Биохимия кафедрасы


Белоктардың денатурациясы. Денатурациялаушы агенттер, олардың әсері



Pdf көрінісі
бет18/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
 
18.Белоктардың денатурациясы. Денатурациялаушы агенттер, олардың әсері.
Үшінші реттік құрылым түзу кезінде белок молекуласы қайталанбайтын жоғары 
спецификалық, тек өз молекуласына тән конформация түзеді. Белок құрылымының аздаған 
өзгерісінің өзі белок молекуласының биологиялық белсенділігін төмендетіп, физико-
химиялық қасиеттерін өзгертеді. Белоктардың биологиялық белсенділігінің және өзіне тән 
қасиеттерінің жойылуына әкеліп соғатын құрылымының өзгеруі денатурация деп аталады. 
Денатурация процесі төмендегідей денатурациялаушы агенттер әсерінен туындауы 
мүмкін: 
1. Температураның 42°С-тан жоғары көтерілуі белок молекуласындағы сутектік және 
гидрофобтық байланыстарды үзеді;
2. Қышқылдар мен негіздер белок зарядын өзгертіп, полярлы байланыстарға әсер 
етеді; 
3. Органикалық еріткіштер гидрофобтық байланыстарға әсер етеді; 
4. Мочевина және гуанидин белок молекуласында көптеген сутектік байланыстар 
түзеді, осының салдарынан белоктың құрылымы өзгереді. о 
5. Ауыр металдың тұздары белок молекуласының зарядын өзгертеді, себебі әлсіз 
байланыстарды үзеді;
6. Ультракүлгін сәуле әсерінен болады;
7. Тиолды қосылыстар дисульфидті көпіршелерді тотықсыздандыру арқылы үзеді. 


28 
Денатурациялаушы агенттер үшінші реттік, тіпті екінші реттік құрылымды түзетін 
байланыстарды да үзеді. Денатурацияланған белок ферменттер әсерінен оңай ыдырайды, 
себебі пептидтік байланыспен ферменттің жанасу аймақтары ұлғаяды. Денатурация кей 
жағдайларда қайтымды болады. Ол кезде денатурациялаушы агенттің әсерін тоқтатқанда 
немесе концентрациясын азайтқанда, белок өзінің активті күйіне қайта келеді. Яғни, 
ренатурация жүреді.
19. Белоктардың жіктелуі.
Белоктар құрылысына қарай екі топқа бөлінеді: жай белоктар – протеиндер және күрделі 
белоктар – протеидтер. Протеиндер тек амин қышқылдарының қалдықтарынан тұрады.
Протеидтер жай белоктан және белок емес бөліктен тұрады. Белок емес бөлігін простетикалық 
топ деп атайды. Жай белоктардың өкілдері: альбуминдер, глобулиндер, гистондар, 
протаминдер, склеропротеиндер. Күрделі белоктарды жіктеу простетикалық тобының 
химиялық құрылысына негізделеді. Оларға: фосфопротеидтер (фосфор қышқылының 
қалдығы бар), хромопротеиды (простетикалық тобы – боялған зат), гликопротеидтер 
(көмірсулар бар), липопротеидтер (липидтер бар), металлопротеидтер (құрамында металдар 
бар), нуклеопротеидтер (құрамында нуклеин қышқылдары бар). 


29 
Áåëî êòàð 
æàé
êóðäåëi
êóðàì û áî éû í ø à
1. ô î ñô î ï ðî òåèäòåð
2. ãëèêî ï ðî òåèäòåð
3. õðî ì î ï ðî òåèäòåð 
4. ì åòàëëî ï ðî òåèäòåð 
5. í óêëåî ï ðî òåèäòåð 
6. ëèï î ï ðî òåèäòåð
ãëî áóëÿðëû
ì î ëåêóëà ï iø ií i
áî éû í ø à
Áåëî êòàð 
ô èáðèëëÿðëû
1. àëüáóì èí äåð
2. ãëî áóëèí äåð
3. ãèñòî í äàð
4. ï ðî òàì èí äåð 
Áåëî êòàð 
ñóäà åðèòií
ñóäà åðiì åéòií (cêëåðî ï ðî òåèí äåð)
ñóäà åðiãiø òiãií å 
êàðàé
1. ì èî çèí
2. àêòèí
3. ô èáðèí î ãåí
1. êî ëëàãåí äåð
2. ýëàñòèí äåð
3. êåðàòèí äåð
Алайда, белоктардың бұл жіктелуі шартты түрде, себебі іс жүзінде жай белокқа жататын 
белоктардың көпшілігінде табиғаты белок емес заттар аз мөлшерде кездеседі. Күрделі 
белоктарды жіктеуде белок емес бөлігі ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет