Анықтау әдісі: 1 грамм майдан тазартылған ұйқы безін ұсақталған әйнекпен бірге келіде езгілейді, одан кейн 5 мл су қосып езуді 4-5 минутке жалғастырыды.
Екі нөмерленген колбаларға (ө/п-өтпен, ө/с-өтсіз) келесі ретпен реактивтерді құйады:
Колбалар
Реактивтер (мл)
1
ө/п
2
ө/с
Қайнатылған сүт
5 мл
5 мл
Ұйқы безінің сығындысы
1 мл
1 мл
Өт
1 мл
-
Дистилденген су
-
1 мл
Әр колбадағы сұйықтықты сілку арқылы араластырып, 5 тамшы 0,5 % спиртті фенолфталеиннің ерітіндісін тамызып, әлсіз қызғылт түс пайда болғанша , бюреткаға құылған 0,1 н натрий ридроксиді ерітіндісімен титрлейді, 40 С-45 С-та колбаларды су моншасына немесе термостатқа қойып 15, 30, 45, 60 минуттан кейн әлсіз қызғылт түске айналғанша 0,1 н натрий гидроксиді ерітіндісімен титрлейді.
Сүретте көрсетілгендей, әрбір колбадағы ерітіндіні титрлеуге кеткен NaOH мөлшерін нөлден бастап есептейді, алынған нәтиже бойынша график тұрғызады, онда абсцисса өсіне уақыт, ордината өсіне- сол уақыт аралығында БМҚ-ын титрлеуге жұмсалған сілті көлемін (мл) салады.
Бақылау:зертханалық жұмыстың хаттамасын тексеру, жаттығуларды орындау.
Практикалық дағдыны чек-парақша бойынша бағалау. Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде практикалық дағды: баға – суммативті Moodle dis.kaznmu платформасында (зертханалық жұмыстардың хаттамалары мен оның нәтижелерінің рәсімделуін және билет бойынша ситуациялық есептерді шешуін тексеруді қамтиды).