Биохимия кафедрасы



Pdf көрінісі
бет61/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76
 
7. В

витамині, химиялық табиғаты, биологиялық маңызы, авитаминоздары, 
табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. 
Химиялық табиғаты. Рибофлавин молекуласы рибитол спиртімен байланысқан 
изоаллоксазин сақинасынан тұрады. Рибофлавин – суда нашар еритін сары түсті кристалл. 
Биологиялық 
функциясы. 
Ішектің 
кілегей 
қабатына 
сіңірілгеннен 
кейін 
флавинмононуклеотид (ФМН) және флавинадениндинуклеотид (ФАД) коферменттерінің 
түзілуіне қатысады: 
Рибофлавинкиназа ФМН-аденилтрансфераза 
Рибофлавин ФМН ФАД 
АТФ АДФ АТФ Н
4
Р
2
О

ФМН және ФАД коферменттері тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысатын флавин 
ферменттерінің құрамына кіреді. 


89 
Авитаминозы. В
2
витаминінің жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері: жас организмнің 
өсуінің тежелуі, ауыз қуысының кілегей қабатының қабынуы, еріннің айналасында ұзақ уақыт 
жазылмайтын сызаттардың пайда болуы. В
2
витаминінің авитаминозы кезінде көздің 
шырышты қабығының қабынуы: конъюктивиттер (қарық), көздің қасаң қабығының 
тамырлануы (васкуляризациясы), катаракта, сонымен қатар бұлшық ет пен жүрек бұлшық 
етінің әлсіздігі байқалады.
Табиғатта таралуы. Рибофлавиннің негізгі көзі: бауыр, бүйрек, тауық жұмыртқасының 
сарысы, ірімшік. Ашыған сүтте жаңа сауылған сүтпен салыстырғанда витамин көбірек 
болады. Мейізден басқа өсімдік тағамдарында В
2
витамині аз кездеседі, аталған витамин 
тапшылығы ішек микрофлорасы арқылы толықтырылады. 
8. РР/В
3
витамині (никотин қышқылы, никотинамид), химиялық табиғаты, 
биологиялық маңызы, авитаминоздары, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. 
Химиялық табиғаты. Никотин қышқылы пиридин-3-карбон қышқылы, никотинамид – 
оның амиді болып табылады. Организмде екі қосылыс та бір-біріне оңай айналатындықтан, 
бірдей витаминдік активтілік көрсетеді. РР витамині суда нашар ериді, ал сілтілердің судағы 
ерітіндісінде жақсы ериді. 
Биологиялық 
ролі. 
Организмде 
никотинамид 
пиридин 
ферментттерінің 
(дегидрогеназалардың) коферменттері – никотинамидадениндинуклеотидтің (НАД) және 
никотинамидадениндинуклеотидфосфаттың (НАДФ) құрамына кіреді. НАД глюкозаның, май 
қышқылдарының, глицериннің, амин қышқылдарының және сукцинатдегидрогеназадан басқа 
дегидрогеназалардың коферменті. Аталған реакцияларда кофермент электрондар мен 
протондардың аралық акцепторы қызметін атқарады. НАДФ холестерин, стероидты 
гормондар және басқа заттардың алмасуында протондар мен электрондарды тасымалдау ролін 
атқарады. НАФН
2
– антибиотиктерді және басқа да бөгде заттарды детоксикациялау қызметін 
атқаратын микросомалды тотығудың монооксигеназды тізбегінің комплексінің құрамына 
кіреді. НАД, НАДФ – энергия алмасуы, соның ішінде Кребс циклі, сонымен қатар 
глюконеогенез реакцияларының ферменттерінің аллостерикалық реттеушілері. 
Авитаминозы. РР витамині жеткіліксіздігі «пеллагра» ауруына әкеледі. Бұл ауруға 3 белгі 
тән: дерматит, диарея, деменция («3Д» ауруы). Пеллагра кезінде күн сәулесінен қорғанбаған 
терінің симметриялы аймақтарында дерматит, ас қорыту жолдарының бұзылысы (диарея) 
және ауыз бен тілдің кілегейлі қабықтарының қабынған түрдегі зақымдануы байқалады. 
Пеллаграның ауыр көріністерінде орталық жүйке жүйесінде бұзылыстар (деменция) – есінен 
айрылу, галлюцинация және сандырақ байқалады. 


90 
Табиғатта таралуы. Никотин қышқылы өсімдіктер мен жануарлар организмінде кең 
таралған. Адам үшін никотин қышқылының көзі күріш, нан, картоп, ет, бауыр, бүйрек, сәбіз 
және т.б. болып табылады. 
9. В


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет