Зертханалық сабақ тақырыбы: Белок тізбегін салыстыру арқылы түрлердің эволюциялық туыстық байланысын анықтау (жарқанат, құс, сүтқоректі)
Оқу нәтижелері:
UnitProtKB сайтында жарқанат, құс және сүтқоректілер α –гемоглобин және β -гемоглобин ақуыздарының аминқышқылдық тізбегін жүйелі іздейді;
CLUSTALW сайтын түрлі ағзалардың гемоглобин ақуызы амин қышқылдық тізбегі арасындағы реттілік ұқсастықтарын іздеу және туралау аймақтарын көрсету үшін пайдаланады;
SWISSPROT дерекқорынан алынған тірі ағзалардың гемоглобин ақуызына арналған аминқышқылдарының реттілігі бағалайды;
CLUSTALW сайтында филогенетикалық ағашты талдайды және бағалайды.
Зертханалық сабаққа арналған тапсырмалар:
Жарқанаттардың, құстардың және сүтқоректілердің гемоглобин белогының ретін салыстырыңыз. Жұмысыңызды альфа-гемоглобинмен немесе бета-гемоглобинмен орындағыңыз келетінін шешіңіз. Бұл жануарлардың қан айналымы жүйесінде оттегін тасымалдайтын екі ақуыз тізбегі. Бұл ақуыздардың екеуі де көптеген түрлерде кеңінен зерттелген және бірдей жақсы жұмыс істеуі керек. Немесе сіз серіктеспен жұмыс істеп, серіктестік іздеулермен айналысқыңыз келуі мүмкін, біреуі α-гемоглобинмен, екіншісі β- гемоглобинмен іздейді. Жаттығудың соңында сіз әртүрлі белоктардың жарқанаттар, құстар және сүтқоректілер түрлері арасында бірдей эволюциялық қатынасты көрсететінін анықтау үшін нәтижелерді бір-біріңізбен салыстыра аласыз.