Биохимия кафедрасы


активті алмасу формалары, биологиялық әсері, авитаминозы, гипервитаминозы



Pdf көрінісі
бет70/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76
активті алмасу формалары, биологиялық әсері, авитаминозы, гипервитаминозы, 
тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы. 
Химиялық табиғаты. Д витамині (кальциферол) – стериндердің туындылары (Д
1
Д
7
)
Биологиялық активті формалары Д
2
және Д
3
. витамерлері болып табылады. Д
2
витамині 
(эргокальциферол) эргостериннің туындысы – кейбір саңырауққұлақтарда, ашытқыда, өсімдік 
майларында кездесетін өсімдіктер стероиды. Тағам өнімдерін ультракүлгін сәулелермен 
(УКС) сәулелендіргенде эргостериннен емдік мақсатта қолданылатын Д
2
витамині түзіледі. Д
3
витамині адам терісінде УКС әсерінен 7-дегидрохолестериннен түзіледі.
Биологиялық ролі. Адам организмінде Д витамині бауырда және бүйректе 25 және 1 
орындарда С витаминінің қатысуымен гидроксилденіп, биологиялық активті қосылыс 1,25-
дигидрооксохолекальциферолға (кальцитриол) айналады. Кальцитриол Са
2+
мен фосфаттардың 
реттелуіне қатыса отырып, гормональдық қызмет атқарады, ішекке кальцийдің сіңірілуін, сүйек 
тінінің кальцийленуін, бүйрекке кальций мен фосфаттардың реабсорбциялануын стимулдейді. 
Са
2+
концентрациясы төмендегенде кальцийдің сүйектен шығуын стимулдейді. Кальцитонин 
сүйек кемігінің жасушаларының өсуі мен дифференциациясын реттеуге қатысады. Ол 
антитоксикалық және антиканцерогенді әсер көрсетеді.
Авитаминозы. Д витаминінің авитаминозы балаларда рахит ауруына шалдықтырады. Бұл 
кальцийдің жетіспеушілігінен жүзеге асады. Ең алдымен остеогенез бұзылады: аяқ-қол 
сүйектерінің (остеомаляция – сүйектің жұмсаруы нәтижесінде қисаюы), бассүйектің (баланың 
еңбегінің бітпеуі) және кеуде сүйегінің деформациясы, тіс жарудың кешеуілдеуі байқалады. 


99 
Бұлшық еттің гипотониясы (іш ұлғаюы) дамиды, жүйке-бұлшық еттік қозу (сәби басын көп 
қозғалтатындықтан, желке тұсындағы шашы түсіп қалады) күшейеді, сіреспе пайда болуы 
мүмкін.
Ересектерде кальцийдің жетіспеуі кариес және остеомаляцияға, ал қарт кісілерде остеопороз 
(остеосинтездің бұзылуына байланысты сүйек тінінің тығыздығының төмендеуі) байқалады. 
Сүйектің бейорганикалық матриксінің бұзылуы Д витаминінің тапшылығы сүйек тінінен 
кальцийдің шайылуының күшеюімен және бүйрек каналдарында кальций реабсорбциясының 
бұзылуымен түсіндіріледі. 
Гипервитаминозы. Д витаминін шамадан тыс қолдану сүйектің деминералдануына, 
олардың сынғыштығына әкеледі. Қандағы кальций мөлшері артады. Бұл жұмсақ тіндердің
әсіресе бүйректің кальцийленуіне (бүйректе тастың пайда болуына, бүйрек қызметінің 
жеткіліксіздігіне) әкеледі. Сонымен қатар өкпе, жүрек, қан тамырларының қабырғаларында 
артық мөлшерде жиналуы байқалады. 
Табиғатта таралуы. Д витамині көп мөлшерде жануар текті тағамдарда: сары майда, 
жұмыртқа сарысында, балық майында кездеседі. 
18. Е витамині (токоферол), химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет