт – сезімді жан, сознание – аңғарлық жан. Мысль – ойлайтын жан, ум – ақылды жан дегендей әртүрлі қасиеттері болады».Ойланайық. Шәкәрім алдымен Жанды денеге қатысты айтты. Жарайды. Келістік. Бірақ бұл өте үлкен даулы мәселе екенін ескерте кетелік. Бұдан әрі Шәкәрім Жанды ақылмен қоса өрбіте баяндап, пікір айтуда. Ол кісі жанның нәпсіге қатысты жағын айтпаған. Ол мәселені, әзірше қоя тұралық.Сезімтал жан – инстинкт. Бұған талас жоқ. Ол адамға дейінгі (тіптен, кейде адам баласына да қатысты – Ғ.Е.) жандылар әлеміне тікелей қатысты жағдай. Шәкәрім «сознание» дейді, оны біз «сана» дейміз, оның Жанға қатысы күрделі. Сана – жан туралы түсінік, сонымен бірге жанның құпиясын жабушы. Мен солай ойлаймын. Саналы жан түсінеді, бірақ, шын мәнінде, бәрін санаға салса, айнала дүние – тұйық түсініксіз, әншейін құмырсқа – тіршілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет