Биохимия кафедрасы


витамині (пантотен қышқылы), химиялық табиғаты, биологиялық маңызы



Pdf көрінісі
бет62/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   76
5
витамині (пантотен қышқылы), химиялық табиғаты, биологиялық маңызы, 
авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. 
Химиялық табиғаты. Пантотен қышқылының молекуласы бір-бірімен өзара амидтік 
(пептидтік) байланыс арқылы байланысқан Д-2,4-дигидрокси-3,3-диметил май қышқылынан 
және -аланиннен тұрады. 
 
 
 
СН
3
 – ОН 
І І 
НО-СН
2
- С -- СН – СО – ΝН – СН
2
 – СН
2
 – СООН 
І
СН
3
Биологиялық маңызы. Жасушаларда пантотен қышқылы ацилтрансферазалардың 
коферменттерінің синтезіне жұмсалады, демек HSKoA құрамына кіреді. HSKoA көптеген 
биохимиялық үрдістерге: сірке қышқылын және жоғары май қышқылдарын активтеуге
кетоқышқылдарының тотығудан декарбоксилдену реакцияларына қатысады. Май 
қышқылдарының, 
ТАГ, 
ФЛ, 
стероидты 
гормондардың, 
гемоглобин 
гемінің, 
ацетилглюкозаминдердің, ацетилхолиннің синтезінде маңызды роль атқарады және бөгде 
заттарды бауырда залалсыздандыруға жұмсалады.
Авитаминозы. В
5
витамині жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері: дерматиттердің, 
ішкі секреция бездерінде (мысалы, бүйрекүсті бездерінде) дистрофиялық өзгерістер, шаш 
ағаруы (депигментация), шаш түсуі (алопеция), тәбеттің нашарлауы, жүдеу. Пантотенат 
мөлшерінің қанда төмен болуы басқа гиповитаминоздармен (В
1
, В
2
) қатар байқалады. Бұл 
жағдайда гиповитаминоздардың біріккен формасы (полигиповитаминоз) көрініс береді. 
Табиғатта таралуы. Пантотен қышқылы өсімдіктерде, микроорганизмдерде 
синтезделеді, ол көптеген жануар текті және өсімдік текті тағамдарда (жұмыртқа, бауыр, ет, 
балық, сүт, ашытқы, картоп, сәбіз, бидай, алма) кездеседі. Адам ішегінде ішек таяқшалары 
пантотен қышқылын өте аз мөлшерде синтездейді.
10. В


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет