№ 1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ 1.Тақырыбы: Нәруыздардың жалпы қасиеттері. Қауіпсіздік техникасы. Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жалпы қасиеттері: нәруыздардың жоғары молекулалық массасы, көлемінің үлкен әрі белгілі бір пішінде болуы, элементтік құрамының біркелкілігі, құрылысындағы жалпы ұқсастық, ыдырау өнімдерінің жалпы табиғаты. Нәруыз молекуласындағы байланыс түрлері. Амин қышқылдарының жіктелуі, өкілдері және ролі. Нәруыз зарядының орта рН-на және амин қышқылдық құрамына тәуелділігі (нәруыздардың амфотерлігі). Нәруыздарға және жеке амин қышқылдарына түсті реакциялар.
2. Мақсаты:
Биохимияның басқа да тарауларын оқығанда және оқу ғылыми жағдаяттарды шешуде студенттерде нәруыздардың атқаратын қызметтері мен жалпы қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері. Сабақтың соңында студент қабілетті болады: Нәруыздардың атқаратын функцияларын қарастыру және нәруыздарға (қасиеттеріне) жалпы сипаттама беруге.
Жай және күрделі нәруыздардың жеке өкілдерін оқып-білуде нәруыздардың жалпы қасиеттері және қызметтері туралы алған білімдерін интерпретациялауға.