Биохимия кафедрасы


К витамині (нафтохинондар, антигеморрагиялық витамин), химиялық



Pdf көрінісі
бет75/79
Дата20.10.2023
өлшемі1,68 Mb.
#119857
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
К витамині (нафтохинондар, антигеморрагиялық витамин), химиялық 
табиғаты, билогиялық ролі, авитаминозы, табиғатта таралуы.
Химиялық табиғаты.
 
К витаминінің бірнеше формалары белгілі, химиялық табиғаты 
бойынша бұлар бүйір изопреноид тізбектері бар хинондар. Өсімдіктерде филлохинон (К
1
), 
ішек микрофлорасының жасушаларында менахинон (К
2
).
 
Биологиялық ролі.
К витамині қан ұю үрдісіне қатысады. Ол қан ұю факторларының: 
протромбиннің (ІІ фактор), проконвертиннің (VІІ фактор), Кристмас факторының (ІХ фактор) 
және Стюарт факторының (Х фактор) активтенуіне қатысады. Аталған белоктық факторлар 
активсіз алғы заттар түрінде синтезделеді. К витамині γ-глутамилкарбоксилазаның коферменті 
болып табылады. Бұл фермент глутамин қышқылын карбоксилдеп, кальций байланыстырушы 
белоктардың қызмет атқаруына керек кальций байланыстырушы амин қышқылына жататын γ-
карбоксиглутамин қышқылын түзеді
Авитаминозы.
К витаминінің авитаминозының негізгі белгісі – қан кету, бұл организмнің 
өлуіне әкеп соғады. К витаминінің остеосинтезге қатысуына байланысты оның 
жетіспеушілігі остеопороздың дамуына әкеледі. 
Табиғатта таралуы.
К витамині ішек микрофлорасында синтезделеді. К витмаинінің 
көзі өсімдіктер (орамжапырақ, көк томаттар, шпинат, тамыржемістілер, рябина жидектері, 
жемістер). 
20. 
Витаминтәрізді заттар, жіктелуі, өкілдері.
Витаминтәрізді заттар – 
жануарлар мен адамның тіндерінде синтезделетін, олардың 
жетіспеушілігі кезінде авитаминоз белгілері байқалмайтын қосылыстар. Дегенмен, бұл 
қосылыстардың жеткіліксіз түзілуі адам мен жануарлар организміндегі заттар алмасуының 
бұзылуына әкеледі. Олар екі топқа жіктеледі: 
 

суда еритін 
(холин, инозит, липой қышқылы, карнитин, орот қышқылы, пангам 
қышқылы, Ѕ-метилметионин, парааминобензой қышқылы);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет